Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


-тақырып. Лингвистикадағы өрістік тәсіл



бет65/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91
10-тақырып. Лингвистикадағы өрістік тәсіл


Жоспар
1 Лингвистикада өрісті зерттеу тарихы
2 Семантикалық өріс түрлері
3 Тіл біліміндегі өріс теориясын зерттеу тәсілдері


Лингвистикада өрісті зерттеу тарихы
Сөздің семантикасын зерттеу көп уақыт бойы жеке сөздерді зерттеумен шектеліп келді. Өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап қана ғалымдар сөзді жеке қарастыру дұрыс емес екенін, жеке сөздер мағынасы мен формасы жағынан бір-біріне туыс сөздермен бірігіп, сөздердің топтарын немесе өрісін құрастыратынын, сөздің мәнін, мәнісін білу үшін оның құрамын бір-бірінен жеке алып қарастырмау керектігін айтып, ортақ пікірге келді. Бұл қажеттілік тіл білімінде өріс теориясының шығуына әкелді. Ол тіл білімін тың және жаңа жолға бағыттады.
Семантикалық өріс теориясының негізін салушы неміс ғалымы Иост Трир. Ол лексиканы жүйеге келтірудің жаңа ұстанымдарын жете зерттеп, 1931 жылы өзінің «Der deutsche Wortschatz im Sinnbezirk des Verstandes» (сөзбе сөз: Неміс тілінің сөздігі ұғым мағынасында) атты еңбегінде алғаш рет өріс теориясы ұғымын қолданып, осы теорияның лексикалық зерттеулерге қажеттілігін көрсетті. Еңбектің аты айтып тұрғандай, И. Трир өзінің жұмысында ұғым жағынан бір-бірімен байланысты (бір ұғымды беретін) бір топқа жататын сөздерді зерттейді. Автор бұл еңбегінде: «Сөз тек біртұтас бүтіндік және сол тұтастық арқылы ғана мағынаға ие болады», – деген қорытынды жасайды [8].
Cөз, өріс және сөздердің арақатынасы туралы ең жақсы анықтама ғалымның «Das sprachliche Feld» (сөзбе сөз: «Тілдік өріс») атты еңбегінде берілген. И. Трир аталмыш еңбегінде сөз өз алдына жеке тұрып ешқандай мағынаға ие болмайтынын, оның мағынасы тек өріс құрамындағы басқа сөздермен тығыз байланыста ғана анықталатынын дәлелдеді. Ғалымның бұл теориясы тек Германияда ғана емес, сонымен бірге шет елдерде де үлкен сынға алынды. И. Трирдің теориясы бірнеше параметр бойынша: өрістің тілдік емес, логикалық сипаты үшін; тіл мен ойлауды идеалистік тұрғыда түсінгені үшін, полисемия мен сөздер арасындағы байланысты ескермегені және сөз жеке бірлік ретінде ешқандай мағынаға ие болмайды, оның мағынасы айналасындағы сөздермен тығыз байланыста ғана анықталатыны және тек қана зат есім мен сын есімдерді зерттегені үшін сынға алынды. Соған қарамастан И. Трирдің еңбектері құрылымдық семантиканың дамуының негізгі кезеңі болды деп айтсақ, қателеспейміз.
Сонымен, И. Трирдің және оның ойын жалғастырушылардың пікірінше, семантикалық өріс – қандай да бір ортақ нышандармен біріккен, яғни ортақ мағыналық компоненті бар тілдік бірліктер жиынтығы.
Л. Вайсгербер тілдің заттар әлеміне белсенді әсері туралы тезисті әрі қарай дамытып, тілдің ойға және біздің санамыздың дамуына әсерін зерттеді. Тілдегі жүйелілікті негіздеу үшін ол өз теориясын жасады. Трир сияқты екі өлшемді өріс емес, үш өлшемді өріс жайын сөз етеді және ,,die sprachliche Zwischenwelt” - ,,тіл аралық әлем” ерекше ұғымын енгізді. Автор сөздің мағынасы тек қана өрісте өмір сүреді деп сендіреді. Мысалы, rot (қызыл) сын есімі gruen (жасыл), gelb (сары), т.б. түсті білдіретін сын есімдер болғандықтан ғана тілде өмір сүреді. Л. Вайсгербер семантикалық өріске түрлі сөз таптарына жататын, өзара семантикалық және сөзжасамдық қатынастар арқылы байланысқан сөздерді жатқызады [9, 64 б.].
Жоғарыда айтылғаннан шығатын қорытынды «жеке сөздердің мағынасын егжей-тегжейлі ашпай, ешқандай семантикалық талдау жасау мүмкін емес, өз кезегінде ол экстралингвистикалық шындықты есепке алмау мүмкін емес, өйткені тек экстралингвистикалық шындыққа талдау ғана семантикалық бірліктердің шегін анықтауға мүмкіндік береді.
Өткен ғасырдың 30-жылдары негізі қаланған өріс теориясы туралы ілім кезінде лингвист ғалымдар арасында үлкен пікірталас тудырған болатын, бірақ тіл білімінде әлі де өз шешімін толық тапқан жоқ. Бұл мәселе – ғалымдар арасында әр түрлі бағытта зерттеліп келе жатқан тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі. Өрісті лексика жүйесінің басты бірлігі ретінде қарастырып, оның теориялық мәселелерін жан-жақты зерттеген ғалымдар: Ю. Д. Апресян [10], В. Г. Гак [11], Е. В. Гулыга [12], Ю. Н. Караулов [13], А. А. Уфимцева [14], Г. С. Щур [15] және т.б.
Лексика-семантикалық өріс – лексиканы зерттеудегі, семантикадағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл ұғым лексикалық семантиканың басты мәселелерін шешуде лексиканың жүйелілігін басшылыққа алатын қағидаға негізделген, өйткені өрісті және оның құрылымын анықтауда лексикалық бірлікте жеке күйінде емес, жүйеленген бір топ түрінде қарастырылады.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет