2. Қаржы саясатының типтері Көптеген елдердегі қаржы саясатына талдау жүргізе отырып, олардың 4 негізгі типтерін атап көрсетуге болады: классикалық, реттеушілік, жоспарлы –директивті және қәзіргі саясат.
Өткен жүз жылдықтың 20 жылдарында көптеген елдерде қаржы саясатының классикалық типі кең қолданылды. Мұндай қаржы саясаты классикалық саяси экономияның өкілдерінің еңбектерінде А. Смит (1723-1790) және Д. Рикардоның(1772-1823 еңбектерінде және олардың ізбасар ғалымдарының еңбектерінде айқын көрінеді. Олардың негізгі ұстанған бағыттары – экономикаға мемлекеттің араласпауы, еркін бәсекелестіктің қалыптасауы және нарықтық механизмді шаруашылық үрдістердің басты реттеушісі ретінде қолдану. Осының негізінде мемлекеттік шығындар мен салықтарды кеміту, тепе-теңдік бюджет құрылымын қамтамасыз ету.
Реттеушілік қаржы саясатының негізін ағылшын экономисті ДЖ. М. Кейнстің (1883-1956) және оны қолдаушылар қалыптастырған. Олар экономиканың циклдық дамуын мемлекет әр уақытта реттеп отыруы қажет деген тұжырымды ұстанады. Ал қаржы саясаты дәстүрлік міндетттермен қатар халықты толық еңбекпен қамтуды жүзеге асыру мақсатында экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеуді де жүзеге асыру қажет. Реттеушілік қаржы саясаты жағдайында салықтар түбегейлі өзгеріп отырады. Басты реттеуші механизм ретінде прогрессивті салық мөлшерлемелерінде пайдаланылатын табыс салығы жиі қолданылады.
Жоспарлы – директивті қаржы саясаты экономиканы жоспарлы басқару жүйесін қолданатын мемлекеттерде жүзеге асырылады. Өндіріс қаражаттарының мемлекеттік меншікке негізделуі экономиканы, қаржыны және әлеуметтік саланы тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайдағы қаржы саясатының мақсаты – мемлекеттік жоспарды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің қаржы ресурстарын максималы түрде шоғырландыруға бағытталған (ең бірінші билік пен басқару органдарында ).
Қәзіргі қаржы саясаты – бұл кәсіпкерлік қызметтің көп түрлерінің дамуымен, мемлекеттік меншіктің жекешеленуімен, шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларының қалыптасуымен және аралас экономиканың жүзеге асырылуымен сипатталады. Осының негізінде қағидалы қаржы механизмі қалыптасады. Мемлекет кәсіпорыннның ішкі шаруашылық қатынастарына араласпайды.