Алкадиенді көмірсутектер Молекуласында екі қос байланыс бар қанықпаған қөмірсутектерді диенді деп атайды. Олардың жалпы формуласы Сn Н2n-2. Аса маңызды диенді көмірсутектерге бутадиен немесе дивинил және метилбутадиен немесе изопрен жатады:
Н Н СН3 Н
/ / / /
Н 2С = С-С = СН2 Н 2С= С-С= СН2
Бутадиен – 1,3 2-метилбутадиен –1,3
(дивинил) (изопрен)
Полиэтилен мен полипропилен Этилен көмірсутектерінің манызды қасиеттеріне-көмірсутек молекулаларының бір – бірімен әрекеттесіп жоғары молекулалы қосылыстар түзуі жатады.
Жоғары қысымда және қыздырғанда этилен молекуларындағы қос байланыстар үзіледі . Олар бір –бірімен қосылып ұзын тізбек түзе полимерленеді :
СН2 = СН2+ СН2 = СН2+ СН2= СН2+… - СН2 – СН2 – СН2 – СН2 – СН2- СН2 - … ( - СН2- СН2-) n полиэтилен
Түзілген этиленнің полимерін полиэтилен дейді .
Пропиленнің полимерлену нәтижесінде полипропилен түзіледі:
nСН2= СН- СН3 (- СН2- СН -) n
| |
СН3 CH3
Түзілген макромолекулалардың бос байланыстарына сутек атомдары немесе радикалдар қосылады.
Бірдей молекулардың бір-бірімен тізбектеп қосылуы нәтижесінде күрделі молекула түзілу процесін полимерлену ракциясы дейді .Реакция нәтижесінде түзілген күрделі молекуланы - полимер, ал полимерлену реакциясына қатысқан төменгі молекулалы затты - мономер дейді. Полимерде бірнеше рет қайталанып келеіп отыратын атомдар тобын қүрлыстық буындар деп атайды.Полимердің құрамына мономерлерді неше молекулары кіретінін көрсететін сан п полимерлену дәрежесі деп аталады.
Химиялық қасиеттері жағынан полиэтилен қаныққан көмірсутектерге ұқсас. Ауада көкшіл жалынмен жанады. Бром суы, калий перменгенаты оған әсеретпеиді , яғни, ол қосылу реакциясына түспейді .
Полэтилен кабелдерді қаптауға, азық – түлік орауға, ауыл шаруашылығында жеміс – жидектерді суықтан қорғауға, химия өнер кәсібінде әр түрлі реактивтер құятын ыдыстар, құбырлар, тұрмыс ыдыстарын жасауға қолданылады.
Полипропилен – қатты, май тәрізді сезілетін, сүтке ұқсас ақ зат. Ол қаныққан көмірсутектер сияқты тотықтырғыштардың, қышқылдардың, сілтілердің әсеріне төзімді келеді. Полипропилен мықты изоляция, ыдыстар, құбырлар, машина бөлшектерін, химиялық аппараттар бөлшектерін, заттарды орайтын пленкалар жасауға қолданылады.
Табиғи каучук. Зертеулер табиғи каучук изопреннің полимері екенін көрсетті :
СН 2-С-С = СН2+СН-С-С-СН2+СН2 = С-С-СН2+…
/ / / / / /
СН3 Н СН3 Н СН3 Н
-СН2-С= С-СН2-СН2-С= С-СН2- + -СН2-С= С-СН2-…
/ / / / / /
СН3 Н СН3 Н СН3 Н
(- СН2-С= С-СН2-)n
/ /
СН3 Н
Табиғи каучук жабысқыш, тез құрғап қатты омырылғыш күйге айна-лады. Сондықтан оны резинаға айналдыру үшін күкірт қосып қыздырып вулканирзациялайды. Табиғатта каучукты тропикте өсетін Бразилия гевея-сынан алады. Совет мем-лекеті алғашқы жылдарда каучукты шет елдерден алып тұрды. Сондықтан көп мөл-шерде және көптеген бағалы / суыққа, ыс-тыққа төзімді т.б./ қассиеттері бар каучукты синтездік жолмен жасау қажет болды.
Достарыңызбен бөлісу: |