Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет25/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Жер үйректер тұқымдастармағына (Сеrеорsіпае) қаздардан үйректерге өткен құстар жатады. Қаздарға жақындағы жерде жүру сипаты, ұшу қаз типтес, қанаттарын сирек қағады. Үстіңгі және астыңғы тұмсықтардың шеттері иректі. Інде ұялайды. Итала қаз (сарыала қаз, қараала қаз) - (Таdorпа tаdоrпа) жақсы жүзеді, тек балапандары ғана сүңгиді. Жыныс диморфизмі анық білінбейді. Ұясын құстардың өзі қазады, десе де көп жағдайда түлкінің, борсықтың немесе суырдың тастап кеткен індерін пайдаланады. Ұя орналасқан қуысқа дейінгі қашықтық 3-4 м күрделі түлкі інінде бір мезгілде 2-5 құс ұялайды. Ұяда 8-10 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны тек аналығы шайқайды, аталығы ұя маңында жүреді. Отүйрек (Т. ferrugіпеа) үйрекке қарағанда қазға ұқсас. Ұясын інге салады. Екі түрде Қазақстан территориясына ұялайды. Өзен үйрекmері тұқымдастармағы (Апаrіпае) 80-ге жуық түрді біріктіреді. Қанатындағы жылтырағы ("айнасы") металл түстес, құбылып тұрады. Тұмсығы салыстырмалы түрде жіңішке және биік, үстіңгі және астыңғы тұмсықтардың шеті азды-көпті болса да түзу. Артқы саусағында терілі өсінді болады. Жерде денесін горизонталь ұстап тұрады және жүреді, құрлықта және суда орнынан бірден ұша алады. Басым түрлерінде жыныс диморфизмі байқалады. Шөп басқан су қоймаларын ұнатады. Көпшілік түрі өсімдікқоректілер, бірақ қорек құрамында су омыртқасыздары да болады. Аса тереңге сүңги алмайды, сол себепті тек тайыз суларда басымен бүкіл денесін суға батырып қоректенеді. Әр түрлі түрлерінде жұмыртқа саны 6-дан 14-ке дейін болады. Жұмыртқасын тек аналықтары ғана шайқайды. Қазақстанда 9 түрі ұялайды. Кәдімгі барылдауық үйрек (Апаs hlatyrchynchos) кең тараған үйректердің бірі. Оны үй үйректерінің көптеген тұқымдарының тегі деп санайды. Салмағы 1-2 кг. Шапшан ұшады, қанаттарын жиі қағады. Ұясын жерге немесе ағашқа салады. Ұяда 8-11 жұмыртқа болады, оларды аналығы төсінен түсетін мамықпен жауып қояды. Ысылдақ шүрегей (А.сrесса) - салмағы 200-450. басқа үйректерден айырмашылығы қанатында ашық жылтырағы ("айнасы") болады, қанаты жіңішке әрі үшкір, өте шапшаң ұшады. Жерге салынған ұяда 8-11 жұмыртқа болады. Қоспақ үйрек (қылқұйрық үйрек) - А. асиіа - орташа денелі құс (1 кг), мойны ұзын және құйрығы бізтәрізді. Ұясын суқоймасынан 100 м-ден аса қашықтықта салады. Ұясының ішін мамықпен төсейді, 6-11 жұмыртқа салады.
Жалпақтұмсық үйрек (А. сlypeata) салыстырмалы түрде аса үлкен емес (500 г-1 кг), мойны қысқа, басы кішкентай және тұмсығы үлкен, жалпақ. Басқа үйректерге қарағанда баяу ұшады. Негізінен жануартектес азықпен: моллюскалар, планктонды шаянтәрізділер, насекомдар және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Мәрмәр шүрегей (А. апgustirostris) Қазақстан Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Сүңгуір үйректер тұқымдас тармагына (Nyrосіпае) жататын құстардың
тұмсығы жалпақ, жіңішке тұяғы болады. Жылтырауығы әдетте ақ. Аяқтары артқа қарай орналасқан, артқы саусағында жалпақ тері жарғағы болады. Олар жақсы сүңгиді, өте тереңнен (10 м-ге дейін) белсенді тірі жәндіктерді ұстап қоректенеді. Жерде денесінің алдыңғы бөлімін көтеріп тұрады және жүре-ді, құрлықтан және судан жүгіріп барып, ұшады. Сүңгуір үйректердің денесі өзен үйректеріне қарағанда өте тығыз .
Көптеген түрлерінде жыныс диморфизмі жетілген. Қазақстан-да 13 түрі ұялайды. Қызылбас сүңгуір (Netta rufiпа) биологиялық ерекшеліктері жағынан өзен үйректері мен сүңгуір үйректерінің арасынан орын алады. Сүңгуірлермен салыстырғанда ұшуы жеңіл, жерде еркін жүреді, жақсы жүзеді, бірақ нашар сүңгиді. Салмағы 1,5 кг-ға жуық. Өсімдіктердің жасыл бөліктерімен қоректенеді. Қалқыма қопаққа, сирек те болса жағаға ұясын салады. Ұяда 6-10 жұмыртқа болады. Жеке жұп болып, сол сияқты аздаған шоғыр құрып ұялайды. Айдарлы сүңгуірдің (Ауthya fuligulа) басында кекілі болады. Шапшаң ұшады, бірақ судан ауыр көтеріледі. 4 м-ге дейін (кейде 10 м-ге дейтін) тік сүңгіп қорегін ұстайды. Қорегінің басым көпшілігі жануартектес азық. Ұяда 6-13 ірі жұмыртқа болады. Қара тұрпан (Меlanitta nigra) жақсы жүзеді, тамаша сүңгиді, су астында 45 секундтай бола алады. Негізінен су жануарларымен қоректенеді.
Көкала үйрек (кәдімгі сусылдақ үйрек) - Висеphala clangula ұясын ағаш куыстарына салады. 4-14 жұмыртқа салады, оны ақ мамықпен жабады. Жұмыртқадан шыққан балапандар ұядан жерге немесе суға секіріп түседі. Тек жануартектес азықпен қоректенеді. Ақбас үйректің (Охупrа Іеисосерһаlа) құйрығы сатылы, ол қатты бағыттаушы қауырсындардан тұрады. Тамаша жүзеді әрі сүңгиді: су астында бағытын өзгерте отырып 40 м-ге дейін сүңги алады. Ұшуы сылбыр және сирек. Оның бар өмірі суда өтеді. Су өсімдіктері және насекомдармен қоректенеді. Қалқыма ұясын дала көлдерінің қалың шөптерінің арасына салады. Әдетте ұяда 6 жұмыртқа болады. Бұлардан басқа Қазақстанда дөңмаңдай тұрпан (М. deglandi), айдарлы мамыққаз (Somateria spectabilis) және басқалары ұялайды. Алакөз сүңгуір (Ауtһуа пуrоса), дөңмаң-дай және қара тұрпандар, ақбас үйрек Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Поляр шеңберін айнала тундра аймағында кәдімгі мамыққаз (S. тоllissіпа) мекендейді, ол өзінің мамығымен әйгілі. Құстың салмағы 2,5 -3 кг. Суық судан бұл құсты мамығы, теріасты шелі және бүтіндей теріасты ауа қапшықтарының жүйесі қор-ғайды. Шапшаң ұшады. 5 м-ге тереңцікке дейін сүңги алады, бұл кезде қозғалу үшін қанаттарын пайдаланады. Шоғыр құрып ұялайды. Кез келген бір жасырын жерге кішкентай шұңқыр түрінде ұя салады. Ұяда 4-7 жұмыртқа болады, Жұмыртка сары мамықпен жабылады, оны аналығы өз құрсағынан жұлады. Бейнарықтар тұқымдастармағына (Меrgіпае) жататын Құстардың тұмсығы жіңішке, ұшында ілмегі болады. Тұмсықтың шеттері мүйізді тісшелермен жабдықталған.
Қазақстанда секпілтөс бейнарық (Меrgus serrator), үлкен бейнарық
(М. теrganser), кіші бейнарық (М. аlbellus) ұялайды. Үлкен бейнарық тез жүзеді, тамаша сүңгиді, 4 м-ге дейін сүңги алады. Ұшуы жеңіл әрі шапшаң. Ұяларын ескі ағаштардың қуысына салады. Ұяда 8-15 жұмыртқа болады. Ұясын салатын және жұмыртқаларды шайқайтын аналығы, аталығы жақын маңда болады.
Жерді және суды мекендеуші құстар тобына: үйректер, аққулар, қаздар жатады. Олар ұясын су қоймаларынан жырағырақ салады. Басқаларына қарағанда сулы ортамен тіршілігі тығыз байланыстысы – сүңгуір үйрек, олар жақсы сүңгиді, су қоймаларында ғана қоректенеді. Қоректік заттарына балықтар мен омыртқасыздар жатады. Оларды сүңгуір үйректер судың терең қабатынан да тауып ала алады. Сүңгуір үйректер жақсы ұшады, бірақ ауаға тез көтеріле алмай су бетімен біраз жерге жүгіріп барып көтеріледі.
Нағыз немесе өзен үйректерінің сумен байланысы нашар, көпшілік жағдайда құрлықтан қорек табады. Судың тайыз бөліктерін мекендейді. Нашар сүңгиді. Аузындағы «сүзгі аппараты» үйректерге қарағанда нашар жетілген, жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады, осының жәрдемімен өсімдіктерді жұлып алып жейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет