Стероидтар – полициклдік спирттерге жатады, құрамында пергидроциклопентанофенантрен ядросы бар қосылыстар. Пергидроциклдопентанофенантрен молекуласы үш конденсірленген циклогексан (А, В, С) және циклопентан (D) сақиналарынан құрылған. Табиғи стероидтердің өкілдері стериндер, өт қышқылдары, әйелдердің және еркектердің жыныс бездерінің гормондары (андрогендер мен эстрогендер), бүйрек үсті безінің гормондары (прогестерон, адренокортикостероидтар). Клеткадағы стероидтердің мөлшері, стериндерден басқасы, өте төмен. Холестерин және туындылары
Жыныс гормондары
Синтетикалық
Қабынуға қарсы
стероидтер
Бүйрек үсті безінің гормондары
Витамин Д3 (холекальциферол) Арахидон қышқылының туындылары және эйкозаноидтер
Группа 1
Группа 2
Группа 3
Майлардың физикалық және химиялық қасиеттері құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал майы (сиыр майы, сүт майы және басқалар) 40-60% қаныққан май қышқылдарынан (негізінен миристин, пальмитин және стеарин қышқылы), 30-35% моноқанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. Сондықтан мал майы үй температурасында қатып қалады. Өсімдік майында әдетте қаныққан май қышқылдары аз (10-20%). Қанықпаған қышқылдар көп (80-90%). Қанықпаған қышқылдардың құрамы өсімдік түріне байланысты. Зәйтүн майының 79% олеин қышқылынан; күнбағыс майының 75% линол қышқылынан тұрады. Өсімдік майлары сұйық күйде болады. Әр түрлі майлардың балқу температурасы мынадай мөлшерде ауытқиды (°С есебімен): Сиыр сүтінің майы 28-42 Сиыр майы 42-50 Қой сүтінің майы 29-36 Шошқа майы 34-48 Ешкі сүтінің майы 27-39 Кокос майы 20-28 Адам сүтінің майы 32 Пальма майы 27-42 Липидтердің химиялық қасиеттері
Достарыңызбен бөлісу: |