Көркемдеу әдістеріне байланысты барлық эскиздерді үш топқа бөлуге
болады:
1.
сызықты – құрылыстық, бір түспен немесе локальді түспен,
сызықпен жасалған;
2.
локальді – жазықты, екі немесе үш түспен немесе түстік
графикамен орындалған;
3.
көп түсті, декоративті – сыршырайлы;
4.
көлемді эскиздер (матадағы).
Бірінші екі топ
полиграфияда кеңінен қолданады, өйткені тиражды
өндіріс шарттарында жеңіл орындалады. Барлық аталған топтардың ішінде
эскиздер, әрине, кең көп түрлілігімен ерекшелене алады, өйткені эскиз жасау –
шығармашылық процес және белгілі ережелерге бағындыру мүмкін емес.
Барлық топтардың эскиз композициясының маңызды графикалық әдісі
сызық пен дақ болып табылады.
Сызық жазық қығаз бетінде үш өлшемді кеңістік пішін көрсете алады.
Эскизде негізгі акцент (дақ) – ауданы бойынша ең үлкен басқа кішілерін
өзіне
бағындыру керек, ал сызықтар композицияны тұрақтықта жеңіл ұстап
тұру керек. Заттың графикалық көрінісінде сызықтың мінезін, оның
фактуралық мәнерлігін ескеру керек.
Сызықпен дақтың сулылығы – эскиздің сызықтық композициясының
басты талабы. Сызықтардың және дақтардың ырғағы обыланған болу керек.
Сызықтардың қағаз бетіндегі қозғалысы оюлы нақышта болу керек.
Нақыш
ырғақты болуы керек.
Сызықты- құрылысты эскиздер бір түстік реңмен орындалады. Бұйым
кескіні әлсіз сызылуы мүмкін, сонда сызықтар фактураны немесе құрылыстың
өңдеуді шығару үшін қызмет етеді. Бұл жағдайда эскизді қылқаламмен,
таяқшамен немесе түсті қарындашпен орындайды.
Бір эскизде бірнеше әр түрлі реңді дақтар қолдануы мүмкін. Бұл, әрине,
бір бөлшекті екінші бөлшектен айыруға көмектеседі, эскизді мәнерлі етеді.
Дақтың көмегімен эскиздің сыршырайлы – көлемдік шешімі шешіледі.
Мұндайда әдетте, эскиз «сулы» (по-мокрому) әдіспен немесе керісінше құрғақ
қылқаламмен орындалады. Эскиздерді орындағанда
басқа да тәсілдер
қолданады.
Бірақ, көркемдік әрекет ретінде эскизді өңдегенде, сызық және дақ бір
уақытта қолданады, яғни сызықты және дақты эскиздердің үйлесуі.
Пішін кескінін бояумен толтырып ақ блик қалдыруға болады.
Қағаз бетінде элементтер композициясының тұтастығын,
тұрақтылығын
көрсететіндей орналасуы керек.
Композиция бойынша эскиздерді үш түрге бөлеміз:
1.
Аясы пішін көріністерімен толықтырылған көлемді-кеңістік
композиция. Бұл жағдайда заттардың тұрақтылық деңгейін немесе белгілердің
символикасы перспектива иллюзиясын тудырады. Белгілі фактура мен түстің
аясы тек заттар орналасқан жазықтық болуы мүмкін емес, ол ортаның
символы. Бұл композицияда ортаның заттарының
перспективті қысқару
заңдылықтары сақталмайды.
2.
Сызықты-дақты композиция, мұнда басты ой түрлі сызықтар мен
дақтарда көрінеді: графиканың бұл прнципі әр түрлі заттардың эскизінде
кеңінен қолданылады.
3.
Өңделетін заттың қоршаған ортаға кіргізу композициясы. Бұл
заттардың сәйкес қоршаған ортаның ерекшеліктерімен
байланысын көрсету
үшін жиі қолданады. Қоршаған ортаның элементтері жалпы ортақ жоспармен
жасалады. Қоршаған элементтердің сызықтары мен түстік дақтары алдыңғы
жоспарда берілген өңделетін затқа қарағанда бұрынғылау. Бұл композицияда
элементтердің компоновкасы қиын.