Лекция тақырыбы. Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу Лекцияның оқыту нәтижелері


 Компенсаторлық техникалық құралдар



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата30.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#160576
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6-лекция

3. Компенсаторлық техникалық құралдар. 
Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі 
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі 
сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді 
қабылдауы көбінесе 125–4000 Гц арасында өзгеріп отырады.
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. 
Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол 
ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.
Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi 
себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі 
тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық 
процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып 
келеді.
Қазiргi уақытта сурдопедагогикада жалпы бiлiм беру деңгейінде естімейтіндердің 
еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту қабілетінің бұзылу салдарын 
жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген.
Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым-
қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің әлеуметтік 
проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді.
Белгілі болғандай, оқу-танымдық қызмет есту қабілеті тұрақты бұзылған балаларға 
даму мүмкіндіктерін береді.
Ол естімейтіндердің танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілеттерін 
дамытады, оқуға әлеуметтік себептерін қалыптастырады.
Меңгерген ғылыми білімі, жалпы оқу және арнайы біліктілігі балалардың ой-өрісін 
кеңейтеді, жан-жақты дамуы үшiн жағдай жасайды.
Қалыптасқан ауызекі сөйлеу және психикалық процестерді дамыту, толығымен 
естімейтіндердің білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді, негізгі орта білім беруді 
қамтамасыз етеді.
Барлық жоғарыда аталған естімейтін балаларды дамыту ерекшеліктері, және оларды 
еститіндермен тең білім алу құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі арнайы 
әзірлемелердің маңыздылығын анықтайды.
Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық міндеттерді нақты 
шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді бейімдеуге және әлеуметтік 
оңалтуға мүмкiндiк туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет