«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша рефлексивті есеп



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#120855
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
000796a5-e1861acc
Биология 7 сынып. 7.3С Координация және реттелу. Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді. Сайттар, cell structure
Lesson Study өте сәтті өтті
Жалпы белсенділік, бәсекелестік - екіжақты үдеріс. Рефлексивтік–практик (Дональд Шон) ретінде теориялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, тәжірибе барысында диалогтік оқытуды негізгі нысанға алып, сыныпта, оқу және оқыту үдерісінде белсенділік, бәсекелестік жағынан өзгеріс енгізіп, «іс- әрекеттегі толғаныс» жүргізіп отырсақ, бұл біздің тәжірибемізге сын қарауға, неге осындай іс-әрекет жасағанымызға мүмкіндік беретініне, тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар мен сұрақтар анықтауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.
Диалогтік оқыту– белсенді, бәсекелестік атмосфера тудырудың кепілі. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға ұнайтындай әдістерді қолдана отырып сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.
Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.
Қай кезде де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.
Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жаңа форматтағы мұғалімдер қатарына жатқызуға болады, ал жаңа форматтағы мұғалім деген атқа ие ұстаз үнемі алдыңғы қатарда болуы керек, үздіксіз білім алуды, тәжірибе алмасуды мақсатқа айналдыруы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет