Лекция тақырыбы: Қазақтың тарихи прозасы


Сұрақтар: О.Бөкеев повестерінің идеясы? Қазіргі қазақ жазушыларының повестерін талдаңыз? Негізгі әдебиет



бет9/20
Дата24.12.2021
өлшемі72,09 Kb.
#104805
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс)

Сұрақтар: О.Бөкеев повестерінің идеясы?

Қазіргі қазақ жазушыларының повестерін талдаңыз?



Негізгі әдебиет: Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9т. 10т. А. ҚазАқпарат, 2005.

Әдебиеттану терминдер сөздігі. А. Ана тілі,1998.



Қосымша әдебиет: Ә.Әзиев. Қазақ повесі.А,1989.

Лекция тақырыбы: Қазіргі қазақ драматургиясы.

Лекция мақсаты: Драма жанрының табиғаты, түрлері. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі драмалық шығармаларды және шығармагерлерді таныту.

Драматургия мен театр тарихына ой жүгіртсек, қоғамның даму асуларындағы күрделі оқиғалар мен шытырман тартыстар көптеген шынайы драмалық шығармалардың көркем – идеялық желісі болып тартылғанын көреміз. Бүгінгі таңда да қоғам өмірінде үлкен саяси қопарылыстар, қайталанбас әлеуметтік өзгерістер жүріп жатыр. Эстетикалық критерилердің өзі тапжылмай бір жерде тұрып қалмай, олар да өзгеріске түсуде. Солардың даму үрдісіндегі жаңаның енді көріне бастаған білінер – білінбес эстетикалық үлгілері бірте – бірте толығып, толыса келіп, жаңа өнерді, өнер теориясын жасайтыны даусыз. Драматургия жанрының дамуына негіз болатын қоғам тірлігіндегі сырт көзге шалына бермейтін қайшылықтар мен талас – тартыстар диалектикалық қозғалыста болатыны да белгілі. Заман болмысына қарай драматургиялық тартыс та өзгеріске түсіп, құбылып отыратынын нақты шығармалардың көркемдік сипатынан аңғаруға болады. Драматургия жанрларының ішінде өмірге айырықша жақын түрі – трагедия, өйткені бұл формада тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат тартыстар, құштарлықтар мен сезімдер шайқасы, ойл – ар мен идеялар қақтығысыерекше зор пафоспен, әрі реалистік тереңдікпен бейнеленеді. .Трагедияның ең басты ерекшелігі трагедиялық тартыста көрінеді. Трагедиялық конфликт кейіпкердің тарқтан азабы мен өліміне де сабқтас. Бұл – қосалқы сырт сипаттардың бірі. Ал трагедиялық тартыстың өзегі әлеуметтік – тарихи, қоғамдық – саяси қабырғалы күштердің шайқасында жатыр. Бұл қақтығыста кең құлаш, қоғамдық мағына, философиялық тереңдік бар. Ал комедияның барлық сипаттарын ашып, бұл жанрға түбегейлі анықтама берген зерттеу жоқ. Олай болу мүмкін де емес. Өйткені қашанда сан қырлы, сан әуезді, сан бояулы өмір құбылыстары өнерге ықпалды әсер етіп, жанр кескініне өзгерістер енгізіп, жаңа биіктер, жаңа шекаралар белгілеп отырмақ. Сондықтан біз де комедияның негізгі белгілерін, басты ерекшеліктерін қазақ әдебиетінің тәжірибесіне сүйене отырып анықтаймыз. Тегінде, коммедия кейіпкерлері қатты қиналысқа түсіп, азап – қайғы шекпейді. Бұл ерекшелікті кезінде Аристотель көрсетіп: «күлкілі жайт – ешкімге қайғы әкелмейтін, жанды қинамайтын қайсыбір қателік, қисынсыздық» – деп жазды /Об искусстве поэзии. М, 1957. стр.11/. Тартысты жанр – комедияда характерлер қақтығысы, мінездер шайқасы бірінші қатарға шығады. Трагедия, драмаға қарағанда соны ерекшелік – крмедияда да тартыс бір сенім, бір дүниетанымдағы, бір топ, бір ортадағы адамдар арасында өте береді. Әрине, әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдері шайқасынан туатын комедиялардың болатындығын да ұмытпаған дұрыс. Қазақ драматургиясы жүйесінде драма жанр ретінде трагедия, комедиямен бір мезгілде дүниеге келді. Жалпы, ерекшеліктері жөнінде қазақ драмасы жанрдың дүниежүзі әдебиетіндегі сипаттарының қалыбынан көп ауытқымайды. Күнделікті тұрмыстың әр түрлі құбылыстары драмада жан – жақты бейнеленеді. Сан алуан тартыстар драма қаһармандарын ауыр шайқастарға салып, оның рухани адамгершілік қуатын сынап көреді; алға қойған мақсат, белгілі нысана үшін күресу үстінде адамдар мінезінің неше түрлі қырлары ашылады. Уақыт, заман талаптары әлеуметтік шарттар қалыптастырған нормаларды бұзу, шеңберден шығып, шекарадан өту секілді қаһармандар әрекеті тартысты психологиялық ситуациялар, драмалық жағдайлар тудырады. Тұрмыстың, семьяның, жеке бастың сан қилы қақтығыстарын сюжет арқауы ететін драма гипербола, гротеск секілді көркемдік құралдарды сараң қолданады, оның есесіне дәуір, нақты детальдар, табиғи бояулар бұл жанрдың өмірді реалистік бейнелеуіне көбірек мүмкіндік береді. Драма кейіпкері – көптеген көген көздің бірі, ол ауыр күйзеліс, үлкен сынға түсіп, тіршіліктің қиын бір кезңін басынан өткереді; сол тар жол тайғақ кешуде не күйреп, рухани жүдеп, тозып, тоналып шығады; не жалаң аяқ жар кешіп, маңдайына тас тиіп, сонда да мойымай, басқа түскен таудай ауыртпалықты қайыспай көтеріп, арып – ашып жүріп белге көтеріледі, салқын сабыр иесі болып марқаяды. Ерекше ескеретін бір жайт – драмалық әрекеттің ширақтық сипаты. Қазіргі қазақ драматургиясы өткен кезеңдерге қарағанда тақрып пен оқиға таңдауда, психологиялық толғаныстарды суреттеуде, күрделі характерлер сомдауда өмір болмысын өзінше пайымдауымен, жаңашыл үлгі іздеуімен , реализм әдісін күнделікті тірлік пен тұрмыс – салттық, қиял мен шындық , әдейі әсерлеу мен символдық бейнелеу тәсілдерін тұтас қамтып тануымен ерекшеленеді. Авторлардың драматургиядағы тұрақтылығы театрлар репертуарын үнемі тың туындылармен толықтырып отыруына мүмкіндік туғызады. С.Жүнісов, Ә.Тарази, А.Сүлейменов, Қ.Ысқақ, О.Бөкей, Б.Мұқай, Н.Оразалин, С.Балғабаев, О.Бодықов т.б. ұлттық сахнамен шектелмей, басқа тілдерге аударылып, бұрынғы одақ көлемінде де таныла бастады. Кейбіреулері Одақтық бәйгеге ілініп «Театр», «Современная драматургия» журналдарында жарияланды. Жетпісінші ыжлдардың ішінде жазылып, сахнаға қойылған драматургиялық шығармалардың ішінде бүгінгі шындықтың диалектикалық қайшылығын, адам мен қоғам арасындағы күрделі қарым – қатынасты, ой мен көзқарас, пікір таластарын шынайы суреттеуге талпынысты айқын аңғаруға болады. Драматургияның жаңа туындылары әкелген жаңалықтар театр репертуарына да идеялық өткірлік, көркемдік сипат, эстетикалық тың мазмұн әкелді. Қазақ драматургиясына өзіндік көркем бедері, стилімен келген драматург Ә.Таразидің «Жолы болғыш жігіт» пьесасы идеялық өткірлігімен ерекшеленетін шығарма. Автор мұнда әлі қоғам тіршілігіне ене қоймаған, келешегі мол әлеуметтік құбылыстың төңірегінен өрбитін парасаттылық пен пасықтық, далдық пен арамдық, ақиқат пенжалғандық жолындағы бітіспес тартыстың диалектикалық сырын ашады. Қоғам мен адам тірлігінің мағына – мазмұнын анықтайтын мұндай өткір әлеуметтік құбылысты драматург шынай көрегендікпен суреттейді. Оралхан Бөкей – проза мен драматургияда қатар жұмыс істеп, артына мол мұра қалдырған жазушы. Жазушының бір ерекшелігі – монолог пен диалог құру шеберлігінде. Автор ішкі драматизм мен астарлы ойды пьесаның көркемдік мазмұнын ашуға, өлген адам рухын еске алуды драма тартысын ширатып оқиғасын қоюлата түсуге пайдаланады. Оның «Құлыным менің» драмасындағы кейіпкерлер арасындағы диалогтері, мұң торлаған кескін – келбеттері, ой түкпірінен түзілген үндері, бүгінгі өмір туралы өзгеге ұқсамайтын, өздеріне ғана тән, түйсік – түсініктері замандастарын ойландыратын психологиялық толғанысқа ұласады. Бүгінгі драмалық шығармалар. Драма және театр. Әдебиетіміздің көп жылдар бойы жиналған фактілеріне, көркемдік процеске сүйене отырып, қазақ драмасын мынадай салаларға жіктеуге болады: қаһармандық драма; саяси –әлеуметтік драма; тарихи – ғұмырнамалық драма. Бұған қазіргі әдебиетімізде көріне бастаған психологиялық, лирикалық, дискуссиялық драмаларды, түрлі инсценировка – пьесаларды қосу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет