Орнатылған қозғалтқыш түріне сәйкес жылулық локомотивтерге:
Орнатылған қозғалтқыш түріне сәйкес жылулық локомотивтерге:
Паровоз (бу машинасы орнатылған);
Бу турбовозы (бу турбинасы орнатылған);
Тепловоз;
Мотовоз (іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған);
Газ турбовозы (газ турбинасы орнатылған) жатады.
Электрлік локомотивтерге:
Электрлік локомотивтерге:
Контактілік (түйіспелік);
Аккумуляторлы электровоздар (электр қозғалтқыштары орнатылған) жатады.
Электровоз немесе электртасығыш – түйіспелік желіден ток қабылдағыш арқылы келетін электр энергиясымен қоректенетін күштік (тарту) қозғалтқышы бар локомотив. Ол тұрақты токқа және айнымалы токқа арналып жасалады. Электровоздың механикалық бөліктеріне қорап, рама, доңғалақ жұбы, күштік жетек, рессор, тежеуіш құрылғы жатады. Ал оның электрлік бөлігі (пайдаланылатын ток түріне тәуелді бола отырып) күштік электр қозғалтқышынан, көмекші электр машинасынан және қозғалтқышты, т.б. құрылғыларды басқаруға арналған аппаратуралардан құралады. Элктровоз өнеркәсіпте (мыс., зауытта, шахтада, кеніште, т.б.), көлікте кеңінен пайдаланылады. Магистральдық жолаушы Электровозының жылдамдығы 200 км/сағ-қа (кейде одан да жоғары), ал жүк Электрвозыныкі 110 – 120 км/сағ-қа дейін жетеді. Тұрақты токпен қоректенетін Электровоздың ПӘК-і 86 – 87%.