«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша есеп



бет1/6
Дата10.05.2020
өлшемі0,86 Mb.
#67025
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Lesson study есеп Иват


«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша есеп

Информатика пәнінің оқытушылары Иват Г, Рахметжанова Г, Дакен М., педагогика пәнінің оқытушысы Турсункулова А.

«Ең оңайы - еліктеу, Ең  ащысы - тәжірибе, Ең  мәртебелісі – ойлау»

Конфуций

Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көпмәдениетті ортада  бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп, әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген  білім беру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе. Соның алғашқы баспалдағы ретінде еліміздің педагог кадрлары оқытудың «Кембридж тәсілін»  меңгертетін үш деңгейлі курстардан өтіп жатыр. Бұл бағдарламада түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген.

Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.  Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.   Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық    Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет