321
коммуникация торабынан тыс көзге елестету мүмкін емес. Бұл жағдай
әртүрлі экономикалық, мәдени және саяси оқиғалар ықпалының
тұлғаларға тікелей әсер етуіне себеп болуда. Сондықтан да жаһанның
әр түкпірінде тіршілік кешіп жатқан адамдардың оқиғалардан әсер
алу формалары әртүрлі
болса да, сол оқиғамен қарым-қатынас құру
үшін оқиға болған жерге барудың керегі жоқ. Осы себептен теориялық
еңбектер зерттеушілерді кеңістікті қайтадан зерделеуге мәжбүр етуде.
Кеңістікке тәуелді қарым-қатынастар мен интеракциялардың «жойылуы»,
«территорияның соңы» немесе уақыт пен кеңістіктің бір-бірінен
ажырауы, «децентрализация» немесе белгілі бір кеңістіксіз, яғни адам
баласының елсіз, жұртсыз қалуын сипаттайтын «детерриториязация»
секілді ұғымдардың пайда болуына әсер етуде.
Әлемдік масштабта территориялық шектеулер маңызының әлсіреуі
және интернеттің кең тарауы кеңістік ұғымының тым тар мәнмен
сипатталғанын көрсетуде. Қазіргі адамдар әлемнің
әр жерінде оқиғаларды
дәл сол сәтінде біліп, бір сәтте толыққанды хабардар бола алады. Соңғы
30 жылда, әсіресе жаһандану үдерісінің күшеюінен саяси, экономикалық
және, бәрінен бұрын, мәдени трансформациялар өте жылдам іске
асуда. Бұл трансформациялардың негізінде жаңа коммуникация және
ақпараттық технологиялардың, басқаша айтар болсақ, жаңа медианың
дамуы жатыр.
Мануэль Кастельс жаңа медианың мәдени
салаға ықпалы салдарынан
әлем жұртшылығының «нетворк қоғамға» айналғанын, осылайша жаңаша
түрдегі әлеуметтік трансформацияның бастау алғанын айтып өтеді
(Castells, 2004). Кастельстің пікірінше, ақпаратты алғы жобаға шығаратын
нетворк қоғамы – ақпараттық технологиялар
ықпалымен белсенді
болатын, ақпарат желілерінде қалыптасатын және дүниежүзінің барлық
жеріне таралған жаңа әлеуметтік ұйымдық құрылым. Бұл құрылым
мәдениет арқылы адамдар арасында интеракция қалыптастырумен
қатар өндіріс, тұтыну және билік қатынастарына да ықпал етуде (Castells,
2009: 125). Ал Николас Гейн мен Дэвид Бир жаңа медианы түсінуде
нетворк, ақпарат, интерфейс, архив, интеракция және симуляция секілді
ұғымдардың зор маңызға ие болғанын және бұл ұғымдардың жаңа медиа
технологиясы инфрақұрылымын құрайтынын алға тартады (Gane & Beer,
2008).
Осы технологиялық-әлеуметтік
жайттар және бұған қосылған
COVID-19 пандемиясы өткен шақ, бүгін мен келер шаққа баға беруімізге,
келешегін болжауға ықпал етуде. Сондықтан күнделікті өмірімізде
маңызды саналатын музыка өндіру/пайдалану тәжірибелеріміздің өзгеруі
және осы өзгерістердің әлеуметтік ықпалы зерттеуге тұрарлық жайт.
Бұған қоса, тәндік тұрғыдан арақашықтықтың сақталуы міндет болған
бүгінгі кезде, психологиялық қиын кезеңде музыка экспириенстері
арқылы ынтымақты (солидаритет) әлеуметтік рухтың әртүрлі әдістермен
әлеуметтік медиа арқылы іске асуы да ғылыми тұрғыдан назар аударарлық.
Бұдан ары COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстандағы музыка
өндірісі
мен пайдаланылуы формаларын талдауға тырысамыз.
Достарыңызбен бөлісу: