Күрделі липидтерге – фосфолипидтер, сфинголипидтер және гликолипидтер жатады. Барлық фосфолипидтер түзілетін аралық алғы зат болып фосфатид қышқылы есептеледі. Ол 1,2-диацилглицерол, үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен этерленген. Табиғи фосфолипидтерде С16-22 көмірсутек атомдары бар қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Бірақта көбінесе С16-С18 май қышқылдары кездеседі. Сфинголипидтердің төрт тобы бар: 1) сфингомиелиндер, 3) ганглиозидтер, сфигозин 4) сульфолипидтер. Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде сфингозин бар. Сфингозин қанықпаған аминоспирт. Цереброзидтер - сфинголипидтер ішіндегі ең қарапайымы, церамидтен және қанттың бір қалдығынан (галактозадан немесе глюкозадан) құралады. Құрамында галактоза бар цероброзидтер көп мөлшерде сүтқоректі жануарлардың миында және жүйке ұлпасында кездеседі. Адам мен жануарлар липидтерiнiң құрамына кiретiн май қышқылдарының жалпы сипаттамалары: - Май қышқылдарының молекуласындағы көмiртек атомының саны жұп болады;
- Полиқанықпаған май қышқылдарында қос байланыстар қосарланған болмайды;
- Май қышқылдарында қос байланыстар цис-конфигурацияда болады.
Май қышқылдары – липидтердің құрылымдық компоненті Гидролиздеген кезде липид (май) глицеролға және май қышқылдарына жіктеледі. Май қышқылдары дегеніміз - карбон қышқылдары. Қаныққан май қышқылдарының молекула құрамында көміртегінің 4-24 атомдары болады және олар түзу тізбекке орналасады. Табиғи майларда көміртегі атомдары жұп болады. Май қышқылдары құрамындағы көміртегін нөмірлеу карбоксил тобы тұрған атомнан басталады. Кейде көміртегі атомдары грек алфавиті әріптерімен де белгіленеді. Мұндай жағдайда карбоксил топқа ең жақын орналасқан көміртегі атомы α-әрпімен белгіленеді, мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |