, «белгілі мақсатқа жету үшін басқаларменынтымақтастық жасау» болып табылады.
Басқару –
ең алдымен белгілі бір мақсатқа
басқалармен бірге жету, немесе басқаларға жұмыс істету іс-шарасы. Басқаша
айтқанда, бір мекемеде мақсатқа жету жолында жасалған іс-шаралардың
жүйеленуі. Мұндай жағдайда бір немесе бірнеше мақсаттың болуы және осы
мақсатқа жету негізгі мәселеге айналғанда басқару туралы айтуға болады.
Сонымен
басқару –
белгілі мақсаттарға бағытталған, адамдық және психологиялық-әлеуметтік ерекшелігі бар процес . Басқару процесінде қызмет
атқаратын яғни ортақ іс-шараларға қатысатын адамдар жұмыс беруші және
жұмысшы, басқарушы және бағынушы, бастық және қызметкер т.б.
әлеуметтік айырмашылықтарға бөлінеді.
Әрдайым басқару процесінде қызметкерлер және басқарушылар орын алады. Өндірісті басқаруды дамытуға XVIII ғасырдағы ірі кәсіпорынға ауысқан
өнеркәсіптік революция күшті қозғау салды. Қолөнершінің бармағынан бал
тамған шеберлердің орнына көбінесе жөнді мамандығы жоқ жалдамалы
жұмысшылар келді.
Саяси сана басты көзінің бірі –
А. Смит пен Д. Рикардо бастаған
ағылшын саяси экономикасы – жаңа жағдайда (фабрикалық еңбек бөлісу,
өндірістік бақылауды ұйымдастыру т.б.) басқару мәселесіне ерекше көңіл
бөлді.
Капиталистік фабрикада адамдар еңбегін басқаруға социалист
утопистер, мәселен,
Роберт Оуэн ерекше көңіл бөлді. Ол әсіресе қазіргі кезде
біз айтып жүрген «адам факторына» ерекше көңіл бөлді. Оуэн таза теориямен
шектеліп қоймады. ХIХ ғасырдың басында ол өз тоқыма фабрикасында
батыл эксперимент жасады: кәсіпорында жұмысшылардың тамақтануы
ұйымдастырылып, ал завод поселкасында жаңа мектеп салынды,
территориясы жөнге келтіріліп, көгалдандырылды. Демек, біздің қазіргі
күшті әлеуметтік саясатқа ұмтылуымыздың көне тарихы лайықты болған.
Оуэн еңбек өнімділігін арттыру үшін моральдық ықпалды да
пайдаланған, адамдардың басқалардан кем түскісі келмейтінін ол, өндірісте
жарыс ұйымдастырды,
таңдаулы жұмысшылардың станоктарында қызыл лента, орташасында - көк, нашарында - сары лента пайда болды .
Осы
келтірілген деректерден аңғаратынымыз – басқару барлық қоғамдық
формацияда болған, бірақ кестеде көрсетілгендей, көне уақыттағы басқару
мен ұйымдастырудың қазіргі кездегіден едәуір айырмашылығы болған.
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық
адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді
білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы
түрліше түсіндіріледі. Сонымен,