Лекция Термодинамика және жалпы түсінік. Күй параматрлері. Квазистатистикалық процесстер


Химиялық тепе – теңдік жылжымалылығы туралы



бет15/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#96175
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
325227 (1) (1) (1)
323267
Химиялық тепе – теңдік жылжымалылығы туралы
Химиялық тепе – теңдіктің ерекше бір қасиеті – оның жылжымалылығы. Сыртқы жағдайдың өзгеруіне байланысты реакция оң не сол жаққа жылжиды.
Мысалы, қысымның химиялық тепе – теңдікке әсерін қарастырайық. Химиялық тепе - теңдіктің ығысуын сапалы түрде табу үшін мынандай ережені қолданамыз. Тепе – теңдіктегі жүйеге сырттан бір әсер берілсе тепе – теңдік осы әсерді азайтатын жаққа қарай ығысады. Бұл ереже Ле-Шателье-Браун принципі немесе тепе – теңдіктің ығысу принципі деп аталады.
Мысалы, аммиактың түзілу реакциясын қарастырайық:
N2+3H2↔2NH3
Қысым артқан кезде тепе – теңдік оң жаққа ығысады. Оның себебі бұл реакция өткенде көлем азаяды, азот пен сутегінің төрт мольінен аммиак түзіледі. Ал көлемнің азаюы қысымның төмендеуіне әкеліп соғады, демек сыртқы әсер кемиді.
Екінші мысал, мына реакция:
2SO2+O2↔2SO3
Қысымның өсуімен реакцияға түспейтін инертті газ – азот газын жүйеге қосу тепе – теңдікке қалай әсер етеді? Ле-Шателье-Браун принципі бойынша мынадай қорытындыға келеміз. O2 мен SO2 әрекеттескенде жүйенің көлемі кішірейеді, демек әрекеттесін газдардың қоспасы сығылады. Сығылу азаю үшін молекулалардың санын азайту керек. Бұл реакцияны SO3 түзілу жағына қарай жылжытады, сөйтіп қысымның артуы реакцияны оң жаққа ығыстырады.
Реакцияға түспейтін азот газын жүйеге қосқанда газ қоспасы сұйылады, сұйылу кезінде қысым төмендейді, яғни тепе – теңдік ол жаққа ығысып, SO3-тің шығымы азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет