Лекция тақырыбы: Қазақтың тарихи прозасы


Сұрақтар: Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жанрлық жаңалықтар? Қандай жас прозашыны білесіз? Негізгі әдебиет



бет11/20
Дата24.12.2021
өлшемі72,09 Kb.
#104805
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс)
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), Абай Құнанбаев өмірі, срсп 3, -9786010403109-9786010403031-9786010402539 convert compress
Сұрақтар: Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жанрлық жаңалықтар?

Қандай жас прозашыны білесіз?



Негізгі әдебиет: Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9т. 10т. А. ҚазАқпарат, 2005.

Р.Рүстембекова. қазіргі қазақ әңгімелері. А.1988.

Р.Нұрғали. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана. Күлтегін, 2002.

Әдебиеттану терминдер сөздігі. А. Ана тілі,1998.



Қосымша әдебиет: О.Бөкеев. Естеліктер, эсселер және мақалалар. А, 2000.

Р.Сыздықова. Оралхан. А, 2000.



З.Серікқалиев. Жылдар сазы. А,1971.

Лекция тақырыбы: Қаіргі қазақ лирикасы.

Лекция мақсаты:Қазіргі қазақ әдебиеті кезеңіндег лирика жанрының көркемдік әлемі, дәстүр және жаңашылдық.

Поэзия туындыларының көркемдік қуатымен жұртшылық ішіне кең таралып, үлкен ықпалға ие бола бастауы алпысыншы жылдардың белесінде басталды. Бұл бірншіден қазақ поэзиясының ұшқарлануынан туса, екіншіден қазақ халқының өлең сөзге деген құштарлығының да әсері болды. Жас ақындар шығармалары жүйелі көп жарық көре бастады. Олардың туындыларын оқып, бағалау, қолдау дәстүрі туды. Жаңа есім, жас ақындардың шығармаларының басын қосқан арнаулы кітаптар шықты. Осындай үлгіде құрылған «Жырға сапар» 1960, «Жас дәурен» 1962 секілді кітаптар көптеген таланттардың бетін ашты. Жас ақындар шығармаларынан ортақ жинақтар жариялау «Жас керуен», «Көктем тынысы», «Бес қоңырау», «Қарлығаш» т.б ақындық өнердегі тұсаукесер рәсімін жасау тоқсаныншы жылдарға дейін жалғасты. Олардың көбі бүгінде халыққа танымал Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев, Е.Ибрагим, Ш.Мұхамеджанов, М.Мақатаев, А.Абайділданов, І.Мәмбетеов т.б. Көп ұзамай бұл үрдісі қазақ өлеңіндегі келесі толқынның тырнақ алды, таңдамалы туындыларын арнайы жинақтарда жариялаумен ұштасып, әдеби – баспагерлік дәстүрге айналды. Алпысыншы жылдар соңы мен жетпісінші, сексенінші жылдардағы «Тұңғыш кітап» сериялары сол бастаманың жалғасы болатын. Ө.Нұрғалиев, Ф.Оңғарсынова, Қ.Баянбаев, Б.Әбдіразақов, О.Иманәлиев, Қ.Жұмағалиев, Ә.Нілібаев т.б. – қазіргі белгілі қаламгерлер осы тұңғыш кітап сериясымен шығармаларын оқырманға жеткізіп, түлеп ұшқандар. Осы кезеңдегі қазақ әдебиетінің шығармашылық жолын түрліше сипаттаған екі белеске бөліп саралауға болар еді. Яғни, елуінші жылдардың соңғы ширегі мен алпысыншы жылдырдың бастапқы тұсында басталған рухани серпілістің, Кеңес әдебиетінің тарихында «жылымық» деп аталаған кезеңдегі жаңығур, қайта өрлеу жылдары туғызған жырлар мен «дамыған социалистік қоғамның» тоқырау тұсындағы «тартыссыз әдебиет дәуірі». Ал сексенінші жылдардың орта тұсында басталған қайта құру, жариялылық кезеңіндегі шығармашылық ізденістер мен тың тебіреністер екі ғасыр арасындағы қазақ поэзиясының ауыспалы кезеңіндегі серпілісті толғамдарға жол ашты. Алпысыншы жылдардағы «жылымық» солай ұлттық поэзия тынысынды негізінен екі қуатты толқынды тоғыстырды. Саяси цензура құрсауынан құтылған жырлардың екінші өмірі соғыстан соңғы ірі талант иелерінің поэтикалық шамырқанысты ізденістеріне жалғасты. Соғыс қасіреті мен адам тағдырын лирикалық өлеңдерінде тереңнен тебірене жырлап, поэзиялық шеберліктің таңғажайып шеберлігіне көтерілген Қ.Аманжоловтың ақындық мектебі қатарлас қаламдастарына да, ізін баса өкшелеей шыққан кейінгі жас толқынға да ерекше әсер етті, өзінен кейінгі қазақ өлеңінің көркемдік әлемінде үлкен дәстүр қалыптасытрып, мектеп ашты. Кейін кезең – кезеңдерде жарқырап көрінген Ізтай, Қадыр, Тұманбай, Сағи, Мұқағалилар – Қасым мектебінің өркендері, өзіндік дара ақындық тұлғаларымен бірге Қасым рухын жалғастырушылар. Осы дәуірде қасым мектебінен өткен Сырбай Мәуленовтың қысқа сюжетті өлеңдері мен шағын көлемді балладалары, лирикалық тебіреністері өз өрнегімен, ішкі сезім қуатымен ұлттық лириканың көп қырлы шеберлігін анық танытты. Осы кезеңдер белесінде қазақ өлеңінің тақырып аясы мейілінше кеңейді, мазмұндық өрісі де өркендеді. Ауыл суреттерінен бастап, қала, өндірістің түрлі әлеуметтік психологиялық мәселелеріне дейін, этнографиялық өрнектерді де қамтыған өлеңдер көп жарық көрді. Еуропа, Ресей әдебиеттерінде ағым ретінде көрініс тауып, әжептәуір ілгері дамыған урбанизация тасқыны қазақ поэзиясын да жатырқамады. Әрине, ол шығармалардың көркемдік деңгейі, поэтикалық бітімі әртүрлі дәрежеде болғандығы да шындық. Сондай – ақ, Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемелері мен адамның жер орбитасына ұшып шығуы бүкіл дүние әдебиетінде, қазақ жырында тамаша пафосты тебіреністер туғызды. Олардың ішінде шоқтығы биік тұрған Олжас Сүлейменовтің орыс тілінде жазылған «Адамға табын, Жер, енді!» поэмасы 1961 жылы көкек – мамыр айларында жазылып, аз уақыт ішінде дүние жүзіне әйгіленді. Олжас қазақ эпостық жырларының асқақ рухында толғаған бұл талантты шығармасын, лирикалық жырларын сол жылы Мәскеуде, Парижде, Америкада жатқа оқыды. Көлемді, ұзақ–сонар поэманы жатқа оқу Еуропа, орыс әдебиеті оқырмандары үшін таңсық көрініс еді, оларда бұрын–соңды кездеспеген үрдіс болатын. Мұның өзі әйгілі қазақ жырауларының таңды–таңға ұрып жырлайтын ұлы дәстүрінің ұшқынындай әсер етті. Ұшқыр қиялмен адамзаттың замануй жаңалығына жедел үн қатып, қазіргі заманғы жаңашыл плэзия дәстүрін меңгерген ақынның поэмасын қазақ жырымен, қазақ эпосының көркемдік қасиеттерімен ұштастыра алуы бұл шығарманы ерекше бітімді кемелділік биігіне көтерді. Әрине, Абай, Қасым сынды қазақ өлеңінің ұлы тұлғаларының ұлттық бояуы қалың шығармаларының қуатты дәстүрі өз алдына бөлек тұрады. Ал Олжас ақынның қазіргі заман поэзиясына тән көркемдәк ерекшеліктер мен стилистиканы терең игере отырып, жаңашылдықпен байытуы, орыс өлеңі мен қазақ жырының арасындағы поэтикалық рухты қисынды да таланттылықпен ұштастыруы біртуар дарынға ғана бұйырған жемісті ізденіс еді. Бұл – бір жағынан интеллектуалды поэзияға тән жаратылыстың көрінісі. Олжастың соңынан еліктеушілер көп болғанымен, ойлау жүйесі, дүниетанымдық көзқарас, поэтикалық стилі аса күрделі, барынша дара, қатпары мол ақындық құбылысты қайталау да, игеру де оңайға түспеді. Оның туған әдебиетіміздің , қазақ жырының дәстүрінен нәр алып, ұлттық поэтикалық мектептің бай қасиеттерін бойына сіңіріп, ең әуелі содан бүр жарғаны анық. Қазақтың батырларына тән күмбірлеген асқақ екпін, еркіндік рухы, Махамбет жырларына тән қайсарлық пен өжеттік, Абай поэзиясының тереңдігі мен ойшылдығы, сыршылдығы осының бәрі де Олжастың көркемдік әлемінің алтын тұғырлары, бесік жыры. Ақынның шығармашылығында алғашқы туындыларынан бастап аңғарылатын ерекше қасиеті – бейнелі тілмен бірге, бедерлі, салмақты айшықтар мен поэтикалық кескіндемелердің молдығы. Мысалы: «Буырқанған бурадай жалбыр шашты еркектер» /Алмалар/, «Құмды кезіп қарқ – қарқ күлген жалаңаяқ бөрілер», «Бозғылт түсті сексеуілдің қаңқасы», «Шыт–шыт сынған шөл даланың кеудесі», /Шөлдегі түн/, «Ен даланы биіктетсек, тауларды да қорламай», /Разлив/, «Ер үстінде туып едім, өлер ме екем кісенде», «Алқымдағы жүрегім, уы зәрлі жыландай», «Мен жалаңаш қылышпын», «Додалайды бір–бірінің түбітін, еріккен көп төбеттер», «Ал, ай, шіркін, таба нандай ең соңғы» /Батыр Мәмбеттің өлер алдындағы сыйынуынан/... Осы теңеулер мен кестелі жыр өрнектерінің қай–қайсысынан да ақынның өзіндік интеллектуалдық қолтаңбасын танымау мүмкін емес. Тұманбай мен Қадырдың, Мұқағали мен Төлегеннің де жырқұмар қауымның көңілінен орын алып, кең таралған тұсы осы кезең. Жас Төлеген қазақ өлеңінің ырғағы мен сазына стилистикалық, метрикалық жаңалық қосты. Қарақалпақ, ежелгі ноғайлы жыраулары тебіреністерінің көркемдік өрнектерін қазіргі қазақ поэзиясының толғамдарымен тұтастыру, әуездік – ырғақтықта, түрлік – өлшемдік те синтез өзгеше соны, ерекше табиғи стильді бітімді қалыптастырды. Бұлар сол тұстағы қазақ поэзиясының даму заңдылықтарынан туындаған көркемдік соны леп, жаңалықтар. Т.Айбергенов өлең, толғауларында жиі көрінген шығыс поэзиясына тәне көп буынды өлшем алпысыншы жылдардың соңында, жетпісінші жылдарда қазақ поэзиясында анық байқалған түрлік ізденіс үлгісі. Он үш, он алты буынды өлшеммен жазылған өлеңдер ұлттық поэзияның метрикалық нышанына айналды. Көп буынды өлшем көбінесе ақ өлең, еркін өлең үлгісімен де ұштасып кетіп отырды. Бұл тұста өзінің әділ бағасын ала – алмаған ақындар да бар, мысалы: С.Жиенбаев, Ө.Нұрғалиев, Ә.Абайділданов, Ә.Дүйсенбиевт.б. Қазақ поэзиясының белгілі тұлағалары І.Мәмбетов, Н.Шәкенов,Қ.Ыдырысов, Ә.Абайділданов, Ш.Мұхамеджанов, Е.Ибрагим, С.Асанов, Ф.Оңғарсынова, М.Айтхожина, А.Бақтыгереева тағы басқа әр жылдарда шыққан ақындар шығармалары әдебиетте өзіндік беталыс туғызды. Жалпы осы кезең өлеңдеріне тән ерекшелік қысқалық, ықшам да ұтымды ой түю, ұлттық тақырыпты түрлендіріп байытуға ұмтылу, ұлттық рухты күшейтіге талпыныс, троптардың күрделі бітімді бейнелілігі мен нақтылығы жырдың жаңа кезеңінің басты сипаттарына айналды. Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың шығармашылық ізденістері өткен ғасырдың соңғы ширегінде жан – жақты көрінді. 70 – 80 жылдардағы қазақ поэзиясының стилистикасына әкелген өрнек бірден көрінді. Әдеттегі классикалық өлең үлгісіндегі шығармалардың үстіне ақын ағыл – тегіл ақтарылған толғау арнасындағы тегеурінді термелеудің заманға лайықты жаңашыл түзілімін қосты. Ақ өлеңнің арындылығы мен өлшемді поэзияның тоғысында туғандай көрінген толғамдар еркін оқылып, санаға тез сіңіп жатты. Бұл ішкі тебіреністер ақынның қазіргі заманғы өлең өрнегінде ашқан жаңалығы еді. Жастық шақ толғамдарында, махаббат лирикасында ақын Ф.Оңғарсынова өзгеше өрнекті кесте қосты. Тоқсаныншы жылдардың алғашқы жартысында сюжетті өлеңнің майталман шеберінің бірі ретінде көрінген С.Иманасов, әсіресе, әлеуметтік өткір ойларға батыл баруымен де қалың оқырман көңіліне жол тапты. «Қазақстаным менің» атты әнге құрынырақ жазылған өлеңі1986 жылғы желтоқсаннан бастап қайта түлеп, мағыналалық жағынан тереңдеп, жаңғырып, тың тыныс тапқан шығарманың авторы – ақын, Қазақстан сыйлығының лауреаты Ж.нәжімеденовтің күрделі ізденістері мен өзіндік сипаты басым поэзиялық әлемі шын мәнінде өзгеге ұқсай бермейтін тереңдігімен бағаланады. Жұмекен философиялық лирика, баллада, поэма жанрларында талантты шығармалар берді. Жұмекен тарихи тұлғалар мен тақырыптарды ашатын күрделі психологиялық коллизияларға барған, поэзиялық шығарма стилистикасына өзгешелік әкелген ақын. Осы кезеңдерде әнге жазылған өлеңдер, композиторлар мен ақындардың шығармашылық әріптестігінен туындаған ән сөздері жиі, тартымды жазылып, поэзия жанрының түрлене дамуына ықпал етті. Ән сөздерінің айтулы шеберлерінің өркенді дәстүрі /М.Әлімбаев, Ж.Әбдрашев, Т.Медетбековтер де осы тұста көрінді. Алғашқы өлеңдер жинағы «Іңкәр дүние» 1972 жылы жарық көрген К.Мырзабековтің балладалары, сюжетті лирикалық жырлары көркемдік ізденістерімен бірге күрделі әлеуметтік, азаматтық проблемаларға ашық та батыл үн қатуымен ерекшеленеді. Оның өлең ырғағына , өлшеміне әкелген өз нәшіні бар. Ол ұлттық тақырыптарға сол кездерде батыл баруымен бірге, қазақы тұрмыс суреттерін, ауызекі сөйлеу мәнерін еркін де ұтқыр қолданды. Халық поэзиясының тұрмыс – салт жырларының ел ішіндегі сақталған әдемі кестелерін жарасымда жаңғыртты. Жетпісінші, сексенінші жылдарда алғашқы кітаптары жарық көрген жас толқын өкілдері Н.Айтов, Ш.Сариев, А.Егеубаев, И.Сапарбаев, Ж.Ерманов, И.Оразбаев, Д.Стамбеков,Е.Раушанов,Ұ.Есдаулетов т.б. көптеген жас ақындар шығармашылығы поэзиядағы сан – салалы шеберлік, көркемдік ізденістерді анық көрсетіп берді. ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ өлеңі түр мен мазмұн жағынан байып, дәстүрді жаңашыл сипаттармен жаңғыртқаны даусыз. Өлеңнің мүмкіндігі, қоғамдық – әлеуметтік мәні артты. Ежелден жалғасқан өлең өрнектеріне еуропалық, орыс поэзиясының да сипаттары шығармашылықпен ұтымды қосылды. Бұл Еуразия кеңістігенде басқалармен тең тұрған қазақ әдебиетінің тарихи даму жолының ьасты шарттарынан туындаған ілгерішіл сипаттар. 1956 – 1990 жылдардағы қазақ өлеңі ұлттық поэзияның жазба әдебиеттегі басты жанрларының біір ретінде әрі уақыт сазын тез де терең пайымдайтын жанр ретінде күрделі даму белесін өтті. Ол көркемдік шеберлік, түрлік, мазмұндық тұрғыдан өсті. Сонымен қатар уақытқа тән саяси – науқандық кедергілер, социалистік тоқырау заманының зардаптары да әсер етпей қалған жоқ. Әйтседе әдеби деректер мен шығармалар қазақ өлеңінің осы кезеңде кедергі, тежеулерге қарамастан талантты, қажырлы ақындар ізденістері арқылы шарықтап өскендігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет