- Элементтердің кеңістікке өзара орналасуында, заттар арасында,
интервалында заңды бағыт болу керек - ритмнің негізінде, композициялық
орталыққа қарай өсуі.
Егер кейбір заттардың композициясы сол заттардың ішінде, яғни
бөлшектердің тұтасқа және бір-біріне қатысты тұрғызылса, онда ансамбльде
композицияны алдымен заттар арасында немесе топтама арасында олардың
өзара байланысына қол жеткізу арқылы түрғызу қажет.
Мұнда келесі заңдылықтар орналатылуы мүмкін:
- егер бөлек зат пішіні бойынша бай, маталардың түсінің, т.б. сәйкестігі
неғұрлым күрделі бола алса, онда топқа кіретін зат анық, қарапайым болу
керек; күрделілік және байлық (молшылық);
- заттардың үйлесімді сәйкестігінде; заттардың топтарының сәйкестігі
арқылы құрылған үлкен көп затты ансамбльде осы топтардың өзі тұтас,
біркелкі, мәнерлі, бір-біріне сәйкес болуы керек;
- ансамбльге кіретін топтар неғұрлым көп затты болса, соғұрлым олардың
арасындағы заттардың байланысы көбірек, қиынырақ, ол жерде өздерінің
топшалары пайда болады;
- ансамбльге кіретін заттар үлкен және кіші пішіндерді тұрғызу
заңдылықтарын ескере отырып құрастырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: