Стирол.Стиролды бензолдағы бір атом сутек винил радикалына алмасудан шыққан зат деп қарастыру кенрек. Стиролдың формуласы:
- - СН =СН2
Стирол жағымды иісті, судан жеңіл, 145 0С-та қайнайтын сұйық зат. Стирол жарық сәулесінің әсерінен оңай полимерленіп полистиролға айналады.
Оның формуласы мынандай:
- - СН =СН2
n
Полистирол судың, минералды қышқылдардың, сілтілердің, бензиннің, майдың әсеріне төзімді зат. Ол жарық сәулесін жақсы өткізеді. Электір тотығын өткізбейді. Осы қасиеттеріне сәйкес полистиролды электрондық , радио, телевизия апараттарының бөлшектерін жасауға, электр изоляциялық материал, түрмыстық заттар жасауға қолданады.
Стирол мен бутадиеннің бірде полимерленуінің нәтижесіенде түзілген полимерді бутадиен стиролды каучук деп атайды:
- -СН -СН2-СН2- СН=СН -СН2-
n
Бутадиен стиролды каучуктан жасалған резина химиялық заттардың әсеріне, ыстыққа төзімді келеді. Мысалы, мұнай ризина – 70 0С – тан +80 0С –қа дейінгі температура аралығына төзімді келеді. Сондықтан бутадиен стиролды каучуктар автомавиль, самолет дөнгелекте,рін жасауға қолданады.
Қазір дүние жүзінде өндірілетін каучуктың 75-80% бутадиенстиролды каучуктың үлесіне тиеді.
Нафталин
Нафталин -жоғары үшқыштықпен ерекшелінетін балқу температурасы 80°-қа тең кристалды зат. Нафталин үшін көдімгі электрофильді орын-басу реакциялары тән.Нафталин сақинасындағы бағыттау ережелері бензол сақинасындағы бағыттау ережелеріне ұқсас, бірақ екінші сақинаның пайда болуы және нафталин сақинасында электрондық тығыздықтың әртүрлі таралуы бірқатар өзгерістер енгізеді.
Егер нафталиннің қандай-да бір сақинасыңда I текті бағыттаушы бол-са, онда жаңа орынбасар Sе реакциясы кезінде сол сақинаға енеді.α-жағдай-да бағыттаушы орынбасар болған кезде жаңа орынбасар сол сақинаның n-жағдайына (сонымен бірге σ-жағдай) бағытталады. Келесі орынбасар бос о-жағдайға бағытталады.
Егер нафталиннің қандай-да бір сақинасында екінші текті орынбасар орналасса, онда бұл сақина электрофильді орынбасуға түсуге қабілетсіз болып, жаңа орынбасар екінші сақинаға енеді.
α-жағдайда орналасқан электрон-акцепторлы топтың (II текті ба-ғыттаушы) осерінен болатын электрондық тығыздықтың төмендеуі 2, 4, 5, 7 жағдайларда байқалады.
егер бұл топ р-жағдайда болса, аталған құбылыс 1 3, 6 және 8-жағдайларда байқалады.
Фенантрен. Фенантреннің құрылысы стероидтар және морфин қата-рының алкалоидтары негізінде жатыр, ал нафтацен негізінде тетрациклинді антибиотикгер алынады.
Антибиотик тетрациклинді биосинтезіндегі полициклді ароматты қо-сылысты хлорлау табиғатта жүретін реакцияньщ үлгісі ретінде саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |