Б
Бөл.II
А Бөл.IБөл.III В
Сурет 1.1 – Жол сызбасы
Кесте 2
Тиелген вагон ағындарының көлденең кестесі
|
|
барлығы
|
бөлімшелер
|
жалпы
|
жолдар
|
жалпы
|
I
|
II
|
III
|
|
А
|
Б
|
В
|
|
|
I
|
Жергілікті қатынас
|
|
Әкету
|
|
Жолдың тиеуі
å
|
II
|
|
|
III
|
|
|
Жолдың тиеуі
|
|
|
|
å
|
|
|
|
å
|
|
А
|
Әкелу
|
|
Транзит
|
|
Тиелген вагондарды қабылдау
å
|
Б
|
|
|
В
|
|
|
Тиелген вагондардықабылдау
|
|
|
|
å
|
|
|
|
å
|
|
Барлығы
|
Түсіру
|
Тиелген вагондарды тапсыру
|
Жұмыс
|
Кесте 2.-ден, тиелген вагон ағындары қатынас түрлері бойынша жергілікті қатынас, әкету, әкелу, транзит болып жіктелетіндігі көрініп тұр. (сурет 1.2).
жол
Бөл. I Бөл. II Бөл. III
әкелу
жергілікті
қатынас
әкету
транзит
Сурет 1.2 – Тиелген вагон ағындарының жіктелу сызбасы
Әкелу – басқа жолдардан қабылданған және берілген жолда түсірілетін вагондар.
Әкету – берілген жолда басқа жолдар үшін тиелетін вагондар.
Жергілікті қатынас – жолда өзінің тасымалдау бөлімшелері үшін тиелетін вагондар.
Транзит – басқа жолдардан қабылданатын және жүк операциялары орындалмай басқа жолдарға тапсырылатын вагондар.
Кесте 1.2-ден вагон ағындары бойынша сандық көрсеткіштер вагон ағындарының сәйкес үйлесімі ретінде анықталатыны көрініп тұр:
тиеу әкету мен жергілікті қатынастың қосындысы ретінде:
Uтиеу=Uәкету+Uж.қ., ваг;
түсіру әкелу мен жергілікті қатынастың қосындысы ретінде:
Uтүс=Uәкелу+Uж.қ., ваг;
тиелген вагондарды қабылдау транзит пен әкелудің қосындысы ретінде:
Uқабтиел=Uтр+Uәкелу, ваг;
тиелген вагондарды тапсыру транзит пен әкетудің қосындысы ретінде:
Uтаптиел=Uтр+Uәкету, ваг;
Жол жұмысы қатынас түрлері (транзит, әкелу, әкету және жергілікті қатынас) бойынша вагон ағындарының қосындысы ретінде:
U=Uтр+Uәкелу+ Uәкету+Uж.қ., ваг.
Тиеу жоспары, стансаның ашық тиеу жоспарының негізінде, Ұлттық Компания «Қазақстан темір жолы» АҚ және жолдың тиеу бойынша қосымша тапсырмаларының (маусымдық жүктерді әкету, үкіметтің арнайы тапсырмалары т.с.с.) негізінде белгіленеді:
Uтиеужос=Uтиеу+Uтиеуқос, ваг
Жалпы тиеуден басқа жүк және вагон түрлері бойынша тиеу анықталады.
Вагондарды түсіру мөлшерлері:
басқа жолдардан тиелген вагондардың түсірілуге келуінен (әкелу) Uәкелу;
жолдың жергілікті қатынансында тиеуінен Uж.қ..;
жолдағы әр бөлімше үшін жергілікті жүктің артығынан (немесе жеткіліксіздігінен) Uтүс құралады:
Uтүс=, ваг
мұндағы пнақ, пжос – нақты жолда бар және жоспарлы тиелген вагондардың саны;
Тжою – түсірілетін вагондардың артығын (жеткіліксіздігін) жою аралығы, Тжою=30 тәу.
Сонымен түсіру мөлшері:
Uтүсмөл=Uәкелу+Uж.қ.Uтүс, ваг
Тиелген вагондарды беру жоспары жол ішіндегі “шахматканың негізінде құрастырылады. Бұл кезде екі тәсіл қолданылуы мүмкін:
Графикалық – тиелген вагон ағындарын беру шамасы тиелген вагон ағындарының диаграммасы немесе графикалық сызбасы бойынша анықталады. Диаграмма (немесе сызба) жол ішіндегі вагон ағындарының “шахматкасы” бойынша құрастырылады;
«Эталондардың» - арнайы есеп кестелерінің көмегімен. Әрбір түйіспе бекеті үшін екі этало жасалады: жұп және тақ бағыты үшін. Эталондар толтырылмаған «шахматка» түрінде болады, мұнда осы түйіспе бекеті арқылы берілетін вагон ағындарының бағыттарына сәйкес келетін торлар ойылған. “Эталонды” “шахматканың” үстіне қойғанда ойылған торлар бойынша вагон ағындарын беру өлшемдері есептеледі. Егер берілген бекет бойынша ағын толығымен өтпейтін болса, онда эталонда тор жартылай (үшбұрышты) кесіледі, ал қалған жартысында осы бекет арқылы беруді есептегенде, ағынның ескерілуге тиісті пайызы көрсетіледі
Тасымалдау жоспарының негізінде анықталған реттеу тапсырмасы бос вагондарды басқа жолдарға беру мөлшерін белгілейді. Реттеу тапсырмасы жылжымалы құрам түрі бойынша, бірін-бірі алмастыруын ескере отырып, белгіленеді.
Реттеу тапсырмасы келесі сұрақтарды шешуді қарастырады:
- тасымалдау жоспарын бір ай көлемінде, сондай-ақ алдағы аралықта орындау үшін вагондар паркын қажетті тарату;
- темір жолдың пайдаланым жұмысында пайда болатын қиындықтарды шешу және қалыпты жұмысты қамтамасыз ету мақсатында – вагондар паркының артығын қысқарту;
- маусымдық жүктерді тасымалдау үшін белгілі аймақтарда бос вагондардың қорын құру.
Реттеу тапсырмасының көлемі қосымша реттеу тапсырмасын ескере отырып, тиеу мен түсіру арасындағы реттеу айырмасы бойынша анықталады:
Uр= (Uтиеу –Uтүс)Uр, ваг
мұндағы Uр – бос вагондарды қабылдау (тапсыру) бойынша қосымша реттеу тапсырмасы («+» вагондарды резервке қою, тиеуді арттыру; «-» бос вагондардың артығын жою, бос вагондарды резервтен алу).
Жалпы реттеу айырмасын анықтағаннан кейін, оларды жылжымалы құрам түрі бойынша жалпы жол және әрбір тасымалдау бөлімшесі үшін есептейді (кесте 1.3, 1.4).
Бос вагондарды бағыттау схемасы құрғақ жүктер мен цистерналар үшін бөлек құрастырылады.
Бос вагондарды бағыттау схемасына қойылатын негізгі талаптар:
бос вагондар жүк түсіру стансасынан тиеу стансасына дейін неғұрлым қысқа жолдармен жету;
бірін-бірі алмастыра алатын жылжымалы құрам бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүрмеу керек;
бірін-бірі алмастыра алатын жылжымалы құрамның бос жүрісі минималды болу керек.
Тиелген және бос вагондарды беру мөлшерлері анықталғаннан кейін әр түйіспе бекеті бойынша жалпы қабылдау және жалпы тапсыру өлшемдері бекітіледі:
Uқабжал=Uқабтиел+Uқаббос, ваг
Uтапжал=Uтаптиел+Uтапбос, ваг
Тасымалдау бөлімшелерінің түйіспе бекеттері бойынша пойыздарды беру өлшемдері осы бекеттер бойынша тиелген және бос вагондарды беру мөлшерлерінің және тиелген және бос пойыздардың құрамындағы вагондардың орташа саны бойынша анықталады:
, пойыздар
, пойыздар
мұндағы Uтаптиел, Uтапбос, Uқабтиел, Uқаббос – сәйкесінше тиелген және бос вагондардың қабылданған және тапсырылған өлшемдері;
ттиел, тбос – тиелген және бос пойыздардың құрамындағы вагондар саны.
Темір жолдың құрылымдық бөлімінің жұмысын тиелген вагондарда орындалған тасымалдардың санымен сипаттауға болады. Темір жол желісінде барлық тасымалдар (шетелге жөнелтілген және шетелден келген вагондар саналмайды) тиеуден (бастапқы операция) түсіруге (соңғы операция) дейін орындалады. Сондықтан жалпы жолдар желісі үшін жұмысты тиелген вагондардың (бастапқы оперция) санымен белгілеу қабылданған. Осы шама түсірілген вагондардың (соңғы операция) санымен де анықталады, яғни жолдар желісі үшін жұмыс:
U=Uтиеу=Uтүс, ваг
Жол (тасымалдау бөлімшесі) үшін бастапқы операциялар болып тек тиеу ған емес, сондай-ақ берілген құрылымдық бөлімге тиелген вагондарды қабылдау да табылады, соңғы операциялар болып, тек түсіру ғана емес, сондай-ақ тиелген вагондарды тапсыру да табылады. Сондықтан жол (тасымалдау бөлімшесінің) жұмысын тиелген вагондар және тиелген күйде қабылданған вагондар санымен(бастапқы операциялар бойынша) анықтау қабылданған. Бұл түсірілген және тиелген күйде тапсырылған вагондар санына (соңғы операциялар) сәйкес келеді. Сонымен, жол (тасымалдау бөлімшесі) үшін жұмыс:
U=Uтиеу +Uқабтиел=Uтүс +Uтаптиел, ваг
Жұмыс бойынша вагондар паркы анықталады:
п=UQ, ваг
мұндағыQ – вагон айналымы, тәу.
Техникалық мөлшерлеу жүйесінде жол және тасымалдау бөлімшелерінің жұмысы вагондардың жұмыс паркының барлық категориялары үшін анықталады, мұнда есептеудің ыңғайлылығы үшін тасымалдау үрдісінің бастапқы немесе соңғы операциялары қолданылады. Сондай-ақ бос вагондар паркы да “жұмыс” атқарады деп шартты түрде қабылданады да тиелген вагондардың жұмысы сияқты есептеледі.
Тиелген вагондардыңвагон километрлері жалпы пSтиелжәне қатынас түрлері: жергілікті пSж.қ., әкелу пSәкелу, әкету пSәкету және транзит пSтр бойынша есептеледі. Мұнда транзит және әкету әр шығу бекеті бойынша, ал әкелу және жергілікті қатынас бөлімшелер және бағыттар бойынша жіктеледі.
Транзитті ағындардың жүрген жолының қашықтығы вагондарды қабылдау және тапсыру бекеттерінің арасындағы қашықтық бойынша қабылданады.
Әкету және жергілікті қатынаста жүретін вагондардың жүрген жолының қашықтығы, стансалық тасымалдау жоспары бойынша, жүк тиеу стансасынан жүк түсіру стансасына немесе шығу бекетіне дейінгі қашықтық арқылы анықталады.
Әкелінетін вагондардың жүрген жолының қашықтығы көрші жолдан қабылдау бекетінен бастап, бөлімшеге кіру бекетіне дейінгі дәл қашықтық бойынша, ал бөлімше ішіндегі жүрген жолы бөлімшеге кіру бекетінен бастап, бөлімшедегі шартты жүк түсіру орталығына дейінгі жуық қашықтық бойынша анықталады.
Шартты түсіру орталығы ретінде:
бөлімше ішінде жүк түсіру біркелкі таратылған кезде, географиялық орталық қабылданады;
жүк жұмысы бір ауданның бірнеше бекеттерінде шоғырланса, жүкті жаппай түсіру ауданы қабылданады;
жүк жұмысы бөлімшенің бірқатар стансалары бойынша таратылса, орта шамаменқабылданады.
5-дәріс
Сапалық көрсеткіштер
Жүк вагондарын уақыт бойынша қолданудың кешенді көрсеткіші болып вагон айналымы табылады.
Вагонның айналым уақытын есептеу үшін әдетте үш мүшелі формула қолданылады. Жалпы жұмыс паркы үшін бұл формула келесідей болады:
, тәу
мұндағы lтиел – вагонның тиелген күйдегі рейсі, км;
α – бос жүоіс коэффициенті;
Vтел – телімдік жылдамдық, км/сағ;
Lтех – вагон өрісі, км;
tтех –вагонның техникалық стансада орташа аялдауы, сағ;
kж.ж.– вагондардың жалпы жұмыс паркы үшін жергілікті жұмыс коэффициенті;
tжүк – вагонның бір жүк операциясынеа орташа аялдауы, сағ.
Вагон айналымы формуласының бірінші элементі вагон өзінің айналым уақытының қай бөлігін жолға жұмсайтынын, яғни жүрісте және аралық стансаларда тоқтауын көрсетеді. Екінші элементі вагонның айналым уақыты ішінде техникалық стансаларда аялдауын көрсетеді. Мұнда шамасы вагонның айналым уақыты ішінлде өткен техникалық стансалардың орташа санын көрсетеді. Үшінші элемнті вагонның айналым уақыты ішінде тиеу және түсіру стансаларында аялдау уақытын сипаттайды.
Жұмыс паркының категориялары бойынша вагонның айналым уақытын есептеу кесте 1.6. көрсетілген формулалар бойынша жүргізіледі
Кесте 1.6 Парк категориялары бойынша вагон айналымының есепті формулалары
Парк категориялары
|
Формулалар
|
Вагондардың жалпы жұмыс паркы,
соның ішінде:
а) тиелген вагондар паркы
б) бос вагондар паркы
|
, тәу
, тәу
, тәу
|
Жергілікті жүк тиелген вагондардың жалпы паркы,
соның ішінде:
а) бөлімшенің өзінде түсірілетін
б) көрші бөлімшелерге берілетін
|
, тәу
, тәу
, тәу
|
Транзитті жүк тиелген вагондардың жалпы паркы,
соның ішінде:
а) А шығу бекеті арқылы
б) Б шығу бекеті арқылы
|
, тәу
, тәу
, тәу
|
Жалпы жұмыс паркының вагондарын қолдануды терең талдау үшін вагон айналымының бес мүшелі формуласы қолданылады:
, тәу
мұндағы Vт – техникалық жылдамдық, км/сағ;
β – жылдамдық коэффициенті;
Lөңд, Lтр – сәйкесінше өңделетін және өңделмейтін трансзитті вагондардың вагон өрісі, км;
tөңд, tтр – сәйкесінше өңделетін және өңделмейтін транзитті вагонның орташа аялдауы, сағ.
Вагон айналымының бес мүшелі формуласының бірінші элементі вагонның жүрісте болу уақытын, екінші элементі аралық стансаларда болу уақытын, үшінші элементі вагондарлды өңдейтін техникалық стансаларда болу уақытын, төртінші элементі транзитті вагондарды өңдейтін техникалық стансаларда болу уақытын, бесінші элементі тиеу-түсіру стансаларында болу уақытын білдіреді.
Вагонның ортша тәуліктік жүрген жолы вагонның тәулікте жүріп өткен қашықтығын көрсетеді. Оны келесі формулалар бойынша анықтауға болады:
, км/тәу
, км/тәу
мұндағы l – вагонның толық рейсі вагона, км;
Q– вагон айналымы, тәу;
∑nS– вагондардың жалпы жүрген жолы, вагон-км;
п – вагондардың жұмыс паркы, вагон-тәу.
Орташа тәуліктік жүрген жолды жұмыс паркының категориялары бойынша есептегенде, жүріп өткен жолдың, паркттың, рейстің жзәне айналымның сәйкес шамаларын қолдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |