Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Ізденушінің зерттеу тақырыбымен жұмыс жасау әдістемесі



бет77/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91
Ізденушінің зерттеу тақырыбымен жұмыс жасау әдістемесі
Кез келген ғылыми жұмыс ізденушіден үлкен еңбекқорлықты, қайсарлықты, табандылықты, мақсаткерлікті талап етеді. Ғылымда бір жаңалық ашу үшін жас ізденуші өзі жұмыс істейтін ғылым саласынан білімі мол болуы керек. Өзі таңдап алған салада белгілі бір жетістіктерге жету үшін қажымас қайрат иесі, ізденімпаз болу керек.
Жас ізденуші өзінің жеке оқу стратегиясын құрып, өз жұмысына талдау жасап, жаңа нәрсе үйренуге тырысуы керек және ылғи да өзінен: Осы жұмысымнан не шығады? Не шықпайды? Неге? Не себепті? Не істеу керек? Қандай әдебиеттермен жұмыс жасау керек? Қандай анықтама, сөздіктерді қарау керек? Жетекшіден сұрау керек пе? Менің жеткен жетістігім осы ма? Тағы қандай мәселелерді қарауым керек? Осы тақырып бойынша қандай жетістіктер бар? Тақырыпты толық аша алдым ба? т.с.с. сұрақтарға жауап іздеуі керек.
Әдебиетпен және жұмыста кездесетін материалмен танысу негізінде зерттеу жұмысының алғашқы жоспары құрылады. Әдетте жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қортындыдан тұрады.
Жоспар құру кезінде, біріншіден ең басты мәселелер мен сұрақтарды белгілеп алу керек. Әр бөлімге сай мәселені шешіп, оның орындалу ретін анықтаған жөн. Бұл мәселелер ақырғы, дайын жоспарда көрсетілмейді, бірақ алғашқы кезеңде ол жұмыс жоспары үшін керек.
Әр тақырып өзінше ашылуы мүмкін. Бірақ, тек қана дұрыс жасалған жоспар оның басты бағыттарын анықтайды. Жоспар жұмыстың басты идеясын, сипатын және мазмұнын көрсетуі тиіс. Жоспарда тақырыптың басты мәселелері ашылуы керек.
Жоспарды құру кезінде ешқандай шаблон болмағаны жөн. Жоспар құруда ізденуші жұмыстың ғылыми жетекшісімен ақылдасуы тиіс.
Тақырып бойынша оқыған әдебиеттер мен ғылыми жетекшімен әңгіме қорытындысы бойынша кіріспенің жобасын жасауға болады. Кіріспеге келесі кезеңдерді енгізу қажет:
Зерттеу жұмысының тақырыбына негіздеме жасау, оған тақырыптың өзектілігін, зерттеудің нысаны мен пәнін, ғылыми жаңалығын, теориялық және практикалық құндылықтарын, зерттеудің теориялық және методикалық негізерін көрсету керек. Осы жерде зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін нақты анықтап, қорғауға ұсынылатын тұжырымдарды беру керек. Жұмыста зерттеудің қағидаларын (синхрония- диахрония, интра- интерлингвистика, семасиология- ономасиология т.с.с) және әдістерін (сипаттау, тәжірибе т.с.с), сонымен қатар зерттеу барысында қолданылған көркем әдебиеттерді, бар болса архив материалдарын, статистикалық мәліметтерді, анықтамалар мен сөздіктерді көрсету қажет. Сонымен қатар зерттеу жұмысының негізгі терминдерін, ұғымдарын беру қажет.
Жас ізденуші! Егер де осы дәрісте берілген кеңестерді орындап, жоспар құрып, жоспарға сай әрбір бөлімін уақытында жазып, ғылыми жетекшіңізбен ақылдасып отырсаңыз, көп ізденсеңіз сіздің зерттеу жұмысыңыз өзіңізге қуаныш, жетекшіңізге мақтаныш сезімін әкелері сөзсіз.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет