Бірінші Lesson Study- ды жоспарлау
Біз өз білім ордамыздаLesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын Иват Г (информатика пәнінің оқытушысы), Дакен М (информатика пәнінің оқытушысы), Рахметжанова Г (информатика пәнінің оқытушысы) және Турсункулова А (педагогика пәнінің оқытушысы) сияқты оқытушылардан топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде онлайн бағдарламаларды қолданудың тиімділігі» тақырыбы бойынша 2 ивтк тобында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 24 оқушы. 14 ер бала, 10 қыз бала. Топта оқу озаты-1, оқу екпіндісі - 12. Жалпы топтың білім көрсеткіші –70 % құрайды. Топтың білім деңгейі мен сыныптың белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі жақсы. Сондықтан осы онлай бағдарламаларды қолданып оқытуды басты назарға алғандағы мақсатымыз – онлайн бағдарламаларды қолдану арқылы топта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар онлайн бағдарламаларды қолдана отырып оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда онлайн бағдарламаларды сабақта қолдану бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.
Lesson Study тәсілінің ережесі бойынша 2 ивтк тобынан бақылау жүргізуге үш студент іріктеп алынған.Олардың деңгейлері әртүрлі Серік Замира - оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, Жақсыбай Ақжол- оқу үлгерімінің деңгейі орта, Амангельдинов Нұрсұлтан- оқу үлгерімінің деңгейі төмен студенттер.
Бірінші сабақ тақырыбы: « Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі» информатика пәнінің оқытушысы Рахметжанова Гүлмария Багашаровна өткізді. Сабақта онлайн бағдарламалар kahoot.com, LearningApps.org және ДЖИГСО әдісі қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |