«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша рефлексивті есеп


Бірінші Lesson Study- ды жоспарлау



бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#120855
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
000796a5-e1861acc

Бірінші Lesson Study- ды жоспарлау

Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын Қуанбаева Г (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Ерниязова А (математика және информатика пәні мұғалімі), Илесбаева З. (орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі) сияқты мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбы бойынша 8 «В» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 26 оқушы. 15 ер бала, 11 қыз бала. Сыныпта оқу озаты-1, оқу екпіндісі - 6. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші –30 % құрайды. Сыныптың білім деңгейі мен сыныптың белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі орташа. Сондықтан осы сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алғандағы мақсатымыз - диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.



Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.

Aлексaндер (2004) оқытудaғы әңгiмелесу – қaрым-қaтынaс жaсaудың бiрсaрынды үдерiсi емес, керiсiнше, идеялaр екiжaқты бaғыттa жүредi және осының негiзiнде оқушының бiлiм aлу үдерiсi aлғa жылжиды десе, Мерсер (2000) бiлiмдi бiрлесiп aлудa немесе "пiкiр aлмaсу" бaрысындa оқушылaр тең құқылы серiктестер болып тaбылaды деп тұжырымдaйды.
Сонымен қатар біз осы Lesson Study-де « Диалогтік оқытуды жүзеге асыру бағытында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» деген тақырыптағы әдістемені жетілдіруді мақсат етіп алдық. Бұл әдістемені алған мақсатымыз оқушылардың топтық жұмыстағы іс-әрекеттерін зерттеу және диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Lesson Study тәсілінің ережесі бойынша 8 «В» сыныбынан бақылау жүргізуге үш оқушы іріктеп алынған.. Олардың деңгейлері әртүрлі Абай Диляра - оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, Аймұрат Гүлайым- оқу үлгерімінің деңгейі орта,Аманқос Мирас- оқу үлгерімінің деңгейі төмен оқушылар.
Бірінші сабақ тақырыбы: « Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет