№1-лекция тақырыбы: «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті» пәні және сақ, ғұн дәуірлеріндегі әдебиет (1 сағат. 1-аптада).
Сабақтың мақсаты:
«Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың маңызын түсіне білуіне;
студенттің түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиетінің қалыптасу кезеңдерін талдай білуіне;
түркі халықтарына ортақ сақ, ғұн әдеби мұраларының ерекшеліктерін ажырата білуіне;
кейбір сақ, ғұн ескерткіштерінің өзгешелігін көрсете білуіне;
әдеби мұралардың көркемдік іздерін кейінгі кезеңдердегі әдебиеттерден таба білуіне үйрету.
Сабақтың нәтижесі:
студент «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті» пәні және сақ, ғұн дәуірлеріндегі әдебиетінің қалыптасу тарихын анықтай отырып, оларды ажырата, нақтылай, түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.
Әдебиетті дәуірлеу мәселелері. Зерттелуі. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар (б.з.б. VII – б.з. IV ғ.).
Геродоттың «Тарих», Сыма-Цянның «Жылнама», Бань-Гудың «Ханнама» кітаптарындағы маңызды деректер. Сақ түріктерінің ежелгі грек, парсылармен мәдени байланыстары, оның әдебиетке әсері. Авестаның шыққан ортасы туралы В.В. Радловтың, Ә. Марғұланның пікірлері. Өлім мен өмір, жаратылыс, о дүние туралы Авеста түсініктері, оның өліммен күрескен Алып Ер Тұңға, Қорқыт атамен ұқсастықтары. Тұран ойшылдарының өліммен күресінің бастапқы қайнар көзі Гилгамеш, Авестада екені.
Тарғытай, оның үш ұлы туралы аңыз-миф. Осы аңыздың қазақта жұмбақ түрінде айтылуы. Алып Ер Тұңға – түркілердің ілкі көсемі. Ол туралы жоқтау жыры. Тұмар патшайым – ұлы сақ даласының билеушісі. Ел тағдыры үшін жанын қиған Ширақ батыр. Ғұн билеушісі Мөде (Мөте, Боғда). Түркілердің кие тегі – Көк бөрі аңыз-мифтері. Есік қаласынан табылған күміс тостағандағы жазудың маңызы мен мәні. Деректі жазу бар жерде әдебиет болатындығы.
Тақырыпқа байланысты сұрақтар:
«Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті» пәнінің мақсат-міндетін түсіндіріңіз.
Түркі мәдениетінің сақ, ғұн дәуірлеріндегі жағдайы жайында айтыңыз.
Біздің заманымызға дейінгі сақтар мен ғұндардың тарихи-әлеуметтік жағдайларына мысалдар келтіріңіз.
Сақтар мен ғұндар мәдениетінің қазақ әдебиетінің қалыптасуына әсерін сөз етіңіз.
Сақтар әдебиетінің аңыз-әңгімелеріне тоқталыңыз.
Ғұндар әдебиетінің мұраларын атап көрсетіңіз.
Сақтар мен ғұндар әдеби мұраларының жанрлық ерекшелігі туралы айтыңыз.
Сақтар мен ғұндар әдеби мұраларының көркемдік ерекшелігі туралы айтыңыз.
Сақтар мен ғұндар әдеби мұраларының көтерген басты мәселелеріне тоқталыңыз.
Сақтар мен ғұндардың әдеби мұраларын зерттеген ғалымдардың еңбектерін атаңыз.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Алматы, 2000.
2. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. I-кітап. Алматы, 2001.
3. Сүйіншәлиев Х.. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 2002.
4. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Астана, 2005.
5. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Алматы, 2012.
Электрондық оқулықтарға қажетті сайттар:
1. http://www.infoliolib.l/info/.
2. http://www.openj-gate.org /.
3. http:/www.rubricon.com– РУБРИКОН.
Интернет-ресурстар:
1. chords-of-soul.ru/wp-content/uploads/.../Томашевский.-Теория-литературы.pdf
2. https://cyberleninka.ru/.../zhanrovye-traditsii-postfolklora-v-poetike-sovremennoy-russk...
3. https://www.e-reading.club/.../Medrish_-_Literatura_i_folklornaya_tradiciya....
4. http://narrativ.boom.ru/library.htm (Библиотека «Narrativ») narrativ@list.ru
Достарыңызбен бөлісу: |