Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К



бет4/11
Дата21.04.2017
өлшемі2,94 Mb.
#14314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сабақтың тақырыбы: Шығыс ойшылдары шығармаларындағы мұғалім шеберлігі туралы мәселелер (Әл-Фараби,Қайқабус, Қ.А.Иассауи т.б.)

Сабақтың жоспары:

  1. Ғұламалардың ұстаз туралы ойлары.

  2. Ой-пікірлердің бүгінгі талаппен үндестігі.


Теориялық мәліметтер:

Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби өзі де ұстаздық еткендіктен мынадай талаптар жүйесін белгілеген: “ұстаздың мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек. Өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады” дей келе, ұстаз тарапынан оқыту мен тәрбиелеуде барынша ынталылық пен табандылық қажет екендігін айтады.

Қазақ жеріндегі мектеп, медреселерде білім алған ежелгі ғұлама ғалымдар үлгі өнеге алып өскен, аса құнды еңбек Кайкаус патшаның перзентіне арнап жазған өсиетнамасы – “Қабуснама” кітабында “әрбір адам бір істі қолына алса, оны жақсы біліп, әдістерін үйреніп, құпия сырларын игеріп, машықтануға міндетті” екені айтылады. Ұстаз болған адам басқаларға үлгі-өнеге болмағы ләзім.

1 .“Өнеркәсіптің ішінен ілімге талапкер болсаң, өте ұқыпты, ынсапты, қанағатты бол, уақытты босқа өткізуді дұшпаным деп сана;

2. сабырлы әрі салмақты бол, жеңілтек, желөкпелер қатарына қосылма, кеш жатып, ерте тұр;

3. кітап оқу, сабақ беру мәселесіне ерекше көңіл бөл, өз ісіңнен жалықпа, оқығаныңды жаттап қайталаумен жақсы біліп ал

4. естігеніңді көңіліңнен қайталап өткізіп, жадыңа сақтауға тырыс;

5. кітап, қағаз, қалам, қаламұштағыш т.б. қажетті заттарды әрдайым өзіңнің жаныңа қойып басқа нәрселерді маңыңа жуытпа;



6. аз сөйлеп ұзақ ойлан” дейді де, әрбір азаматтың табиғаты осы сипаттас болса деп есептейді.

Жалпы ұстаз туралы өткен дәуірде өмір сүрген ғұламалардың пікірі бойынша, адамға тән жақсы қасиеттердің барлығын бойына жинақтай білген адам – ол нағыз адам.

Айталық, Жүсіп Баласағұни ұстаз тұлғасы туралы жүйелі пікір айтпағанымен, жалпы адамдық жайлы ой тұжырымдарынан мұрат адам бейнесін іріктеп алуға болады: мінезі, қылығы сынық, ізгілікті, ақылды, білімді, парастты, тіл өнерін меңгерген, сабырлы, әдепті, өзін ұстай білетін, адал да әділ.

Білім ордасы, ей ісілердің игісі,

Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе.

Ізгі іс немесе мінезі түзілік,

Екінші –ұят, үшінші-әділдік.

Бұл өлең шумақтарынан осы заманғы педагог ғалымдардың пікіріне сәйкес ойларды, ұстазға тән қасиеттердің белгілерін байқаймыз. Аса таңқаларлық нәрсе: ғұламаның адам қабілетінің өлшеулі болатыны туралы “ақылды адам үйрене алмайды, ақыл адаммен қоса жаратылады, үйренілмейді” деген пікірі.

Түрік дәуірінің ғұламасы Қожа Ахмет Иассауи бар жақсылық бір Алладан дей келе пайғамбарларды өзінің ұстазы санаған, 34 хикметінде: “Ұстаздарға қызмет тым еркіңменен, Ұстаздарға қызмет қылсаң нәжіге апат” деген өлең шумақтарында терең астар жатыр. 37 хикметінде : “жақсылардың соңынан әсте қалма, жолға кірген ақыры мұратына жетер достар” дей келе қайырым, мейірім, достық, әр нәрседе шектен шықпау, белгілі бір мөлшерден аспау, әділдік, адалдық секілді ізгі қасиеттерді мадақтап, сондай адамдардан үлгі-өнеге алуды өсиет етеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Әбу Насыр әл-Фарабидің ұстаз туралы ой-пікірі бүгінгі күнмен қаншалықты үндеседі?

2. Ғұламаның “ұстаз алдымен шәкіртінің ден саулығы мен жан саулығын сақтауға мүдделі болуы керек” деген ой түйіндісіне сіздің пікіріңіз қандай?

3. “Қабуснама” өсиеттерінің қандай да бір бөлігін, сіз өз өміріңізде “ұстана аламын”деп айта аласыз ба?

4. Ғұламалардың ұстаз туралы пікірлері, сізге қандай ой түсірді?
Студенттердің үй тапсырмасы:


  1. Түрлі әдебиеттерден “қазақ педагог-ғалымдарының ұстаз туралы айтқан ой-пікірлерін” жинақтаңыз.


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1.Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.



-Топтастыру жасау.

3. Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру.



(Студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік “Мені көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)

Documents


3. Педагог-психолог мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру.



  1. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметті атқаруға қажетті қабілеттері мен дағдылары.




  1. Бастауыш сынып мұғалімінің өз шеберлігін арттыруға септігін тигізетін оқытудың дидактикалық кезеңдері.




  1. Оқыту үрдісіндегі зерттелініп келген, әлі шешімін таппаған үздік оқитындар мен үлгермейтін балалардың ара жігін жақындатудағы шебер мұғалімнің ролі қандай?




  1. А.Дистервергтің “Нашар мұғалім шындықты өзі айтып қояды, ал жақсы мұғалім табуға үйретеді” деген пікірінің, ғылыми дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған бастауыш сынып оқушыларына қатысы бар ма? Бастауыш сынып мұғаліміне ше?




  1. В.А.Сухомлинскийдің атап көрсеткен бастауыш сынып мұғалімі қызметінде кездесетін дидактикалық қиыншылықтар.




  1. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметінде талап етілетін мақсат-міндеттер.




1. Мұғалімнің өзін меңгере білу қабілеттілігі

А. эмоционалдық тұрақтылық

В. тұлға динамизмі

С. перцептивтік

Д. оптимистік

Е. шығармашылық
2. “Әуелі бала жүрегінің қозғалысын түсіну керек” деген

А. Сухомлинский В.А.

В. Сорока-Росинский В.Н.

С. Кузьмина Н.В.

Д. Макаренко А.С.

Е. Гончарова Т.И.


3. Бұл сендіре білуге қабілеттілік, бұл ішкі дүние энергиясы, иілгіштік және ынталылық

А. динамизм

В. байқампаздық

С. оптимистік

Д. эмоционалдық

Е. ұстамдылық


4. Педагог-шебердің адамды түсіне білу қабілеттілігі байланысты

А. тұлға динамизмімен

В. ұстамдылықпен

С. қарым-қатынаспен

Д. түсінушілікпен

Е. оптимистікпен


5. Тұлға динамизмі қабілеттілігін меңгеруде неге сүйенеді

А. жаңашыл педагогтардың іс-әрекетіне

В. байқампаздыққа

С. ұстамдылыққа

Д. білімділікке

Е. көңіл-күйге


6. Олардың сабақтары қуатты, ұстанымы жоғары, сөзі сана-сезімге терең әсер ететіндей қабілетті

А. жаңашыл-педагогтар

В. оқытушылар

С. тәрбиешілер

Д. оқушылар

Е. ата-аналар


7. Өзі кейбір жағдайлардан шығу мүмкіндігін қарастыра білетін, тұлғада эмоционалдық тұрақтылық құра алатын, өзін-өзі меңгеруге қабілеттілік

А. эмоционалды тұрақтылық

В. тұлға динамизмі

С. перцептивтік

Д. академиялық

Е. коммуникативтік


8. “Мұғалімнің оқушыға “Ешқашан...” деп айтуға құқы жоқ”

деген


А. халық мұғалімі Т.И.Гончарова

В. Сухомлинский В.А.

С. Макаренко А.С.

Д. Крупская Н.К.

Е. Ушинский К.Д.
9. Өзін басқару біліктілігі мен педагогикалық тапсырманы шешу процесінде әрекет ете білу біліктілігі

А. біліктілік түрлері

В. педагогикалық технология

С. технология

Д. шеберлік

Е. әдеп
10. Сөйлеу техникасын, эмоционалдық жағдайын, өз бойын меңгере білуі

А. біліктіліктің 1-тобы

В. біліктіліктің 2-тобы

С. біліктіліктің өзі

Д. білімділік

Е. дағды

11. Өзара әрекетте қарым-қатынас техникасын меңгеруі, ұйымдастырушылық, дидактикалық қабілеттілігі

А. біліктіліктің 1-тобы

В. біліктіліктің 2-тобы

С. біліктіліктің өзі

Д. білімділік

Е. дағды
12. Мақсатқа сәйкестілік, продуктивтілік, оптимистілік, шығармышылық

А. педагогикалық шеберліктің критерийлері

В. педагогикалық шеберлік

С. ұстамдылық

Д. тұлға динамизмі

Е. эмоциялық тұрақтылық


13. Студенттің кәсіби дайындығының бастапқы деңгейі саналатын шеберлік негіздерін меңгеруде көмектеседі

А. ЖОО


В. мектеп

С. колледж

Д. лицей

Е. гимназия


14. Студентке бағыт беру, білім беру, қабілеттерге баулу, техникамен қаруландыру

А. ЖОО міндеті

В. мектеп міндеті

С. колледж міндеті

Д. лицей міндеті

Е. гимназия міндеті


15. “Мен өзімнің жеңіс қарсаңында екенімді сезінетін едім. Шеберлікті біз түсінеміз. Өйткені көреміз: педагогтың барлық іс-әрекеті мақсатты, ойнылған, реттелген. Ол жағдайды түсіне біледі, оны қайта құра біледі, ситуацияларды табысты шеше біледі, кездейсоқ әсерлермен қамтамасыз ете алады”

А. Макаренко А.С.

В. Сухомлинский В.А.

С. Гончарова Т.И.

Д. Крупская Н.К.

Е. Ушинский К.Д.







Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық және актерлік қабілеттіліктер диагностикасының белгілері мен әдістері.

Сабақтың жоспары:




  1. Қабілеттіліктер – мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің алғы шарттары.

  2. Педагогикалық және актерлік дарындылық табиғатының мәселесі.


Теориялық мәліметтер:

Болашақ маман қызметінің негізінде жатқан және заманауи мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің алғы шарттары болып табылатын қабілеттіліктер диагностикасының белгілері мен әдістері жөнінде нақты және айқын түсініктің студенттердің кәсіби-педагогикалық дайындығының тиімділігі мен ерекшеліктерін арттыруда маңызы зор. Өмір мұғалімнің нақты ғылыми білімдердің және жалпы адамзаттық рухани құндылықтардың ұстанушысы болуын ғана емес, сондай-ақ өзінің жұмысында жоғары шеберліктің маңызды қайнары болуын, ол нені дұрыс, шабытты және сенімді, қызықты және жөн айтуды білуін ғана емес, сонымен бірге қалай айтуды білуін талап етеді.

Педагогикалық және актерлік дарындылық табиғатының мәселесін, оның диагностикасының белгілері мен әдістерін зерттеу:


  1. студенттерді курсқа іріктеу үрдісінде-ақ педагогикалық және актерлік шеберлікке табысты оқытуды болжау үшін;

  2. бейімділіктердің, арнайы қабілеттіліктердің, тұлғаның жалпы көркемдік дарындылығы мен шығармашылық әлеуетінің ара қатынасын елестету үшін (кәсіби маңызды ерекшеліктерді айырып және олардың бір-бірімен қалай байланысқанын, қандай психикалық үрдістермен қамсыздандырылғанын анықтау, не нәрсесіз оқытудың болашағы жоқ, ал оқыту үрдісінде не дамитынын ойлаутыруға болады);

  3. шамамен кәсіби маңызды ерекшеліктерді анықтағанда қателеспеу үшін;

  4. студентке өзінің мүмкіндіктерін, күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінуде, қабілеттілік барда мамандықты меңгеру жолында нақты кедергілерді жеңуде жәрдем беру үшін;

  5. шығармашылық дербестікті ынталандыратын факторларды белсенді ету және жағдай жасау үшін қажет.

Алдымен педагогикалық қабілеттіліктер құрылымының бөлшегі болып табылатын актерлік қабілеттіліктер белгілерінің мәселесін қарастырайық. Актерлік қабілеттіліктердің тәжірибеде жинақтаған өз белгілері бар. Көптеген театр қайраткерлері, түрлі театр мектептерінің негізін қалаушылар К.С.Станиславский, В.Э.Мейерхольд, Е.Б.Вахтангов, А.Я.Таиров актерге қажет ерекшеліктер мен сипаттар жөнінде жазды.

Адамдардың актерлік дарынды басты ерекшеліктері есебінде түрлі сипаттар аталады:



  1. эмоциялы стресс жағдайында өнімді және жалғастыру әрекетіне қабілеттілік;

  2. ой тудыруға және әрекет арқылы ойдың трансляциясын жүзеге асыруға қабілеттілік;

  3. бір ойыннан екіншісіне ауысуға дайын болу;

  4. эстетикалық қызметке, көркемдік образдарды жасауға бағыттылық;

  5. қоршаған ортаға әсердің нақтылығы және айқындылығы;

  6. түрленуге икемделу, өзін-өзі сендіруге қажеттілік;

  7. жеке тартымдылық, сүйкімділік;

Біз жүргізген зерттеу нәтижелері мынаны көрсетеді, яғни педагогикалық мамандықты алатын студенттер адамдардың әртістік (арнайы көркемдік білімдері жоқ) деп айтуға болатын негізгі ерекшеліктері деп мыналарды есептейді:

  1. өзімен, өзінің сезімдерімен, ойларымен, күйзелістерімен, ассоциациясымен, іште, жүректе әрдайым пайда болатын дүниемен бөлісу қабілеттілігі;

  2. өзінің сезімдерін басу және сыртқа “тастағысы” келетін сезімдерді ғана “тастау” икемділігі;

  3. әр түрлі болу, таңдандыру шеберлігі;

  4. кез келген істі жүргізіпәкету қабілеттілігі, қызықтырып әсерлендіру, қоршаған адамдарды өзіне сендіруге мәжбүрлеу шеберлігі, тартымдылық;

  5. жасы келгенге қарай өмір сүріп жатқан сияқты ойнау қабілеттілігін жоғалтпау;

  6. көпшілік алдында батыл болу;

  7. дамыған бейнелі ойлау, реактивтілік, жігерлілік;

  8. әр түрлі адамдармен қарым-қатынас кезінде жеңілдікті сезіну, барлық жағдайда оларға және өмірге қызығушылық таныту, ақ көңілділік;

  9. мықты визуалды және эмоциялық ес (әңгімелесушіні тыңдау және сезіну бейімділігі);

  10. еркіндік сезімі, мүмкін еместі елестету шеберлігі;

  11. қанағатшылық сезім, әсершілдік;

  12. сезімталдық;

  13. өмірден, адамдардан әрдайым жаңа бір нәрсе іздеу;

  14. шапшаңдық, бай қиял, юмор сезімі;

  15. зеректік, түсінгіштік, білімділік.

Бақылау сұрақтары:

1. Педагогикалық және актерлік қабілеттіліктер жөніндегі түсініктердің студенттердің кәсіби-педагогикалық дайындығындағы маңызы қандай?

2. Педагогикалық және актерлік дарындылық табиғатының мәселесін, оның диагностикасының белгілері мен әдістерін зерттеу не үшін қажет?

3. Актерлік қабілеттіліктердің белгілері қандай?

4. Актерлік қабілеттіліктің мұғалімнің іс-әрекетіне қатысы бар ма?

5. Адамдардың актерлік дарынды ерекшеліктерінің сипаттарын атаңыз.

6. Педагогикалық мамандықты алатын студенттердің негізгі әртістік ерекшеліктері қандай? Ол сіздің бойыңыздан табыла ма?
Студенттердің үй тапсырмасы:

1. “Педагог және актер” деген тақырыпта эссе жазыңыз.


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

  1. Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.

    1. Топтастыру жасау.







(Студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік “Мені көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)



Documents








    1. Жас мұғалімдердің басым көпшілігінде болатын кемшіліктерді атаңыз және ол не себептен?




    1. Практиканттар алғашқы сабақтары туралы шығармаларында қандай кемшіліктерін атап көрсетеді және ол неліктен деп ойлайсың.




    1. Студенттердің негізгі кемшілігі дауысты меңгеруде дейді, сіз осыған келісесіз бе?




    1. Сөйлеудегі көпшілігінде кездесетін кемшіліктерді айтыңыз.




    1. Кемшіліктердің болуы педагогтың оқушыларға ықпалының нәтижесіне өзгеріс әкеледі деп ойлайсыз ба?




    1. Жас мұғалімнің педагогтік техникасының жетіспеушілігін қалай жоюға болады? Өз ойыңыз.



1. Бұл күрделі педагогикалық жағдаятты жақсарту мақсатында, оны жаңа деңгейге ауыстыратын, педагогикалық іс-әрекеттің мақсатына жақындайтын, барлық уақыттағы ұғыну

А. педагогикалық тапсырма

В. әдістеме

С. тәсіл

Д. әдіс


Е. құрал
2. Мектептің және бір күні басталды. Сыныпқа оқушы кешігіп кірді.

А. ситуация

В. педагогикалық тапсырма

С. сабақ


Д. тәрбие жұмысы

Е. процесс


3. Үй тапсырмасы тексерілуде. Екі оқушының дайын еместігі байқалды.

А. ситуация

В. педагогикалық тапсырма

С. сабақ


Д. тәрбие жұмысы

Е. процесс


4. Жаңа материал түсіндірілуде, сыныптағы оқушылар бір-біріне записка жазып беруде

А. ситуация

В. педагогикалық тапсырма

С. сабақ


Д. тәрбие жұмысы

Е. процесс


5. Мәселелерді сезінуден және ситуацияны талдаудан басталады

А. педагогикалық тапсырманы шешу

В. сабақ беру

С. тәрбие сағатын өту

Д. есеп беру

Е. үйрену


6. Сезімдерді стеникалық және астеникалық деп бөлген

А. Павлов И.П.

В. Сухомлинский В.А.

С. Гончарова Т.И.

Д. Крупская Н.К.

Е. Ушинский К.Д.


7. Ерік пен ақыл-ой сезімі басым –сабақ беруде, оны эмоциямен толтырады

А. І типтегі мұғалім

В. ІІ типтегі мұғалім

С. ІІІ типтегі мұғалім

Д. ІҮ типтегі мұғалім

Е. мұғалім


8. “Мен осыны қалаймын”, “Сендер жаттауға, меңгеруге тиіссіңдер”, “Сендер міндеттісіңдер” және т.б.

А. І типтегі мұғалім

В. ІІ типтегі мұғалім

С. ІІІ типтегі мұғалім

Д. ІҮ типтегі мұғалім

Е. мұғалім


9. “Мен түсіндіріп жатырмын, бұл ең бастысы, ал түсінесің ба, жоқ па, бұл сендердің проблемаларың. Керек па, біліп ал”

А. І типтегі мұғалім

В. ІІ типтегі мұғалім

С. ІІІ типтегі мұғалім

Д. ІҮ типтегі мұғалім

Е. мұғалім


10. “Өз табиғатыңды тани біл, оны тәртіпке келтір, таланттың арқасында, сен шебер-мұғалім бола аласың” деген

А. Станиславский К.С.

В. Сухомлинский В.А.

С. Гончарова Т.И.

Д. Крупская Н.К.

Е. Ушинский К.Д.


11. Инициативасымен, қиялы дамыған –сабақты өзіндік ерекшеліктерімен құра біледі, балалардың да қиялын дамытып, қызықтыра біледі

А. І типтегі мұғалім

В. ІІ типтегі мұғалім

С. ІІІ типтегі мұғалім

Д. ІҮ типтегі мұғалім

Е. мұғалім


12. Мұндай мұғалімде оқу жеңіл. Олар жаңа нұсқауды күтіп отырмай, жаңа әдістерді өздері іздеп табады

А. қиялы дамыған мұғалім

В. қиялы орташа

С. қиялы төмен

Д. зейінді

Е. зейінсіз


13. Инициативасыз-бірдеңеден жөн-жосық білген маңызды, мұнсыз олар өздеріне сенімсіздеу сезінеді

А. қиялы ІІ типті мұғалім

В. ІІ типтегі мұғалім

С. ІІІ типтегі мұғалім

Д. ІҮ типтегі мұғалім

Е. мұғалім


14. Мұндай мұғалімдерге сабақ конспектісі, оқулық материалы, жаңа нұсқау, әдістемелік құрал, басқа мұғалімнің іс-тәжірибесі көмек беруі мүмкін

А. І типтегі мұғалім

В. ІІ типтегі мұғалім

С. ІІІ типтегі мұғалім

Д. ІҮ типтегі мұғалім

Е. мұғалім


15. Жөн-жосықты алғаннан кейін, оны ары қарай дамыту өзіндік тұрғыдан жүреді

А. І типтегі мұғалім

В. ІІ типтегі мұғалім

С. ІІІ типтегі мұғалім

Д. ІҮ типтегі мұғалім

Е. мұғалім



Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің сыртқы пішін мәдениеті.

Сабақтың жоспары:




  1. Педагогтың сыртқы келбеті туралы.

  2. Сән және педагог.



Педагогтың сыртқы келбеті туралы.

Мұғалімнің сыртқы пішіні эстетикалық талапқа сай мәнерлі болуы керек. Өзінің сыртқы пішініне ұқыпты қарамаған адам кешірімсіз, бірақ оған шектен тыс мән беруге де болмайды.

Шаштың сәні де, костюмі де, әшекей бұйымдары да мұғалім киіміндегі барлық уақытта педагогикалық міндеттерді шешуде бағынышты болуы керек – тәрбиеленушінің тұлғасына қалыптасуына нәтижелі ықпал етуі тиіс. Косметикаға, сәнді киім кию құқын иемдене отырып, мұғалім барлығына да шектен аспай, жағдайды түсініп тәртіп сақтауы керек. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет әлпетінің қаншалықты жылылығын, қимыл-қозғалыстағы ұстамдылығын, сыртқы келбетіндегі және жүрісіндегі жинақтылығын білдіреді. Оларға қарама-қарсы құбылмалылығы, әбіржушілік, жасандылық және немқұрайдылық. Керек десеңіз, сіз балаларға қалай кіріп келесіз, қалай қарайсыз, қалай сәлемдесесіз, қалай орындықты жылжытасыз, қалай сынып ішінде жүресіз – осы бір майда әрекеттердің өзінде сіздің балаға әсер ететін күшіңіз бар. Сіздің барлық қимыл-қозғалысыңыздан, мәнеріңізден, көзқарасыңыздан балалар өзіне деген өте үлкен сенімділікті, ұстамдылықтың күшін сезіне білетіндей болуы керек. Ұстамды, мейірімді, сенімді болудың арқасында – сіз мәнеріңіз жеткілікті адамсыз және осындай болу арқылы - сіз тәрбиеші ретінде күштісіз.

Мұғалімнің сыртқы көрінісіне тұлғасына, мимикасына, пантомимикасына, киіміне қойылатын нақты талаптар қандай? Оларды қалай басқаруға болады? Осы айтылған элементтердің барлығы адамның ішкі қалпынан өндірістік болып табылады, оларды педагогтың шығармашылық көңіл-күйін өзі реттеу техникасы ұғымымен бастап басқара білу керек.


Бақылау сұрақтары:

1. Мұғалімнің сыртқы көрінісіне қойылатын талаптар.

2. Мұғалімнің сәніне және киім киісіне қойылатын талаптар.

3. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар.



4. Барлық мұғалім тұлғасына, сәніне көңіліңіз тола ма?

Студенттердің үй тапсырмасы:

1. “Педагог және сән” тақырыбына эссе жазып келу.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

  1. Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.

    • Топтастыру жасау.





























    1. Бүкіл адамзаттық астары бар философиялық, психологиялық, тарихи, әлеуметтік сипаттарды бойына жинақтаған өте қасиетті ұғым

А. педагогикалық шеберлік

В. бедел


С. педагогикалық техника

Д. кәсіби білім




    1. Бұл латынның адамгершілік, ар – намыс дегеннен басқа күш, билік деген мағынаны білдіреді.

А. қабілет

В. эмоция

С. шығармашылық

Д. авторитет


3. Жалған бедел түрлерін анықтаған

А. Ы.Алтынсарин

В. Макаренко А.С.

С. Сухомлинский В.А.

Д. Ушинский К.Д.


  1. Үнемі өз қызметімен орынсыз ерсіну, өзінің жетістіктеріне басқалардың ынтасын аудару, қасындағыларға, қызметтестеріне менмендік көрсету

А. такаппарлық бедел

В. басымшылық бедел

С. қашық бедел

Д. сүйіспеншілік бедел


  1. Үнемі шамдану, әрбір сұраққа дөрекі жауап беру, қол астындағыларды үнемі үрейде ұстап отыру

А. сүйіспеншілік бедел

В. қашық бедел

С. такаппарлық бедел

Д. басымшылдық бедел




  1. Мұндай беделділер қызметтестерін өзінен қашық ұстайды, мүмкіндігінше олармен аз сөйлесуге және ресми түрде сөйлесуге тырысады.

А. басышлықы бедел

В. сүйіспеншілік бедел

С. қашық бедел

Д. такаппарлық бедел




  1. Өзінің ерекше өкілеттігіне, өзгешелігіне, жеке басының маңғаздығына сүйенетін адам

А. сүйіспеншілік бедел

В. қашық бедел

С. такаппарлық бедел

Д. басымшылық бедел




  1. Ол өзін ойша әріптестерінен бөлекше санайды, өзінің ерекше өкілеттігіне сену және осының арқасында жұмысқа өзінің күш-қуатын жігерін толық жұмсамайды

А. сүйіспеншілік бедел

В. басымшылық бедел

С. такаппарлық бедел

Д. қашық бедел


9. Бұл педагогикалық мәдениет шеңберінен шығып кететін ұғым

А. тәуекелдік

В. іскерлік




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет