Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Тіл білімінде өрісті зерттеу әдістері



бет67/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91
Тіл білімінде өрісті зерттеу әдістері
Тіл білімінің дамуы барысында өрісті және өріс әдісін зерттеумен айналысып жүрген тіл мамандары өрістің методологиялық және теориялық маңызына ерекше көңіл бөліп, өрістің жаңа қырларын ашуда.
Қазіргі таңда тіл білімінде сөздік құрамды сипаттауда негізге алынатын нәтижелі тәсілдердің бірі ,,өрістік” тәсіл, себебі бұл тәсіл семантиканың басты мәселелерін шешуде лексиканың жүйелілігін басшылыққа алады.
Тілдің семантикалық жүйесі семантикалық өріс, лексика-семантикалық топ, лексика-семантикалық вариант деген жүйелі йерархиялық бірліктерден тұрады. Лексика-семантикалық вариант дегеніміз – көп мағыналы сөздің бойындағы бір мағынаның қарым-қатынас үрдісінде іске асырылуы. ЛСВ-тілдегі сөздердің бір-бірімен мазмұндық байланысын анықтайтын ең кіші бірлік, басқаша айтқанда, ЛСВ – тіл лексикасының жүйе жасаушы элементтерінің жиынтығы. Бір текті, ұқсас салыстырылатын ЛСВ жиынтығы лексикалық-семантикалық топ деп аталады. Мәселен, мерзім-, уақыт -, кеңістік -, түр-түс ЛСТ-ы. ЛСТ белгілі бір сөз табына ғана жататын сөздерден жасалады. ЛСТ-ның жалпы семантикалық компоненттері бар, яғни оны ортақ архисемалы сөздер құрайды. Сөздерді бір лексика-семантикалық топқа біріктіру олардың лексикалық мағынасының негізінде жүзеге асады.
Тілдегі семантикалық жүйенің иерархиясын төмендегідей модельде көрнекілеуге болады:
семантикалық жүйе

семантикалық өріс


лексика- семантикалық топ


лексика- семантикалық вариант


Сөздерді лексикалық-тақырыптық топтарға бөлу заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қызметтеріне негізделеді. Мәселен, жиһаз атаулары, киім-кешек атаулары, дене-мүше атаулары және т.б. Сөздерге тақырыптық классификация жасау заттар мен құбылыстардың тектік (гипероним), топтық (гипоним), түрлік (эквоним) қатынастарына негізделеді. Лексика-семантикалық және лексика-тақырыптық топтардың жалпы ұқсас белгілері де бар. Себебі екеуі де танылған объективті шындықты бейнелейді. Лексика-семантикалық топтың тақырыбы, тақырыптық топтың семантикасы болады. Сондықтан семантикалық топ тақырыптық топқа, тақырыптық топ семантикалық топқа кіреді.


Өрістік тәсіл негізінде тіл құбылыстарын жүйелеуде зерттеудің әдіс-тәсіліне қарай лексика-семантикалық өрістер, лексика-семантикалық топтар, грамматика-лексикалық өрістер, сөз жасаушы өрістер, функционалды-семантикалық өрістер, интеграционалды-семантикалық өрістер, лексика-фразеологиялық өрістер ретінде зерттелуде.
Тіл жүйесі - жүйенің қарапайым элементтерінің өзара қатынастарының сипаттарымен анықталатын және осы жүйенің құрылымын білдіретін белгілі бір құрылғыдан, ұйымдардан, реттіліктен тұрады. Жүйе құрылымы жүйеаралық байланыстың жиынтығы ретінде анықталады.
Лексика жүйесін лексика-семантикалық өріс тәсілі арқылы зерттегенде, алдымен өрістің құрылымын анықтау және оны айқындап алу негізгі мәселе болып табылады. Ю. Н. Караулов семантикалық өрісті екі жолмен: ұғым арқылы (ономасиологиялық тұрғыда) және сөз мағынасы арқылы (семасиологиялық тұрғыда) анықтауға болатынын атап өтеді [22, 57 б.].
Лингвист Е. И. Диброва лексика-семантикалық өріске төмендегідей анықтама береді: «Лексико-семантическое поле – это иерархическая организация слов, объединенная одним родовым значением и представляющая в языке определённую семантическую сферу». Автордың пікірінше семантикалық өрістің ономасиологиялық қасиеті оның негізінде тектік сема, немесе гиперсеманың болуы. Ал семасиологиялық қасиеті өріс мүшелері бір бірімен мағыналары жағынан интегралды-дифференциалды нышандарымен байланыста болады.
Семантикалық өрістің құрылуын суреттей келе, Е. И. Диброва:
1) «ядро поля представлено родовой семой – компонентом, организующим вокруг себя развертывание поля. Родовая сема может быть обозначена гиперонимом – словом с родовым понятием;
2) центр поля состоит из единиц, имеющих интегральное, общее с ядром и друг с другом, значение и разграничивающихся с ядром и рядоположительными единицами дифференциальными значениями;
3) периферия поля включает единицы, наиболее удаленные в своем значении от ядра. Обычно периферииные слои поля вступают в контакты с другими семантическими полями, образуя лексико-семантическую непрерывность языковой системы» - деп жазады [23, 262 б.]. Яғни, өрістің жалпы заңы, өріс ортасына (өзегіне) байланысты ерекшеліктері болады. Оған қоса өрістегі лексика құрамы әр тілде әр түрлі болуы мүмкін.
Тілді сипаттаудың өрістік принципін лексикалық мағынаны сипаттау үшін қолданады. Өріске енетін сөздерге төмендегідей белгілер тән:

  1. Өріс ішіндегі сөздер бір-бірімен жүйелі байланыста болады;

2) Өрісті құрайтын элементтердің жалпы мағынасы бірдей болып келеді және олар тілде бірдей қызметте жұмсалады;
3) Өріске біртектес және әр тектес элементтер ене алады;
4) Өріс кемінде екі парадигматикалық қатардан тұратын элементтерден құралатын микроөрістерге бөлінеді;
5) Өріс құрамында орталық және шеткері аймақтар болады. Олардың шегі кей кезде нақты болмайды;
6) Бір өрісте орталық аймаққа жататын элемент басқа өрісте шеткері аймаққа жатуы мүмкін.
Линвистикада семантикалық өрісті зерттеудің екі түрлі тәсілі: ономасиологиялық және семасиологиялық тәсілдері бар екені жоғарыда айтылды. Осы екі тәсілді кешенді түрде, яғни екеуін бірдей үйлестіре отырып қана семантикалық өрістің мәселесін және оның басқа өрістерден айырмашылығын шеше аламыз.
Қазіргі тіл білімінде семантикалық өріс теориясына деген ғылыми қызығушылық азайған жоқ. Зерттеушілер мен ғалымдар тілдің сөздік қорын өріс теориясы негізінде зерттеудің қажеттілігін дәлелдеу мақсатында жаңа әдіс-тәсілдер қолдануда. Бірақ тек өрістік тәсіл сөздік құрамдағы кейбір фрагменттер шеңберіндегі мәселелерді шешуде өзін сенімді тәсіл екендігін көрсетті. Өріс теориясы тіл бірліктерін оның барлық деңгейінде қолдануға мүмкін екендігін көрсетеді, сонымен қатар лексикалық және фразеологиялық бірліктердің семантикалық айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді.
Сонымен, тілдік өрістерді зерттеуде лингвисттер әртүрлі әдіс, тәсілдер қолданады: семантикалық өрістерді зерттеуде ономосиологиялық және семасиологиялық әдіс, өрістің құрылымын модельдеу әдісі, компоненттік талдау, сөздік анықтамаларға (дефиницияларға) талдау, оппозициялық талдау, салыстырмалы талдау және т.б. Талдау әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне, оның объектісі мен пәніне, лингвистикалық бағытына байланысты.
Қорытындылай келе айтарымыз, семантикалық өріс теориясын зерттеу ғалымдардың қызығушылығын арттырмаса, кеміткен жоқ. Өріс теориясының мәні мен оның ғылыми мүмкіндіктері тіл білімінде жалпы, жеке және салыстырмалы-салғастырмалы деңгейде зерттелуде.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет