Лекциялар жинағЫ 6В01404 «Кәсіптік оқыту»


-дәріс Тектоника құрылыстық және эстетикалық әрекет



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата11.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#131433
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Композиция лек (1)

3-дәріс
Тектоника құрылыстық және эстетикалық әрекет 
Пішіннің ең бір жетістіктерінің бірі (эстетикалық мәнерлігі түрғысынан 
қарағанда) өндіріс бұйымдарының тектоникалық шынайлығы болып келеді
яғни берілген құрылыспен қолданатын материалдардың маңызды және өзіне 
тән қасиеттерін сол формада көрсету. 
Материалдардың барлық қасиеттері мен мүмкіндіктерін оқып білген 
суретші сыртқы түрін көрсете алатын материалдардың қасиеттерін өзінің 
композициялық жұмысында еркін және кең қолдана алады: фактурасында, 
текстурасында, пластикасында, түсінде сонымен қатар конструктивтік 
шешімдерінің ерекшеліктерінде. 
Тектоника—объектінің материалды-құрылыстық негізінде және оның 
өңделу технологиясымен байланысты пішіннің эстетикалық мәнерлігінің бір 
әрекеті. Бұл байланыс әр түрлі деңгейде көрінуі мүмкін. Кейде тектоникалық 
бастам, композициялық шешімді анықтаушы бола алады. 
Тектоникалық пішін — бұл өндіріс бұйымдарының пішінін өндіру 
тәсілдері және құрылыс жұмыстарымен материалдар қасиеттерінің көркемдік 
тұрғыдан қарағанда мәнерлі шығуы. Осылай шығу негізі материал, материал 
сәйкестігі, сол сияқты құрылысы және өндіру тәсілі болып табылады. 
Материалдың қасиеттері мен сапаларын берілген құрылыстық жоспарға 
сай қолдану тектоникалық мәнерлі пішін жасау процесіне тән. Материалдардың 
қасиеттері сондай анық, мәнерлі шығады, егер технологияға сай өңделген 
материалдар қолданса. 


Пішін негізіне салынған өр бір материалға өзінің белгілері төн. Қандай да 
бір бүйым жобаланғанда, суретші пішінді қалыптастыру факторларын 
(функционалдық, экономикалық талаптарын, ортаның басқа элементтерімен 
байланысын) есептемей-ақ, материалдар қасиетіне байланысты жасайды. 
Материал пішіннің шешімін анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет