14-апта Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару №27 лекция тақырыбы: Ақпараттық технология қызметінің құралы Жоспар: Педагогикалық жобалау көп функциональды білім беру қызметінің ерекше түрі ретінде
Жобалау мен ғылыми зерттеудің ӛзара байланыстылығы. Жобалау әрекетінің ықпалымен ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық әрекеттердің басты түрі ретінде қарастырылуы азая бастады, сондай-ақ, жоспарлау түрі де жобалауға сәйкес ӛзгеріске түсті. Ақпараттық технологияның дамуына сай компьютерлік бағдарламалау мен басқару тетіктері, оның құралдары ӛзгерді, осыдан келіп, жобалау түсінігі үнемі ӛзгеріп отыратыны белгілі болды. Солай бола тұрса да, жобалау мен зерттеуді біріктіретін нәрсе – олар үшін шынайы объектілердің ортақ болуы, ал объект ӛзін нысан ретінде алып отырған жағдайға сай ғылыми танымдық немесе жобалау қатынасы болған кезде ғана шынайы объект бола алады. Жобалаудың жаңа сипаты оның жүйелі зерттеу әрекетімен тығыз байланыстылығында, яғни, жобалау мен зерттеудің біріктірілуі бүгінгі ӛркениет тудырып отырған құбылыс. Ӛндірістің жүйелі құрылымына зерттеушілік, құрастырушылық және ұйымдастыру, басқару әрекеттерінің енуі ӛндіріс барысында ӛнім ӛндіру мен қатар оны ойлап шығару, ӛзгертіп отыру және қайта құру технологияларының қатар жүретінін кӛрсетеді. Бұл жағдайда әрекетті ұйымдастырудың біртұтас түрі қалыптасуына қызығушылық пайда болады, ӛйткені ол тұтастық жаңа технологиялар мен жаңа әрекеттердің пайда болуы, дамытылуы және құрастырылуы қызметтерін қамтиды. Оны әрекеттің біртұтас түрі ретінде қарастыра отырып, оның дәстүрлі түсініктегі бӛлісу мен тұтыну үрдістерінен де жоғары деңгейде екенін кӛре аламыз. Даму барысында жобалау қызметі басқа әрекеттер түрлерімен байланысу негізінде қайта құруға, ӛзгерістерге ұшырап отырды, оны ғылымда жобалаудың эволюциясы ретінде: – құрастыру әрекетінен–дәстүрлі классикалық жобалауға, – классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп кӛрсетеді. Классикалық жобалауға жататын архитектурадағы, техникалық ғылымдардағы дәстүрлі жобалардан басқа, жоба түрінде болғанымен мазмұны мүлдем басқаша қазіргі 11 заманғы квазижобалар қатарына әлеуметтік жобалау әрекеттерін жатқызуға болады. Жобалау әрекетінің толық мәні О.И. Генисаретский еңбектерінде берілген, оның түсіндіруінде жобалау әмбебаптық ғылыми-техникалық қана емес, ол ең алдымен, әлеуметтік-мәдени әрекет түріне жатады. Әлеуметтікмәдени механизм кез келген мәдени маңызы бар әрекеттер мен одан туындайтын құндылықтарды шын мағынадағы технологиялық үдерістер мен құрылымдарға айналдыра алады. Егер ғылыми-техникалық прогресс мәдениеттің іргелі және қолданбалы құндылықтарының қарым-қатынасын үнемі ӛзгертіп отыратын қоғам дамуының бір жолы болса, жобалау әрекеті оны жүзеге асыратын әлеуметтік құрал, әлеуметтік институт деуге болады. Ӛткен ғасырдың 60-жылдарында күрделі жүйелерді тиімді басқару арқылы дамытудың жаңа әдіснамалық бағдарламасы қалыптасты және негізіне жобалау қызметі алынып, аталған бағдарламалардың тӛмендегі алғышарттары ұсынылды: − кез келген әрекет экономикалық тұрғыдан қарастырылады: нәтиже белгіленеді, қызметтің тиімділігі, оны орындауға кеткен шығын мен тиімділігі тұрғысынан қарастырылады; − кез келген әрекет басқарылады, бұл жағдайда: әрекеттің ӛзі де басқару объектісі ретінде және басқаратын органдарда бірдей қарастырылады; − жобалаудың барлық әрекеттері жүйелік тұрғыдан жүргізіледі. Оның мәні проблемаға, міндетке, миссияға және қызметке бағытталады. Бұл жерде ең әуелі жаңғыртудың идеясы белгіленеді, одан соң жаңаны құрудың кезеңдері анықталады, жоспарланады; − жүйе ретінде басқарудың объектісі де, үрдісі де қарастырылады. Бұл басқару механизмі емес, мақсат қоюдың, оған жетудің әдістері мен құралдарын белгілеу, оған қажетті ресурстарды анықтау және құрастыруды кӛздейтін интеллектуалдық саласы (Афанасьев). Жоспарлаудың жаңа бағыты сол кездегі қоғамда ғылыми–техникалық прогрестің қарқынды дамуы, ӛнеркәсіптердің еңбек ӛнімділігін арттыруды, жаңа 12 техникалар мен технологияларды жасақтауды және тәжірибеге ендіруді, әлеуметтік міндеттерді орындауда пайдалануды, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге мамандарды даярлау және олардың кәсібилігін дамытуды, т.б. шаруашылықтың кӛптеген түрлі салаларын қамтитын, кешенді мақсаттарын орындауды кӛздеген болатын. Сонымен қатар, бұл ӛндіріс, ғылым мен білім беру салаларының нәтижелі қызмет ету мен олардың ӛзара қарым – қатынасының тиімді ұйымдастырылуын, қызметкерлердің жаңа ғылым жетістіктерін игеру негізінде сапалы еңбек нәтижесін аз мерзімде, аздаған шығынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған міндеттер күрделі жүйелер ретіндегі кӛптеген түрлі салаларды қамтитын ӛте кең ауқымды болғандықтан оны жүйелі және кешенді жүргізу қажеттігі туындайды. Әлеуметтік жүйелердегі жобалау оның құрамындағы компоненттердің ӛзіндік ерекшелік сипаттарын, олардың ӛзара (заттық, ақпараттық, энергетикалық, т.б.) және жүйенің сыртқы байланыстарын (әлеуметтік орта, табиғи орта), жүйе компоненттері мен тұтас жүйенің даму тенденцияларын жүйелік және кешендік тұрғыда жүзеге асырылады. Бұл жүйелердің басқа техникалық, жаратылыстанудағы жүйелерден ерекшелігін оның адам мен қоғамның дамуына байланыстылығы құрайды. Әлеуметтік жүйелердің басты компоненті болып табылатын адамдардың іс-әрекеттері жүйенің ӛзгерістерімен, сыртқы ортаның талабымен ғана анықталмайды, олар негізінен, адамның ӛзіндік мүмкіндіктеріне, түрлі жағдайларына сай шешім қабылдай білуіне қатысты анықталады. Сондықтан, әлеуметтік жүйелердің моделі, жүйенің объективтік заңдылықтарын жүйенің және оның компоненттерінің мақсаттарымен интеграциялауды қажет етеді. Тәжірибеде осы интеграцияны қамтамасыз ету, үйлестіру оны басқарудың басты мақсаты болып табылады. Нақтылай айтқанда, әлеуметтік жүйелерді дамыту қызметі сол жүйеге тән объективтік заңдылықтарға сай жүйенің мақсатын ондағы адам компоненттерінің мақсатымен үйлестіру жолдарын анықтайды. Сӛйтіп, әлеуметтік жүйелерді дамыту ондағы адамдар үшін маңызды ӛзгерістерді ендіру негізінде жүзеге асырылады. 13 Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік жүйелерді басқаруда ондағы адамдардың ӛзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыру, түрлі қабілеттерін дамыту және пайдалану мақсатында белгілі бір ұйымның қызметін қамтамасыз етуге, оны жетілдіруге және қайта құруға бағытталған кешенді, кӛпқырлы қызметтің арнайы ұйымдастырылуы қажет болады. Әлеуметтік жүйе құрамындағы қызметтік және адами компоненттердің ӛзара қатынастары мен жүйенің ӛзін ӛзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа сәйкес нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді механизмі–жобалау болып табылады. В.М. Розиннің айтуынша, жобалау қызметі әрбір кіші жүйенің құрылымы мен деңгейлеріндегі дербес мақсат пен міндеттерін нақтылауды және оның орындалуын ресурстық қамтамасыз етуді кӛздейді, сонымен қатар, кіші жүйелердегі мақсат–міндеттердің реттелген жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жүйелерді жобалау шын мәнінде әдіснамалық–теориялық контекст ретінде қолданыла алады, ӛйткені, оның шығу кӛзі әдіснамадан, нақтылап айтқанда жүйелі ой–әрекеттері әдіснамасында пайда болған болатын. Жобалауды бүгінгі оның идеологтары «технологиялық универсум» - лат. universum.summa rerum- деп бағалайды, ал жобалауды жүзеге асыру кезеңі адамның қайта құру әрекеттері деп бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда кез келген жобалау қызметі әлеуметтік жаңғыртуды жобалау болып табылады. Жобалаудың негізіне трансцендентік (transcendensлат.мүмкіндіктің шегінен ӛту) міндет жатады, сӛйтіп, кез келген жоба трансцендентік, ӛйткені ол осы шақтан болашақты жоспарлайды. Жобалаудың мәні оның келесі қайшылықтарды (антиномияларды) шешуге бағытталғандығында: − әлеуметтік жүйедегі мүмкіндіктер мен қабілеттіліктердің арасындағы; − идеалдық құрылым мен (идея) шектелген түрдегі құрылымның (нормаланған) арасындағы; 14 − әлеуметтік жүйенің потенциалдық мүмкіндіктері мен құндылықтардың мақсаттарға ауысуының және мақсаттың құралдарға ауысуының арасындағы. Осыдан келіп әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалаудың адам қызметін жүзеге асыру және әр адамның ӛз идеясын ұсыну және орындаудың негізгі құндылық екендігін мойындайтын жаңа сананы бекітеді. Жобалаушының қоршаған ортаға қатынасы тӛрт мазмұндағы кеңістікке шығуы деуге болады. Олар: ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық. Осы тәрізді трансценденттік кеңістікке шығу жобалаушыға жобаның тұтас үрдістігін және болашаққа бағытталғандық сипатын сақтауға мүмкіндік береді. Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы мен оның ӛлшемдері біздің ойымызша кез келген жүйедегі жобалау әрекетіне кӛшіруге мүмкіндік береді. Олар: − трансцендентік жобалау берілген материалдық және интеллектуалдық мәдениет деңгейінде пайда болатын мүмкіндіктерге сәйкес болуы тиіс; − трансцендентік жобалау ӛзінің тұтастығын сақтау үшін жоғары тиімділікке құрылуы тиіс: − жетістіктерді сақтау мен оларды жақсартып отыру әдістерін ұсынады; − құрылымның ӛзіндегі тұтастықты және ондағы негізгі бағыттар мен қатынастарды анықтайды; − оны жүзеге асыру адамның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін белгілі бір әлеуметтік институттар арқылы қамтамасыз етіп отырады. Әлеуметтік жүйелердегі жобалаудың мазмұндық және құрылымдық икемділігі кез келген ұйымның әлеуетін кӛтереді. Эволюциялық даму туралы тұжырымдаманы негізге алатын басқару теориялары оның постиндустриялық қоғамның бұрын соңды болмаған проблемалары алдында қауқарсыз екенін байқайды. Ӛйткені, тек эмпирикалық әдіске ғана сүйене дамыту қалыптасқан жағдайды жаңа талаптарға сай ӛзгерту үшін жеткіліксіз. Жобалау қызметі оған қарама-қарсы, болашақ модельдерді ғылыми негізделген дәл есептеулермен 15 қамтамасыз ететіндіктен, қайта құру және ӛзгерістер жағдайында басқарудың басты қызметтерінің бірі бола алады. Сонымен қатар, жасалатын әрекеттің мақсаты мен оған қажетті стратегияны айқындау да ӛзгерістер жоспарын нақтылауға мүмкіндік береді. Кейбір зерттеушілер басқарудың жобалау және жобаны жүзеге асыру қызметтерін біріктіре жүргізуіне кӛңіл бӛлінген, оның бірден бір жолы ретінде жобалау әрекетін ендіру және қолдану кезеңдерін есепке ала отырып, одан әрі дамыту деп есептеледі. Осылайша, әлеуметтік – техникалық тәсілдер мен қызметтер ретінде дамытыла және рәсімделе отырып, басқару жобалаумен екі түрлі байланыста болады. Оның мәні, біріншіден, жобалау–басқарудың бір элементі, құрамдас бӛлігі болып табылады және соған сай әрекеттер жүйесінде жобалаудың ӛз орны бар. Бұл жағдайда жобалау мен басқару компоненттері ӛзара ерекше байланысқа және ассимиляцияға түсе алады. Екіншіден, басқару қызметі жобалау әрекетін түгел қамти алады. Бұл жағдайда жобалау бӛлек автономды жағдайда жүргізіледі және басқару оның қызмет етуіне, одан әрі дамуына, жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Бірақ оны басқаруға бағыныштылық деп қарауға болмайды, осы жерде басқару мен жобалау ӛзара күрделі байланыс пен қатынаста болады дей аламыз. Жобалау әрекеттерін басқару жоғарыда аталған қазіргі заманғы әлеуметтік техникалық амалдардың басты кӛрінісі болып табылады. Осы жаңа ұйымдастырушылық мәдениеттің тірек ұғымдары: жоба, жобалау, технологияландыру, рефлексия – пайда болып, бүгінгі күні кеңінен қолданылысқа енуде. Назар аударатын нәрсе, осындағы жоба мен рефлексия ұғымдарының бір қарағанда бір–біріне қарама–қарсы сипатта екені: біріншісі –алға қарай кӛз тастау, екіншісі –кейін қарай қарау деген түсініктерді береді. Енді осы ұғымдарға сипаттама береміз. Дәстүрлі «жобалау» ұғымы энциклопедиялық сӛздіктерде, техникада, құрылыста, т.б. ӛндірістік салаларда белгілі бір бұйым жасау, немесе ғимарат салуға қажет құжаттардың–суреттер, есептеулер, т.б. –жиынтығы деп 16 қарастырылады. Жобалаудың бүгінгі мәні одан ӛзгеріп, оны жеке адамның, ұжымның, ұйым не мекеменің, немесе, бірнеше ұйымдар мен мекемелердің бірлескен ӛнімділік әрекетінің аяқталған циклі деген түсінігі кеңінен тарауда.
Пайдаланған әдебиеттер:
Теория социальной работы / под общ. ред. И. Г. Кузиной. – Владивосток: Изд-во ДВГТУ, 2006. – 232 с.
Осухова Н.Г. Психологическая помощь в трудных и экстремальных ситуациях. М.: Академия, - 2005. - 288 с. (Высшее профессиональное образование) 2006
Концептуальные подходы к развитию инклюзивного образования в Республике Казахстан. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан Республики Казахстан.01.06.2015 г. № 348
Закон Республики Казахстан «О правах ребенка в Республике Казахстан. 08.08.2002 г. № 345- II 6. Закон Республики Казахстан «О специальных социальных услугах» от 29 декабря 2008 года № 114-IV (с изменениями и дополнениями по состоянию на 03.12.2015 г.)
Состояние и проблемы семейного устройства в Казахстане: опыт приемных и го- стевых семей: Методическое пособие. Рекомендовано Комитетом по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан – Алматы, 2015. – 152 с.
Руководство по предупреждению насилия над детьми. / Под ред. Н.К.Асановой. – М.: Издательский гуманитарный центр ВЛАДОС, 1997. – 512 с.
Григорьев Д.В., Кулешова И.В., Степанов П.В. Личностный рост ребенка как показатель эффективности воспитания: методика диагностирования. М.; Тула, 2002.
Никитин В. А. Начала социальной педагогики : учеб. пособие. – М.: Флинта: Московский психолого-социальный институт, 1998. – С. 54.
Декларация прав ребенка. Принята Генеральной Ассамблеи ООН от 20 ноября 1959 года. Статья 5. 12.Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка – М., 2010 г.
№28 лекция тақырыбы:Тұрғылықты мекендер мен аймақтарды ЕББҚБға қол жетімді білім беру жағдайларын қайта жандандыру немесе жаңаша құрастыру
Жоспар: Тұрғылықты мекендер мен аймақтарды ЕББҚБға қол жетімді білім беру жағдайларын қайта жандандыру немесе жаңаша құрастыру
Тәрбиелеу мен білім берудің адамгершілік бағытының қалыптасуымен қатар, балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау идеясы дами бастады. Ол балалар мен жасөспірімдерге білікті психологиялық көмек көрсету проблемасының аясында пайда болды. «Қолдау» түсінігінің мазмұнын талдап көрейік. Орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес бұл термин қандай да бір құбылыспен бірге жүретін әрекетті білдіреді [12]. Зерттеуші Ю. Слюсарев «қолдау» түсінігін адамның өзіндік ресурстарын белсендіретін және өзін өзі дамыту механизмдерін іске қосатын тұлғаның өзіндік санасының дамуы мен өзін өзі дамытуына бағытталған психологиялық көмек көрсету ретінде қолданған [13]. М.Р. Битянова қолдауды «баланың эмоционалдық қолайлылығы, оның табысты дамуы мен оқуына бағытталған психологтың білім беру ортасындағы кәсіби әрекеттерінің жүйесі» ретінде анықтайды [14]. «Әлеуметтік-педагогикалық қолдау» терминінің талдауына көшпес бұрын «әлеуметтік» және «педагогикалық» қолдау түсініктеріне анықтама беруді жөн деп санаймыз. И. А. Липский «тұлға дамуын педагогикалық қолдау кешенді сипатта болады: әлеуметтік саладағы адамдардың өзара әрекеттестігінің механизмдерін көрсетеді, бір мезетте уақыттық, кеңістіктік және институционалды формаларда болады, жүйелі-құрылымдық, процессуалдық және әрекеттік сипаттамалар арқылы көрініс табады» деп есептейді [15]. Педагогикалық қолдаудың мақсаты сүйемелденетін адам тұлғасын институционалды рәсімдеудегі арнайы педагогикалық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағыттап дамыту болып табылады. педагогикалық қолдау тұжырымдамасы мүдделі бақылау, кеңес беру, жеке өзінің қатысуы, баланың белсенділігінде көрінетін оның барынша дербестігін мадақтау процесі ретінде қарастырылады. Н.Б. Крылова педагогикалық қолдауды оқушының жанында бола алу, соңынан еру, оның жеке білім беру маршрутында, оқудағы жеке қозғалыстарында бірге жүру деп түсінеді [16]. «Қолдау», «әлеуметтік қолдау» және «педагогикалық қолдау»терминдерінің негізгі анықтамаларын зерттей келе біз «әлеуметтікпедагогикалық қолдау» түсінігінің мазмұнына талдау жасай аламыз. Е. И. Казакова психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға, оның отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу жолын таңдауда дамыту субъктінің барынша бостандығы мен жауапкершілігін сақтау; педагогтар, психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз етілетін мультипәндік әдіс; проблеманың диагностикасы мен оны шешудің субъектілік әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын ақпараттық іздеу, әрекеттер жоспарын құру мен оны іске асырудағы алғашқы көмек арасындағы үйлесімді 15 бірлік; даму субъектінің өзі әрекеттері үшін жауапты болатын бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінеді [17]. Э. М. Александровская психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл білім беру процесінің жағдайында туындаған проблемаларды шешуде белгілі бір даму кезеңінде көмек көрсетуге бағытталған технология, балаға көек берудің ерекше түрі деп атады. [18]. Әлеуметтік-педагогикалық қолдау анықтамасына берілген тәсілдемелерді талдай және олардың ортақ сипаттарын бөле отырып, келесі анықтаманы шығаруға болады: әлеуметтік-педагогикалық қолдау – бұл баланың қоғаммен өзара әрекеттестігі жағдайында баланы психологиялық дамыту және нәтижелі оқыту үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған маманның кәсіби әрекетінің белгілі бір жүйесі. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде қолдаудың әр түрлі модельдері әзірленіп, оның инфрақұрылымдары қалыптастырылуда. Оған психологиялықпедагогикалық және медициналық-әлеуметтік орталықтар, мектептегі қолдау қызметтері, кәсіптік бағдарлау орталықтары, психологиялық-педагогикалық қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдаудың ресурстық орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, сенім кабинеттері және т.с.с. жатады. Қиын жағдайдағы баланың дамуын әлеуметтік-педагогикалық қолдау қарым-қатынастарды қолдау, яғни оларды дамыту, түзету, қалпына келтіру ретінде қарастырылуы мүмкін. Қазіргі таңда «әлеуметтік-педагогикалық қолдау» түсінігі кеңінен қолданылады. Әлеуметтік-педагогикалық қолдау туралы түсінік баланы психологиялық дамыту мен нәтижелі оқыту үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған әлеуметтік педагогтың кәсіптік әрекетінің жүйесі ретінде мәнге ие [19]. Бұндай әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың мақсаты баланың жасына сай қалыпты дамуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл әлеуметтікпедагогикалық қолдау бойынша маман тек диагностика, кеңес беру, түзету әдістерін меңгеріп қан қоймай, проблемалы жағдайларды жүйелі талдау, оларды шешуге бағытталған әрекеттерді бағдарламалау және жоспарлау қабілеті болу керек [«Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялықпедагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 524 бұйрығымен бекітілген]. Қолдау терминін енгізу бұл ғылыми-лингвистикалық тәжірибенің нәтижесі емес, осы анықтаманы дәстүрлі – көмек, сүйемелдеу немесе қамтамасыз ету сөздерімен алмасытыру бұл құбылыстың мәнін толық ашпайды. Бұл жерде қолдау көрсететін және қолдау көрсетілетіннің өзара әрекеттестігінің күрделі процесі жөнінде айтылып отыр. Оның нәтижесінде қолдау көрсетілетіннің дамуының артуына әкелетін әрекеттер болып табылады. Психологиялық-педагогикалық қолдауды ерекше білім беруге қажеттілігі (ЕБҚ) бар балалар, оған жататындар: танымдық белсенділігі жоғары немесе төмен деңгейі бар балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, оңалту курсынан өтіп 16 жатқан балалар, жағдайы төмен отбасы балалары, қауіп тобының балалары, яғни қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың барлығы қажет етеді. 2012 жылдан бастап Қарағанды қаласының №27 жалпы білім беру мектебінің ұжымы «Бейімді мектеп – барлығына арналған мектеп» жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба даму мүмкіндігі шектеулі балаларды (ДМШ) дені сау балалармен бірге білім беру процесіне, демалу, мәдени, спорттық, шығармашылық әрекеттерге қосуды қарастырады және келесі міндеттерді шешеді: - ДМШ оқушылардың жалпы және ерекше білім беруге қажеттіліктерін қанағаттандыратын бейімді білім беру ортасын жасау; - ЕБҚ бар оқушылардың дамуындағы бұзылыс ерекшеліктерін, әлеуметтік тәжірибесін, жеке және отбасылық ресурстарды есепке алу; - оқытуды ерекше түрде құру – арнайы міндеттерді бөлу, оқытудың арнайы тәсілдер мен әдістерін қолдану; - ЕБҚ оқушыларды жалпы білім беру ортасына қосу процесін психологиялық-педагогикалық қолдау, балаға және оның отбасына қамқорлық көрсету, педагогтарға көмектесу; - әр түрлі саладағы мамандар мен білім беру процесіне қосылған атааналардың өзара әрекеттестігін үйлестіру; - ЕБҚ оқушыларды дамыту мен оқыту сұрақтарында педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру; - білім беру процесіне қатысушылардың оқуда әр түрлі мүмкіндіктері бар оқушыларға толерантты қарым-қатынас пен қабылдауды қалыптастыру. Оқушыларды жалпы білім беру поцесіне қосуға жағдайлар жасау үшін мектептік Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылды. Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдау әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай нәтижелі оқыту мен дамытуға арналған әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасайтын мамандардың тұтас, жүйелі ұйымдастырылған әрекетін білдіреді. - даму бұзылыстарын ерте түзету; - балаларды әлеуметтендіруде, оқытуда жеке ыңғай жасау; - оқуға ынтасын, дербестігін, әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту; - өмірлік құзіреттердің дағдыларын қалыптастыру; - ата-аналармен және құрдастармен конструктивті қарым-қатынас құру. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің айрықша ерекшелігі оның кешенділігі және арнайы педагогикалық көмекті қажет ететін балаларды уақытында анықтауға бағдарлану болып табылады. Қызмет әрекетінің мазмұны оқушылармен түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, балалардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын бейімдеу, білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара түсіністік пен әрекеттестікті нығайтуға ықпал ету. Қолдау қызметінің әрекеті бала дамуындағы кез келген проблеманы шешуде кешенді, пәнаралық тәсілдеме, білім беру процесінде бала дамуын 17 үздіксіз қолдау, қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау, психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша ісшараларға ата-аналарды, педагогтар мен балалар ұжымын белсенді қатыстыру қағидаларына негізделеді. Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы Қолдау қызметінің жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі: - психоәлеуметтік диагностика; - психотүзету жұмысы; - білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік ағарту жұмысы; - әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек беру; - ұйымдастырушылық-әдістемелік әрекет. Психоәлеуметтік диагностика даму бұзылыстарын ерте (баланың мектептегі бірінші күнінен бастап) анықтауды және мектептегі қиындықтардың себебін талдауды қарастырады. Ол бала туралы мәліметтерді кешенді жинақтауға, эмоционалды-еріктік саланың дамуы мен тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге, баланың отбасылық тәрбиелеу жағдайлары және дамуының әлеуметтік жағдайын зерттеуге, оның бейімделу мүмкіндіктері мен әлеуметтену деңгейіне негізделеді. Нейропсихологиялық диагностика нәтижелері бойынша қолдау қызметінің мамандарымен Түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламалары әзірленеді. Бағдарламалардың мазмұны даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың психофизикалық дамуының жеке ерекшеліктерін есепке алуға негізделген. Бағдарламалар Қолдау қызметінің мамандары (мұғалімдефектолог, логопед, психолог) жүргізетін жеке түзету сабақтарында, сонымен қатар білім беру-тәрбиелеу процесі барысында да жүзеге асырылады. №27 ЖББОМ психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі білім беру процесіне қатысушыларды, оның ішінде ата-аналарды инклюзивті білім беру, қалыпты дамыған және мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірге оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен міндеттері туралы кәсіби ақпаратты тарату арқылы әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық кеңес беруді іске асырады. Бұндай кеңес беру әрекеті даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, олардың отбасын және педагогтарды оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен әлеуметтендіруде сараланған психологиялық-педагогикалық жағдайларды жүзеге асыру сұрақтары бойынша арнайы қолдаудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Кеңес беру жұмысына: - білім беру процесінің барлық субъектілеріне бірыңғай даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыстың негізгі бағыттары бойынша негізделген біріккен ұсыныстар әзірлеу; - даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс тәсілдерін және жеке бағдарланған әдістерді таңдау бойынша мамандардың педагогтарға кеңес беруі; 18 - даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу стартегиясы мен оны түзете оқыту тәсілдерін таңдау сұрақтары бойынша отбасыға консультативті көмек беру.
Пайдаланған әдебиеттер:
Теория социальной работы / под общ. ред. И. Г. Кузиной. – Владивосток: Изд-во ДВГТУ, 2006. – 232 с.
Осухова Н.Г. Психологическая помощь в трудных и экстремальных ситуациях. М.: Академия, - 2005. - 288 с. (Высшее профессиональное образование) 2006
Концептуальные подходы к развитию инклюзивного образования в Республике Казахстан. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан Республики Казахстан.01.06.2015 г. № 348
Закон Республики Казахстан «О правах ребенка в Республике Казахстан. 08.08.2002 г. № 345- II 6. Закон Республики Казахстан «О специальных социальных услугах» от 29 декабря 2008 года № 114-IV (с изменениями и дополнениями по состоянию на 03.12.2015 г.)
Состояние и проблемы семейного устройства в Казахстане: опыт приемных и го- стевых семей: Методическое пособие. Рекомендовано Комитетом по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан – Алматы, 2015. – 152 с.
Руководство по предупреждению насилия над детьми. / Под ред. Н.К.Асановой. – М.: Издательский гуманитарный центр ВЛАДОС, 1997. – 512 с.
Григорьев Д.В., Кулешова И.В., Степанов П.В. Личностный рост ребенка как показатель эффективности воспитания: методика диагностирования. М.; Тула, 2002.
Никитин В. А. Начала социальной педагогики : учеб. пособие. – М.: Флинта: Московский психолого-социальный институт, 1998. – С. 54.
Декларация прав ребенка. Принята Генеральной Ассамблеи ООН от 20 ноября 1959 года. Статья 5. 12.Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка – М., 2010 г.