ТСР хаттамасы және оның негізгі функцияларын атаңыз
OSPF хаттамасының қызметі қандай?
ЛЕКЦИЯ №8. ХАТТАМАЛАР
8.1 Байланыс орнату процедурасы. UDP хаттамасының қолданылу ерекшеліктері 8.2 Қолданбалы деңгей хаттамалары. ARP және RARP хаттамаларының ерекшеліктері 8.3 DHCP хаттамасының функциялары және конфигурациялық ерекшеліктері. 8.1 Байланыс орнату процедурасы. UDP хаттамасының қолданылу ерекшеліктері UDP (User Datagram Protocol) хаттамасы TCP хаттамасына қарағанда өте қарапайым транспорттық хаттама болып келеді.
Қолданушының дейтграммаларының хаттамасы UDP (User Datagram Protocol) транспорттық деңгейдің хаттамасы және желіаралық IP хаттамасының мүмкіндіктеріне негізделген. UDP-дің негізгі мақсаты –желідегі деректердің "жылдам" берілісін қамтамасыз ету.
Оның негізгі сипаттамалары төменде келтірілген:
*Логикалық (виртуальды) қосылыссыз тәртіпте әрекеттесуді орындайды;
*Деректердің блок (дейтграммалық, пакеттік) бойынша берілісін ұйымдастырады;
*Транспорттық деңгейде әрекеттесуі бойынша партнерлерді идентификациялау үшін 16-биттік "порт нөмірлерін" пайдаланады;
*Деректердің берілісінің сенімді болуына жауап бермейді (UDP-пакеттердің жойылып кетуі және қайталануы мүмкін);
*UDP-пакетті адресаттың дұрыс немесе қате қабылдағандығы туралы ол пакетті жіберушіге ескерту жабдықтарымен қамтылмаған;
*UDP-пакетті жіберушіден қабылдаушыға ретпен жеткізуді қамтамасыз етпейді;
*UDP-пакеттегі бақылаушы қосындыны қолдана отырып, деректердің бүтіндігіне жауап береді;
*өте қарапайым (әсіресе, TCP хаттамасымен салыстырғанда).
Транспорттық деңгейдің хаттамасы UDP-дің қолданбалы программалар мен желіаралық деңгейдің хаттамасы IP жабдықтары арасындағы интерфейстің рөлін атқаратындығын айта кеткен жөн. суретте UDP-пакеттің тақырыбының форматы келтірілген.
Жіберу көзінің порты мен қабылдаушының порты – UDP-пакетін жіберуші мен қабылдаушының сәйкес порттарының нөмірлерін сақтайтын 16-биттік өрістер.
Ұзындық – тақырыбы мен деректерді қоса есептегендегі UDP-пакеттің ұзындығын (байтпен берілген) көрсететін 16-биттік өріс.
Бақылауыш қосынды – UDP - тақырып үшін есептелген, Internet- бақылауыш қосындыдан тұратын 16- биттік өріс.
ARP хаттамасы TCP/IP –дің барлық орындалуларында қолданылатын негізгі хаттама болып саналады. Көбінесе оның қызметі қолданылған қосымшалар мен жүйелік администратордың қалауынан тәуелсіз. Біз arp бұйрығын кэшті көру үшін немесе модификациялау үшін қолдандық. Кэштегі әрбір жазба аяқталмаған немесе аяқталған жазбаларды жоятын таймерді қолданады. Arp бұйрығы ARP кэшіндегі модификацияланған жазбаларды көрсетеді.
RARP, көбінесе, қатты дискісіз жүйелерде қолданылады (қатты дискісіз жұмыс станцалары немесе X терминалдар), бірақ мұнда жүйелік администратордың көмегімен қолдануды конфигурациялауға тура келеді.
Синхронизациялау – бұл байланыс протоколының бөлігі. Байланыс синхронизациясы процесінде қабылдағыш пен таратқыш жұмысын синхрондау қамтамасыз етіледі, сонда қабылдағыш кірісімен келіп түсетін ақпараттық биттердің таңдауды жүзеге асырады. Синхронизациялау мәселесін шешу тәсіліне байланысты синхронды беріліс, асинхронды беріліс және автоподстройкалы беріліс болып бөлінеді. Синхронды беріліс тұрақты желіліктегі импульстерді синхрондағыш (ИС) беріліс үшін байланыстың қосымша желісінің болумен өзгешеленеді. Таратқышпен байланыс желісіне бит деректерді беру және қабылдағышпен ақпараттық сигналдарды таңдау ИС пайда болған сәттен жасалады. Синхронды берілісте синхрондау сенімді түрде жүзеге асырылады, алайда ол қымбаттау түседі – байланыстың қосымша желісінің қажеттілігімен. Асинхронды берілісте қосымша байланыс қажет емес.