Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Семинар 10. Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары



бет90/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Семинар 10. Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары.

Мектептің аса жауапты міндеті – оқушыларды ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады. Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзінің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ. Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық процестің күрделілігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек:

1 Сабақтың мақсаты қандай?

2 Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді?

3 Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?

4 Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?

5 Олар қандай жолмен негізделмек?

6 Қандай қорытындылар керек?

7 Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ?

8 Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек?

9 Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек?

10 Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек?

Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу – сыныпта оқу материалын өтудің бірізділіг жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Мектепте оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік (календарный) жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі. Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі. Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп, жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескеруге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет