Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Тақырып 7 Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты



бет73/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
Тақырып 7 Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
1.Инвестициялардың экономикалык маңызы, олардың жіктелуі және көздері. 2.Капиталдық салымдар, олардың кұрамы және құрылымы.
3.Кәсіпорынныц инвестициялық қызметінің стратегиясы: мазмұны және әзірлеу кағидалары


1.Инвестициялардың экономикалык маңызы, олардың жіктелуі және көздері
1. Инвестиция – салыстырмалы түрде алғанда біздің экономикамыз үшін жаңа термин. Отандық экономикалық әдебиеттерде инвестиция ұғымы күрделі қаржыларды жұмсау синонимі ретінде қолданылып келді. Бұл ұғым арқылы негізгі қорлардың жай және дамыған ұдайы өндірісіне бағытталған барлық материалдық, еңбек, қаржылық шығынның ресурстарымен түсінілді.
Ұлттық заңға сәйкес инвестициялар – бұл ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция және басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар; лицензиялар; несиелер; кез келген мүлік немесе мүліктік құқық, кәсіпкерлік немесе өзге де іс-әрекет түрлерінен табыс табу және әлеуметтік оң нәтижеге қол жеткізу мақсатына жұмсалатын зияткерлік құндылық.. Нарықтық экономикада ең кең тараған және жалпылама ұғым бойынша инвестиция – бұл табыс табу немесе басқадай бір нәтиже алу мақсатында кез-келген түрдегі қаржы жұмсау үдерісі.
Нарықтық экономикада инвестиция ұғымында инвестициялық іс-әрекеттің екі жағы ұштасады: ресурстар шығыны және нәтиже. Инвестициялар нәтиже алу мақсатымен жүзеге асырылады, егер ол мұндай нәтиже бермейтін болса, онда ол керексіз болып табылады.
Сонымен қатар, инвестициялардың келесі ортақ, өзіне тән сипаттарын айтып өтуге болады: олар, әдетте, ұзақмерзімді сипатқа ие (бұл – нақты инвестицияларға қатысты; қысқамерзімді инвестициялар қаржы шеңберінде өте тиімді құнды қағаздар арқылы жүзеге асырылады); инвестициялық іс-әрекет және қабылданған инвестиция жасау шешімдері кәсіпкерлік қызметтің барлық тараптарына және аймақтағы әлеуметтік – экономикалық ахуалға кешенді түрде ықпал етеді.
Сол себепті қабылданатын инвестициялық шешімдер техникалық, ақпараттық және ұйымдастыру жағынан негізделген болуы қажет. «Инвестиция ұғымын түсіну» деген сөздің мәні осында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет