Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет6/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Жергілікті есептеуіш желілер.
Қазіргі таңда жергілікті есептеуіш желілер кең таратылуда. Бұл бірнеше себептерден болады:
- желідегі компьютерлерді байланыстыру компьютердің құрамындағы шығындарды азайту есебінен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді (бірнеше жұмыс станциялары қолдана алатын орнатылған программалық өніммен файл-серверде желідегі басты компьютердің белгілі дискілік кеңістігі болуы қажет );

  • Жергілікті желілер хаттаманы басқа компьютерге жіберу үшін хаттамалық жәшікті қолдануға мүмкіндік береді, ол өте аз уақыт ішінде құжатты бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдайды;

  • Арнайы бағдарламалық жабдықтар жергілікті желілердің көмегімен мекемелердегі файлдарды бірге қолдануға мүмкіндік береді (мысал ретінде, әртүрлі компьютерде отырған бухгалтерлер желілер арқылы бухгалтерлік кітапты өңдей алады).

Кейбір қызметтік орталарда жергілікті есептеуіш желісінсіз жұмыс істей алмайды. Мұндай орталарға: банкілік іс, ірі компаниялардағы қоймалық операциялар, кітапханалардың электрондық архивтері және т.б. жатады. Осындай орталарда әрбір жеке жұмыс станциялары көлемінің өте үлкендігінен барлық ақпаратты сақтай алмайды. Желі операторы файл-серверде тіркелген тұтынушыларға рұқсат берілген ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Телекоммуникациялық есептеуіш желілер
Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер-ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралыды (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық,программалық сияқты қоғамдық рессурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез-келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.
Телекоммуникациялық желілердің аппараттық қамтамасыз етілуі әртүрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғылары, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әртүрлі деңгейдегі желілер жұмысын үйоетуге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникациялық желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтық және цифрлық кодтау қолданылады.
Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі- желі шешетін мәселеге бағытталған біртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануларына және жеке абоненттерге арналған деректер жиыны. Онда білім базасы, автоматтандырылған деректер базасы (жергілікті және тарқатылған, қоғамдық және дербес пайдалауға арналған) қамтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет