Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет42/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Ағартушылық бағыт
Ы.Алтынсариннің жобасы
Н.И. Ильминскийден кейін, 1879 жылы қазақ ағартушыларының бірі – Ы.Алтынсарин орыс әліпбиі негізінде қазақ балаларына арнап қазақша анықтама жасаған болатын.
Жобаның негізгі ерекшелігі – Ы.Алтынсарин орыс графикасындағы бар таңбалармен ғана шектеліп, қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын беруде де осы жүйені ұстанған, яғни қант, қағаз, дөңгелек, үзеңгі, тоғай, айғыр тәрізді сөздерді кант, кагаз, дунгелек, узенги, тогай, айгыр түрінде таңбалаған. Ал қазақ тіліндегі сонор ң дауыссыз дыбысын әріп тіркесі арқылы белгілейді: нг" (мангдай – маңдай, сарангдык – сараңдық). Сөзді жіңішкерту үшін сөздің соңында (урть – өрт) және л дауыссыз дыбысынан кейін ь (жіңішкерту) таңбасын жүйелі түрде қойып отырған: тульки (түлкі), бль (піл), куль (күл), бельбеу (белбеу), таль (тал)Иа, иу әріп тіркесі келетін жерде орыс графикасындағы ю, я графемаларын да белгілегенін көреміз: аяк, узюк .
Ұлттық бағыт және қазақ жазуы
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.
А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады.
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет