«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша есеп


Екінші Lesson Study-ды талқылау, үшінші Lesson Study-ды жоспарлау



бет4/6
Дата10.05.2020
өлшемі0,86 Mb.
#67025
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Lesson study есеп Иват

Екінші Lesson Study-ды талқылау, үшінші Lesson Study-ды жоспарлау.

Екінші Lesson Study барысында В деңгейіндегі студент Жақсыбай Ақжол ерекше белсенділік танытты. Барлық сұрақтарға жауап беріп, өз тобының көшбасшысы қабілетін байқатты. Ол өзінің еңбексүйгіштік қасиетін көрсете білді. Топ сенімін ақтай алатындығына барлығының көзін жеткізді. Көзбен көретін айғақтар негізінде онлайн бағдарламалар арқылы берілген тапсырмаларын топпен орындау оқушылардың қиялын ұштауда ерекше роль атқарды.


Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша есептер орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылды. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды. С деңгейіндегі студент Амангельдинов Нұрсұлтан сабаққа белсене қатысты. ДЖИГСО әдісі бойынша берілген тапсырманы дұрыс орындап шығып, жобаны қорғады. А деңгейіндегі студент Серік Замира өзінің көшбасшы екенін көрсетті. Қандай сұрақ қойса, тез жауап беріп тапсырманы тез орындап отырды.

Бақылауда болған студенттер күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды.

Бұл кезеңде екінші Lesson Study-де жіберілген кемшіліктерге талдау жасалып, олар түзетілді. Әр студенттің ойын жеткізуіне мүмкіндік туғызу, оқушы ойының дамуына қолдау көрсету, алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу секілді мәселелер үшінші Lesson Study-де қамтылуы керектігі айтылды. Бұл пікірлер үшінші Lesson Study өткізілетін сабақ жоспарына енгізілді.

Үшінші нәтиже сабақ: « Информатиканың теориялық негіздері». Пән оқытушысы: Иват Гаухар .Тақырыбы: «Операциялық жүйе, файлдар мен бумалар». Бұл сабақта Quizlet.com ағылшын – қазақша терминдермен жұмыс жасауға, GOOGLETest тест орындауға, GOOGLEForm сұрақтарға жауап беруге арналған онлайн бағдарламалар қолданылды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет