6-дәріс. Локомотив паркын қолдану көрсеткіштері
Жол баланысына енген локомотивтер жолдың инвентерлы паркын құрайды. Жол ішінде локомотивтер деполар бойынша таратылады. Депо баланысына енген локомотивтер инвентарлы депоның инвентарлы паркын құрайды. Инвентарлы паркттың әрбір локомотивіне техникалық паспорт құрастырылады, мұнда локомотивтің техникалық күйі, орындалған жөндеу және модернизация жұмыстары көрсетіледі. Техникалық паспорт тіркеу депосында сақталады және локомотивтердің инвентарлы паркын есептеудің негізгі құжаты болып табылады. Есеп физикалық өлшемдермен, ал моторлы вагондардың есебі секциялар санымен жүргізіледі.
Локомотивтердің инвентралы паркы жол (депо) қарамағындағы және жол (депо) қарамағындағы емес болып жіктеледі. Жол қарамағындағы парк пайдаланатын және пайдаланбайтын болып бөлінеді.
Жолдың (депоның) пайдаланбайтын паркы жөндеудің барлық түрінде, жоспарлы жөнедулер арасындағы модернизацияда, тұрған жөндеуді және инвентарлы паркттен шығаруды күтіп тұрған, жүру, тапсыру, қабылдау, қорға және резервке дайындау, сонымен қатар қор мен резервте тұрған локомотивтерден құралады.
Пайдаланатын парк жұмыстың барлық түрінде қолданылатын, техникалық оперциялар орындалатын, жұмысты күтіп тұрған локомотивтерден, сонымен қатар аялдау мөлшерінен аспайтын ТО-2 техниалық тексерісте тұрған локомотивтерден құралады.
Локомотивтерді пайдаланатын паркттен пайдаланбайтын паркке және керісінше ауыстыру белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Негізгі депоға тіркелген локомотивтер айналатын телімді, айналым телімі деп атайды. Айналым телімі ұзартылған болса, онда оның жабыдқтау бойынша бекеттері, локомотивтердің айналым телімдерінің аралық бекеттері және локомотив бригадаларын ауыстыру бекеттері орналастырылады.
Локомотивтердің айналым телімі бір немесе бірнеше тартым өрістерінен құралуы мүмкін. Негізгі және айналым деполары орналасқан стансалар арасындағы телімді тартым өрісі деп атайды. Тартым өрісі бір немесе бірнеше бригадалар жұмысының телімдерінен құралуы мүмкін. Мұндай әр телім локомотив бригадалары ауысатын бекеттер арасында орналастырылады. Мұндай бекеттер ретінде негізгі және айналым деполары орналасқан стансалар және бригадалар алмасатын бекттер саналады.
Бір немесе әртүрлі деполардың локомотивтер жұмысы бірыңғай жоспармен ұйымдастырылған екі немесе одан да көп телімдер локомотивтердің айналым зоналарын құрайды.
Локомотивтер пойыздарға әртүрлі тәсілдермен қызмет көрсетуі мүмкін, ол темір жол желісінде негізгі және айналым деполарының орналасуына, вагон ағынының трнзиттілігіне, тартым өрістерінің ұзақтығына тәуелді болады. (сурет 1).
а) б)
в) г)
а) иінді б) айналмалы в) ілгекті г) жапсырмалы иін
Сурет 1 – Локомотивтердің пойыздарға қызмет көрсету тәсілдері
Егер тартым өрістері айтарлықтай ұзақ және негізгі депо орналасқан станса бойынша транзитті пойыз ағыны шағын болса, онда иінді тәсіл қолданылады.
Егер локомотив негізгі деподан келесі айналым бекетіне дейін пойыздан ағытылмай жүретіндей тартым өрістерінің қашықтығы жеткілікті болса, онда айналымалы тәсіл қолданылады.
Айналмалы және иінді тәсілдер арасындағы аралық тәсіл ілгекті тәсіл болып табылады. Локомотивтер пойыздардан негізгі депоға дейін ағытылмай тек бір бағытта жүреді. Кері бағытта локомотив пойыздан ағытылып, негізгі депоға жабдықтау мен техникалық тұрғыдан тексерілуге кіреді.
Егер тартым иіні екі негізгі деполар арасында орналасатын болса, онда пойыздарға жапсырмалы иіндер тәсілімен қызмет көрсетіледі. Бұл тәсіл иінді тәсілдің түрі болып табылады. Бұл тәсіл пойыздарды локомотивтермен қамтамасыз ету бойынша кең мүмкіндіктерді береді, бірақ пойыз жұмысын жоспарлаудың пойыздар жүріс графигімен сәйкес келуін талап етеді.
Шұғыл басқарудың маңызды бөлігі болып локомотив жұмысын шұғыл жоспарлау болып табылады.
Шұғыл басқарудың басқа маңызды бөлігі болып диспетчерлік басқару табылады, оның мақсаты жоспарланған тәртіппен және бұзылған тәртіпті қалпына келтіруге сәйкес пойыздарды локомотивтермен қамтамасыз ету болып табылады.
Локомотв паркының жұмысын шұғыл басқару пайдаланым жұмысын басқарудың әртүрлі деңгейінде (бөлімшелік және жолдық) жүзеге асырылады.
Локомотивтердің пайдалану паркы жалпы және тартым түрлері бойынша мөлшерленеді. Локомотивтердің қажетті пайдаланатын паркын анықтаудың екі тәсілі бар: статикалық, аналитикалық
Локомотивтердің пайдалану паркын статикалық әдіспен анықтағанда, өткен уақыт аралығында вагондарды тиеу, түсіру, қабылдау және тапсырудың нақты орындалуы бойынша қажеттілік коэффициенті анықталады. Содан кейін, бұл коэффициентті вагондарды жоспарлы тиеу, түсіру, қабылдау мен тапсырудың қосындысына көбейтеді.
,
мұндағы Мнақ.пай - есепті аралықтағы пойыз локомотивтерінің паркы;
Uтиеунақ, Uтиеу– есепті аралықтағы нақты орындалған және жоспарлы тиеу;
Uтуснақ, Uтүс– есепті аралықтағы нақты орындалған және жоспарлы түсіру және т.с.с.
Аналитикалық тәсілмен қажетті пайдаланатын локомтивтер паркы жоспарлы шамалар, локомотивтердің өнімділігі мен ортатәуліктік жүрген жолы, локомотив-сағаттарының шығыны бойынша анықталады. Бұл әдістер локомотив паркын тартым түріне қарай жіктеуді қарастырады. Бірінші екі тәсіл жол көлемінде есептеу жүргізгенде қолданылады. Соңғы тәсіл неғұрлым дәл және локомотивтердің пайдаланатын паркын әр тілім үшін есептеуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың жоспарлы тонно-км локомотивтің өнімділігінеWл бөлу арқылы:
, лок
мұндағы пв – вагондардың жұмыс паркы;
S – вагондардың орташа тәуліктік жүрген жолы, км;
л – берілген тартым түріндегі локомотивтердің жұмыстағы меншікті салмағы;
Qбр – пойыздың орташа брутто салмағы,т.
Локомотивтердің жоспарлы желілі жүрісін орташа тәуліктік жүрісінеSл бөлу арқылы:
, лок
мұндағы Ul- ваг-км;
- локомотивтердің көмекші жүрісінің коэффициенті.
Локомотив паркын пойыз жұбына қажеттілік коэффициенті бойынша мөлшерлеу.
Локомотивтердің пайдалану паркы әрбір тартым түрі және жалпы локомотив паркы үшін мөлшерленеді.
Мөлшерлеу бригадалардың жұмыс телімдері үшін локомотивтердің айналым мөлшерлеріне қарап жүргізіледі.
1-ші 2-ші 3-ші 4-ші 5-ші
Бригадалардың жұмыс телімдері
локомотивтерді тіркеу депосы
локомотивтердің айналым бекеті
локомотив бригадаларының алмасу бекеті
Сурет 2 Локомотивтер айналымының сызбасы
Жалпы, бригадалар жұмысының телімі үшін бір пойыз жұбына қызмет көрсетудің лок-сағ:
, сағ
мұндағы tб.а.л – локомотивтің айналым телімінің ішінде орналасқан, бригадалар алмасатын стансада болу уақыты,сағ;
tайл – айналым бекетінде болу уақыты, сағ;
tтірл – тіркеу стансасында болу уақыты, сағ.
tайл, tтірл шамаларына локомотивтерді жабдықтау және техникалық тексеріс уақыты кіреді.
Локомотив айналымының Qл нақты шамалары:
ортадағы телімдер үшін (3-ші және 4-ші)
сол жақтағы телім үшін (1-ші)
2-ші және 5-ші телімдер үшін
Qл шамалары пойыздардың жүріс графигі бойынша өтпелі, құрама, әкететін және берілме пойыздары үшін белгіленеді.
Осы мөлшерлер бойынша локомотивтің пойыз жұбына қажеттілік коэффициенті:
,
Бұдан, айналым телімі үшін локомотивтердің қажетті пайдалану паркы:
, лок
мұндағы N – пойыздар жұбының саны (парсыз график бойынша локомотивтердің максималды саны қабылданады);
пал.алу – бір айдағы алдын ала тексерістердің саны;
Достарыңызбен бөлісу: |