Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет40/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Миссионерлік бағыт
Қазақ қоғамында және түркі тілдес халықтарында болып жатқан әртүрлі көзқарасты байқаған орыс миссионерлері бүкіл түркі жұртының мәдени, рухани құндылықтарын жою үшін, сонымен бірге тілдік болмысын құрту үшін саяси астармен «араб жазуы қолайсыз», «қазақ және басқа түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін беруге икемсіз» деген желеумен орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилерін және оқулықтарын шығара бастайды. Олар орыс жазуына көшуді насихаттауды орысша оқыған қазақ жастары арқылы жүргізуді көздеді.
Н.И. Ильминскийдің жобасы
Н.И. Ильминский түркі тілдес халықтардың кітаптары араб әрпімен жазылса, бұл келешекте орыс жазуының үстемдік алуына кедергі жасайды деген миссионерлік оймен алғаш қазақ әліпбиін орыс графикасына негіздеп, жоба да ұсынады. Дауысты дыбыстарға 8 әріп арнайды: а (ä), é (е); ы, і; о, ö; у, ÿ, ал дауыссыз дыбыстарға 19 әріп: п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j, ќ, ѓ, њ.
Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: «кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су – вода, аулъ – деревня, аю – медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу» .
Ильминскийдің бұл жобасына В.В. Григорьев қарсы шығып, өзінің «О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки» деп аталатын мақаласында орыс әліпбиіндегі таңбалар өзгермеуі тиіс деп көрсетеді. Сол кезеңдегі әліпби мәселесін қозғаған жиындарда түркі тілдес халықтар тіліндегі төл дыбыстарды бейнелейтін қосымша әріптер жөнінде айтыс-тартыстар да болады. 1976 жылы 29 сәуірде Қазан университетінің жанындағы археологиятарихэтнография қоғамының мәжілісінде орыс әліпбиі араб әліпбиіне қарағанда осы күйінде де қазақ тіліне жарайды деп шешілген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет