36
13 наурыздан бастап, індет туралы хабарландырулар
бас бетке шыға
бастады. Біз зерттеп отырған 2 газеттің де бас бетіне Тоқаевтың үкімет
отырысын өткізіп, сақтық шараларына ерекше көңіл бөлу керегіне
тапсырма бергені айтылады. Казахстанская Правда газетінің бірінші
бетіне «мемлекеттік бюджет пен медициналық сақтандыру қорынан
елдегі әрбір тұрғынға бөлінетін жылдық шығыны – шамамен 100 000 тг»
деген үлкен визуал мәтін жарияланды. Ал Qazaqstan телеарнасындағы
Aqparat бағдарламасында азық-түліктің жарты жылдық қоры бар екені,
мемлекеттің бизнеске қолдауының артатыны айтылады. Khabar TV
телеарнасы індетке экономикалық тұрғыдан баға беріп, Тоқаевтың
Ұлттық Банк басшысын қабылдағаны туралы хабарлады (Khabar TV, 11
наурыз, қорытынды жаңалықтар). Telegram мессенжерінде 23
ақпан
күні ашылған «МВК по нераспространению COVID-19» арнасы сәт сайын
әлемде болып жатқан эпидемиологиялық жағдаят пен еліміздегі үкімет
шешімдері жөнінде ақпарат таратты.
Дәстүрлі медиадағы хабарлар сын есімдер, жүргізушінің, сарапшының
пікірлері арқылы субъектив сипат алды. Мысалы, Егемен Қазақстанның
13 наурыздағы нөмірінде «Үкімет нақты шешімдер қабылдады»
тақырыбымен шыққан хабарламада хабарлаушы «нақты» сын есімін
қолданып, қабылданған шешімге өз бағасын берген. Қазақ тілінде «нақты»
сөзі «дәл», «тура», «айқын» мағынасын білдіріп, көбіне позитив түсінікте
қолданылады (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 615). Яғни осы сөзбен
үкіметтің жағымды имиджін қалыптастыруға тырысқан. Ал Telegram-
арнадағы жазбалар хабарлы сөйлем түрінде, ресми
стильде және нақты
фактілер көрсетіліп берілген. Сол себепті Telegram-арнадағы материалдар
салыстырмалы түрде бейтарап сипатқа ие.
Төтенше жағдай енгізілген сәт – 16-18 наурыздан бастап, мемлекеттік
басылымдардағы барлық хабарлама пандемияға: шұғыл әрекет ету
штабының отырысы, төтенше жағдай режимі жайлы түсіндірмелер,
мемлекеттің азық-түлік, дәрі бағасын бақылауы т.б. тақырыптарға
арналды. Бұл хабарламаларда Қазақстан Республикасы азаматтарының
әл-ауқатын ойлайтын және халық алдындағы міндеттерін орындайтын
күшті әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетілді. «Мемлекет» әлеуметтік
салаға қатысты уәде беріп, ешкімнің қолдаусыз қалмайтынын айтып
жатты. Бұл уәделер мемлекеттік медиа арқылы көпшілікке ұсынылған
президент үндеуінен де байқалды. Президент Тоқаев Қазақстан
халқына
арнаған Үндеуінде жұмыссыздықтың алдын алуға бағытталған шаралар
қабылданатынын, азық-түлік бағасы бақылауда болатынын, дәрі-дәрмек
пен медициналық құралдар жеңілдетілген бағамен сатылатынын,
бизнестің дамуына баса мән берілетінін айтты (Егемен Қазақстан газеті,
17 наурыз).
Бұл кезеңде медиа мемлекеттің екі бағыттағы – экономика және
денсаулық сақтау бағытындағы саясатын ерекше атап көрсетті. Баршаға
қолжетімді білім беру жүйесімен қамтамасыз ету әлеуметтік мемлекет
міндеттемелерінің бірі болғанмен, мемлекеттің
бұл саланы қалай
қамтамасыз еткені/ететіні талқыланбай қалған. Білім беру мекемелерінің
16 наурыздан бастап қашықтан оқытуға көшетіні бірер мәрте ғана
айтылады (Егемен Қазақстан, 13 наурыз).
Сонымен қатар Президент Тоқаевтың төтенше жағдай жарияланған
күнгі үндеуінде айтқан (бұл үндеу мемлекеттік медиа арқылы барлық
жерде жарияланды) және Twitter парақшасына жариялаған #BizBirgemiz
тіркесі қазақстандықтардың патриоттық сезімін оятып, халықты
37
біріктіретін ұран ретінде пайдаланылды. Бұл
ұран негізінде кейін
Қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, Khabar TV арнасы тарих
(қиын-қыстау заманда ғұмыр кешкен ата-бабалар – көне түркілер) пен
қазіргі кезді (пандемияға қарсы бірігіп, вируспен күрескен Қазақстан
қоғамы) байланыстыра көрсететін, бірлікке шақыратын пропаганда
сипатында бейнебаян шығарды. Осылайша Президент сөзі «әлеуметтік
әрекет» туғызды. 2019 жылғы Президент сайлауынан
кейін халық наразы
болған Президент Тоқаев пен Қазақстан үкіметінің пандемияны халық
сенімінен шығып, билігін легитимациялау үшін қолданғанын байқауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: