Мұнда келесі нұсқа қарастырылуы керек. - үш түстен тұратын тең бүйірлі үш бұрышты орналасқан түстік
қатынас, яғни бір биіктігінде – бас түс, қарсы тұрған бұрышында
орналасқан түс тік не көлденеңхорда; оңай байқалып тұрады. Мұндай үш
бұрыш шеңбер ішінде 4 ширектен тұрады, үш бұрыш биіктігіне орналасқан түс
гармонды триада құрайды. Бір биіктігі – бас түс, қарама-қарсы жақтан тік не
көлденең хордасы болып табылады.
- Гармонды үйлес 3 түстен құрылады, олар тік бұрышты үш бұрыш
биіктерінде орналасқан. Оның гепотенузасы шеңбер диаметрі, ал катеті тік не
көлденең сызықтары болып келеді. Туыс қарама- қайшы түстер төртеуі ұйқасса,
олар квадрат ішінде орналасады, түстер үйлесінің ең тұрақты шешімі, ол
жоғары түс белсенділігімен және контрасымен ерекшеленеді.Контраст түстер
гармонды үйлесімі. Бұл шеңбер диаметрінің соңында орналасқан түстер. Бұл
түстердің ішінде бір туыстық біріктірмейді. Бұл түстердің араласуы жоғары
белсенділік, динамика, кернеу туғызады. Гармонды контраст түстер
құрылысында бастапқы түсті жүргізіп, сәйкес контрасттарын анықтаймыз.
Қалған түстерді осы түстер реңдерінің қастарына аламыз.