Лекциялар жинағЫ 6В01404 «Кәсіптік оқыту»



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата11.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#131433
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Композиция лек (1)

 
8-дәріс 
Пішім элементгершің өлшемдерінің сәйкестігі. Масштабтылық 
 
Жобаланатын 
заттың 
пропорцияларын 
іздену 
композицияның 
масштабтылық сияқты әрекетімен байланысты. 
Адамдардың тіршілік әрекетімен жасалған материалды орта, ол шаруа 
немесе киім заттары болсын, үй құрылыстары болсын. Олар масштабты болу 
керек, яғни адам өлшеміне сәйкес тәжірибелік қолдануда ыңғайлы болу керек. 
Мысалы, модельді жобалағанда оның бөлшектері мен пішіннің жалпы 
өлшемдерін анықтағанда тек эстетикалық параметрлерін емес, сонымен қатар 
қолдануға ыңғайлылықты қамтамасыз ететін эргономикалық талаптарын 
(орындықтың биіктігі және тереңдігі, арқасының пішіні т.б.) ескеру керек. 
Көркемдік жобалау процесінде бөлшектер өлшемдерінің дұрыс табылуы 
тек заттың эмоциональды қабылдануын және пішімнің иілгіштік жетістіктерін 
көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар оның жетіспеушіліктерін жасырады. 
Масштабты жетістік пропорциялаумен тығыз байланысты. Жобаланатын 
объектінің пропорцияларын берілген құрылыстың элементі жалпы пішім 
өлшемдеріне, кескінді пішімге, ауданға және пішімді мүшеленуінің 
орналасуына сәйкес іздейді. Мүшелеу ауданының өзі тұтастықтың ауданына 
сәйкес болу керек. 
Шешімді - оны құрастыратын бөлшектерінің өлшемдерін түрлендіру 
арқылы затқа жаңа түрлі бейнелеуге болады. Бірақ көлемдік шегін қатты 
өзгертіп бөлшекті не үлкен, не кіші қылса, онда масштабтылық бұзылып 
композицияны құртады. 
Заттық композицияның масштабтылығын дұрыс таңдау, заттың жалпы 
қабылдануымен шешіледі. Өндірістік және тағы да басқа көптеген өнер 
түрлерінде заттардың үлкен, кіші пішімдерінің құрылысы, заттың сыртқы 
көрінісі, оның композициялық құрылысы заттың абсолютті өлшемдеріне сөйкес 
болуы керек. Осы сәйкестіктер қайсыбір бұйымдардың функционалды және 
көркемдік сапаларын, композициялық шешімінің сауаттылық деңгейін 
көрсетеді. 
Өсімдіктер мен жануарлардың пішімдерінің құрылысын, оның даму, өсу 
процесі кезінде өзгеруін зерттей келеміз, табиғатта ағзалардың кіші және үлкен 
пішімдерінің құрылуында келесі жалпы заңдылықтар бар екенін байқаймыз: 
ағза кіші болған сайын тұтас пішімді болып келеді, суреті бойынша да, 
пропорциялары бойынша да; ағза үлкен болған сайын ол күрделі пішімді. 
Кіші ағзаның бөлшектері дамымаған, пішімі және пропорциясы бойынша 
қарапайым; үлкенінде бөлшектері күрделірек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет