Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


қайыр-хайыр  дегендегі  қ



Pdf көрінісі
бет23/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
қайыр-хайыр
 дегендегі 
қ
 мен 
х
 – екі дыбыс болғанымен, 
бір фонема. Файзолла мен Пайзолла да солай. 
П
мен 
Ф
бір сөзді екінші 
сөзден айыру үшін тұрмағандықтан, оларды дербес фонема демейміз
». 
Ғалымның келтірген мысалдарында фонеманың вариациялары жөнінде сөз 
болып тұр. Көршілес дыбыстардың ықпалына бағынатын фонемалар 
перцептивтік әлсіз позицияда тұрып, өзінің дыбысталуын өзгертіп, вариация 


66 
түрінде көрініс табады. Олар фонологиялық айырым қызметін атқармай
акустика-артикуляциялық жағынан ажыратылады. Сөз легінде естілетін 
нақты дыбыстар фонемалардың материалдық символы ретінде көрінеді. 
Тілдің фонологиялық қатарын үздіксіз сөз ағымында кездесетін дыбыстар 
құрайды. Үздіксіз сөз ағымының кейбір орнында фонологиялық мәнге ие 
болатын дыбыстар ұшырасады. Олар фонологиялық қатарлардың жеке 
фонемаларына сәйкес келеді.
Дегенмен сөйлеу тілінде мағына түрлендіру қызметтерімен бірге 
фонологиялық мәні жоқ дыбыстарды да табуға болады. Сондай-ақ сөз 
ағымының әр дыбысы фонологиялық және фонологиялық емес қасиеттердің 
жиынтығы ретінде көрінеді. Демек, әрбір дыбыс фонологиялық 
қасиеттерімен ерекшеленіп, бір фонемаға сәйкес келеді, ал бір фонема 
бірнеше дыбыстарда көрініс табады. Осы тұрғыдан алғанда, профессор 
Қ.Жұбановтың фонема туралы тұжырымдамалары тіл біліміндегі фонема 
теориясымен сабақтасып жатыр деуге толық негіз бар. 
Профессор Қ.Жұбанов – қандай мәселені сөз етсе де, табиғатта бар 
нәрселермен шендестіре түсіндірудің шебері. Фонемалардың сырын дұрыс 
түсіндіру үшін ғалым оларды атоммен салыстырады және грек 
оқымыстыларының пікірлерін келтіреді. Олардың көзқарасы бойынша, 
«
дүниедегі барлық нәрселер бөлшектене алады, бөліне-бөліне келіп
ақырында, ең кішкене кесегі атомға келіп тіреледі
». ХІХ ғасырдың басында 
әлемдегі техникалық және жаратылыстану ғылымдары қарқынды дамығаны 
белгілі. Ғалымның айтуынша, «
оларды зерттеуге түрлі метод қолданылады. 
Объектив әдісімен іс істеу тілшілерге де жұқты
». Зерттеу барысында 
ғалымдар өз пәндерінде ең кіші бірліктерді іздеп, әрекет жасағаны мәлім. 
Құдайберген Жұбанов – өз заманындағы өзгерістерді сезіп, сол уақыттың 
сұранысына сәйкес тілдің ең кішкене бөлігін танытып, сипаттап берген 
ғалым. «
Дыбыс тілдің атомы болып саналады, атом – заттың бөлінбейтін, 
өзгермейтін, ең кішкене бөлшегі
», – дейді ғалым.
Сондай-ақ Құдайберген Жұбанов сөйленімнің мүшелену теориясына да 
үлес қосқан. Сөйленімнің мүшелену нәтижесінде оның сегментті бірліктері 
анықталады. Сегменттерге мүшелеуде оның қандай бірліктерге бөлінетінін
олардың өзара қалай байланысатынын, сөз құрамында орналасу ретін, дыбыс 
бірліктерінің қайсысы айрықша қызмет атқаратынын байқауға болады. 
Дыбыс бірліктерінің (фонемалардың) бір-бірімен тіркесуі сөз бен 
морфемалардың құрамында қарастырылады. Фонема дистрибуциясын 
зерттеу барысында, оның қай позицияда кездесетінін, қандай фонемалар бір-
бірімен үйлесетінін және олардың өзара орын тәртібі мен санына 
байланыстылығы анықталады. Фонеманың іске асуына байланысты басым 
қызмет ететін дистрибуциясы мен әлсіз дистрибуциялар айқындалады. 
Шағын бірліктердің сөз мағынасын түрлендіру, сөз өзгерту қызметі тіл 
білімінің функциональды бағытын әрі қарай дамытуға үлес қосты. 
Фонемалардың үйлесуі мен реттелуі (дистрибуциясы) буынның құрылымдық 
ерекшеліктерімен, сөздің басы мен аяғының дыбысталу қасиеттерімен және 


67 
басқа да әр тілдің өзіндік факторларымен байланысты болады. 
Фонемалардың дистрибуциясы мен сөздің мүшеленуіне ғалым тарихи 
аспектіде қарайды «
дыбыс, буын, сөз, сөйлем дегендер тіл тарихында 
дүниеге келген
»... және оны бейнелеп сипаттайды: «
Кірпіштерден құрап үй 
саламыз, талдардан құрап шетен тоқимыз... осыған қарай әр нәрсені тек 
құрастырудан, ұластырудан барып жарыққа шыққандай көреміз. 
Дыбыстар да қаланып барып, сөз жарын (қабырғасын) қаңқитқандай 
көрінеді
». Келтірілген сілтемеден ғалымның ғылыми тұжырымды қарапайым 
түсінікті тілмен түсіндірудің қас шебері екендігін аңғарамыз. 
Фонеманы үш аспекті бойынша қарастыруға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет