Лекция. Тақырыбы: Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы ерекшеліктері Лекция жоспары: Педагогикалық кәсіби қасиеттер Мектеп мұғалімі



бет2/7
Дата18.02.2022
өлшемі60,92 Kb.
#132312
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№ 1 лекция

Адамдарды тану біліктілігі


Біліктілік, меңгерілген білім; дағды және тәжірибе негізінде практикалық және теориялық іс-әрекеттерді нақты және саналы түрде орындауға дайындық арқылы анықталады.
Білікгілік қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Күрделі біліктілік тек қана психология, педагогикалық білімдерді ғана емес, басқа да ғылымдарды меңгеруге байланысты болады. Соның бірі педагогтің адамдарды тану біліктілігі.
Адамның, шынын айтқанда, азаматтық позициясын, жетістіктері мен кемшіліктерін байқау, бағалау өте қиын.
Тұлға көбінесе ұжымда, еңбекте, іс-әрекет барысында өмірдің қиын- қыстау сәттерінде ашылады. Десекте, адамдардың шын бет-бейнесін көру барлық уакытта мүмкін де емес. Екі жүзділікпен өмір сүретін адамдар көптеп кездеседі. Осыған байланысты, "Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны барлык, жағынан білуі керек" — деп жазды К.Д.Ушинский.
Тұлғаны зерделеп отырып, біріншіден оның психологиялық ерекшеліктерін; бағыттылығын, мінезіндегі басты ерекшелігі — табандылығын, темпераментін, қабілетін, және өмірлік іс-тәжірибесін анықтап алу керек. Бұлардан басқа бағыттылығы қасиеттеріи: тұтынушылығы мен қызығушылығы, идеялық және практикалық ұстанымын анықтап алу керек.
Мінез-құлыққа адамның жасап, атқарып жүрген іс-әрекетінің әсері мол. Сондықтан, осылай қалыптасқан тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін аңғару әбзел-Мұндай жағдайда педагогтің өзінің мінез-құлқының ерекшеліктері тұлғаныңда, ұжымның не топтардың қалыптасуына әсері сөзсіз.
Мысалы жігерлі, табындылықты қарастырайық. Өр мінезді адам өзінің намысын батыл түрде қорғайды, кедергілерді басып өтеді, табандылық және өзінің алға қойған мақсатына жетуде ерлік көрсетеді. Жігерсіздік орын алған адамда, ұдайы қобалжу, қорқақтық, нақтылы шешімге келе алмау орын алады. Адам жоғары мұратты болуы мүмкін, бірақта табандылық көрсете алмаса оның
аталмыш қасиетінің практикалық құны бола қоймайды. Сонымен қатар табандылық атакқұмарлық, менмендіклен ұштасьш, қалыптасқан бір қатар қайраткерлерде белгілі, оның ішінде, саяси аренада көрініп жүргендері де, аз емес және олардың көбі зияннан басқа келтірері шамалы. Сондықтан, жігерлік пен табандылықты зерделеуде, тұлғаның моралдық бағытылығы қасиеттерін есепке алу керек. Оның ішінде ең құндысы тұлғаның табандылығының қоғамдық бағыттылығымен ұштасуы құнды.
Халықтардың рухани мәдениеті артқан сайын тәрбиеленушілердің мінез- құлқына талдау жасауды олардың интеллеклуальдық және эмоциональдық (сезімталдық) ерекшеліктерін зерделеу және есепке алып отыру керек.
Интеллектуальдық ерекшелігіне, психологтар ой, сана сапасы көрсеткіштерін: талғампаздығы; икемділік; өзін-өзі мінеушілігі т.б., жатқызады. Сезімталдық ерекшеліктері жанжақты болуы мүмкін. Ең жоғары сезім- өмірлік белсенділік ұстанымы арқылы Отанға сүйіспеншілігі, оның алдындағы парызы. Көптеген басшыларға, педагогтерге адамдармен тәрбие жұмысы барысында, сол сияқты өзінің әрекетіне баға беруде, жаңалықты сезіну, әзіл-оспақты, мысқылды түсіне білу жетісе бермейді.
Абайдың; "адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес..."; "адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват", А.Байтұрсыновтың: "...адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді" — деген сөздерін тіршілік қағидасына айналдырған жөн.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет