3. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері. Білім беру саласындағы жобалар әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Бұл жағдайдағы деңгей, жобалау іс-әрекетінде қолданылатын, жобалау процедурасының әмбебаптығы мен нәтижесінің дәрежесіне байланысты түсіндіріледі. Педагогикалық жобалаудың беретін өнім формасы мен нәтижесіне қойылатын талаптарға қатысты, ол концептуалдық, мазмұндық, технологиялық, процесуалды деңгейде болуы мүмкін.(2-кесте).
2-Кесте. Педагогикалық жобалау өнімі мен деңгейінің арақатынасы.
Концептуалдық (Тұжырымдамалық)
|
Жобаның нәтижесі улгі, концепция.
|
Мазмұндық
|
Ереже (ғылыми немесе білім біру ұйым туралы), жоспарлар, бағдарламалар (білім беру, зерттенушілік, даму) , Мемлекеттік стиандарттар.
|
Технологиялық
|
Қажетті инструкциялар, басқарудың ұйымдастырушы схемалары, оқу жоспары, технология, әдістеме.
|
Процесуалдық
|
Әрекет алгаритімі, дидактикалық құралдар, бағдарламалық өнімдер, оқыту процесінің графигі, әдістемелік кеңестер, оқу тақырыптарын жасау, мерекелерді өткізу бағдарламалары.
|
Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі, объектінің концепциясын жасауға немесе оның үлгісін болжауға (білім – беру стандартының үлгісі, бағдарламаның концепциясы, оқу бағдарламасының жобасы) бағытталады. Осы деңгейде алынған нәтиже әмбибап сипатқа ие болып, келесі деңгейдегі нәтижеге жетудің әдіснамалық қызметін жүзеге асыра алады. Мысалы: СНГ мемлекеттері үшін қабылданған «ержеткендердің білім алуы туралы» заң үлгісі, басқа мемлекеттерде осыған сәйкес келетін заңдарды жасауға негіз болғагн.
Достарыңызбен бөлісу: |