Лекциялар жинағЫ 6В01404 «Кәсіптік оқыту»



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата11.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#131433
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Композиция лек (1)

 
7-дәріс 
Пішіннің элементтерінің шамаластығы және пропорционалдық 
шешімдері
Композиция - барлық әлементтерін біріктіретін әрекет. Оның көркемдік 
шешімін табу композициялық тәсілдер мен әрекеттері арқылы іске асады, оның 
ішінде ең маңыздысы пропорциялау әдісі, оның көмегімен жобаланатын зат 
гармониялық үйлеседі және оның пішімі ұйымдасады. 
«Пропорция» сөзін ежелгі римдік оратор Цицерон б.з.д. I ғасырда 
қолдануға еңгізді, сөзбе-сөз аударғанда «қарым-қатынас» мағынасын береді. 
Тұтастық бөліктерінің пропорционалдылығы, өлшемдерінің сәйкестігі
тұтастық гармониясының шарты болып табылады. 
Пропорционалдылық - пішімнің элементтері мен бөліктерінің 
өлшемдерінің сейкестігін дұрыс табылуы. 
Композицияда көлемдерінің өлшемдік қатынасы - сызықтық, аудандық, 
көлемдік - пропорция деп аталады. 


Композицияда пропорция астарында бірнеше санды көлемдік 
өлшемдерінің қатынасы жатыр (екіден бастап бірнеше қатарға дейін). 
Композиция жасағанда пропорция басты қадағаланушы әрекет болып 
табылады. Ол тұтастылықпен және оның бөліктерінің арасындағы гармониялық 
қатынасының сәйкестігін анықтайды. Басқа сөзбен айтқанда, пропорция бұл 
тұтастықтың ішіндегі оның құрамдас бөлшектерін қосатын байланыс. 
Түрлі өнерде пропорцияны зерттеуде: суретте, сыршырайда, мүсінде, 
архитектурада — көптеген еңбектер арналған, бірнеше пропорциялау немесе 
өлшемдік гармонизация жүйесі жасалған. Осы жүйелердің негізінде жәй және 
иррационалды сандардың қатынасы, математикалық және геометриялық 
заңдылықтар жатыр. 
Пропорцияны ариметикалық 
(рациональды) 
және геометриялық 
(иррациональды) деп бөлінеді. Арифметикалық пропорция бүтін сандардың 
қатынасында көрінетін көлемдердің қатынасының сәйкестігін көрсетеді. 
Рационалды қатынастар - 2:3, 3:4, 5:6 - пішімді құрастыратын әрбір өлшемінде 
бүтін саны бар модуль. Арифметикалық қатынас композицияда бөлшектердің 
тұтасқа бағынуын анық көрсету үшін қолданады. 
Геометриялық немесе иррациональды пропорцияларға, құрылысы 
геометриялық 
заңдылықта 
негізделген 
қатынасы 
жатады. 
Мұндай 
пропорциональды қатынастың мысалы: квадрат қабырғаларының оның 
диагоналіна қатынасы және тең бүйірлі үшбұрыштың ортасының оның 
биіктігіне қатынасы болып табылады. 
«Алтын қиысу» иррациональды сәйкестік болып табылады. Бұл 
пропорцияның мағынасы екі көлемнің суммасының үлкен көлемге, сол сияқты 
үлкен көлемнің кішіге қатынасында. Егер кескінді «алтын қиысу» принципі 
бойынша бөлгенде біреу деп есептесек, онда оның бөліктері 0,618:0,382 сандық 
көріністе болады. Бүтін сандарда «алтын қиысу» шамамен 3:5, 5;8, 8:13, 13:21 
ж.с. болады. 
Көркемдік-жобалық 
шығармашылықта 
пропорциялау 
тек 
қана 
гармониялық тұтастықты ұйымдастыру әрекеті емес, сонымен қатар, бастапқы 
пішімнің модификациялық іздену әрекеттерін қолдану болып табылады. Бөлек 
бөлшектерін және элементтерінің пропорционалдық қатынасын өзгерте 
отырып, басқа жаңа бейнелік көріністерін алуға болады. 
Көптеген саналы қатынастар шығармашылықта жиі қолданады және өте 
жақсы бағаланады. Адам өзін қоршаған ортаның, яғни, тірі және өлі табиғаттың 
әсерінен өзінің ойлары мен елестерін қалыптастырады, сезімдерін көрсетеді. 
Өсімдіктер мен жануарлардың сыртқы пішімдерінің құрылысы және олардың 
өсу, даму т.б. процестері бізге өте таныс және әдетті болғандықтан біз оларды 
жасанды затты ортаны жасауда жиі қолданамыз. Адам осы табиғат 
заңдылықтарын саналы түрде өзінің шығармашылығында да қолданады. 
Кейде көзбен шолып, логикалық оймен біз өзімізге керекті, барлық 
шарттарға сәйкес пішімнің элементтерінің арасындағы пропорцияны табамыз, 
мысалы пішімді әр турлі мүшелейміз, бірақ бір немесе екі интервалын үлкейтіп 
немесе кішірейтіп келеді, осында бізге гармонизация әрекеті ретінде 
пропорциялау көмектеседі, яғни қатарды нықтап береді заңдылықтарды іздену 


жолымен (графикалық немесе математикалық) жинақтау жүргізіледі. 
Бастапқыда көз мөлшермен салынған сурет соңынан геометриялық құрастыру 
жолымен анықталған пропорциялық байланысы анықталып, сурет аяқталады. 
Пропорционалдылық көлемдік өлшемдердің гармониялық қатынасы 
ретінде композицияның ең бір қажетті жақсы сапасы болып табылады, 
ал 
пропорция - осы көлемдерінің қатынасы - оның негізгі әрекеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет