ҚЎлпыбаев с



бет162/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Нақты немесе бюджет тапшылығының бұл сөздің шын мағынасында пайда болуы бюджетке кірістер түсуінің кездейсоқ уақтытша кірістерінен және шығыстардың озық графигінен ( кірістер мен шығыстардың тоқсан сайынғы тізімдемесі) емес бюджет шығыстарының өсуімен және олардан кірістердің тым қалып қоюына байланысты. Мұндай тапшылық әдетте Республикалық бюджет туралы заңда шекті мөлшер ретінде белгіленеді, бірақ бюджеттің атқарылуы барысында одан не төмен, не жоғары болуы мүмкін.
Жоспарға қатысы бойынша бюджет тапшылығын Республикалық бюджет туралы заңға күні бұрын салынған (жоспарлы) және жоспардан тыс (кездейсоқтық, бірақ әрдайым кассалық емес) тапшылық ретінде сипаттауға болады. Жоспардан тыс тапшылық кірістердің мөлшерін онда болмаған қысқартудан, есепті жылы шығыстардың көбеюінен пайда болады. Егер әр түрлі резервтік, сақтық, бюджеттен тыс арнаулы қорлардың қаражаттарын пайдалы және басқа жедел шараларды жүргізу есебінен жағдаятты қорғауға болмаса жоспардан тыс тапшылық әлеуметтік- экономикалық бағдарламалардың орындалу барысына өте жағымсыз әсер етуі мүмкін. Жоспардан тыс тапшылықты жою мақсатында бюджеттің атқарылу барысында оның шығыстарын секвестрлеу өте-мөте теріс болып табылады.
Ұзақтығы бойынша бюджет тапшылығын созылмалы (жүйелі) және уақытша (дүркін-дүркін) тапшылыққа бөлуге болады. Созылмалы тапшылық ұзақ уақыт бойы жылдан жылға пайда болуы және аса «жазылуы аса қиын ауру» болып табылады. Оның болуының негізгі себептері болып экономикалық дағдарыстың ұзақ циклі ( бірінші кезекте жауапсыздық, олақ экономикалық саясат тудырған және т.б. ), ұзақ соғыстар және бейбіт кезде әскери мақсаттарға жұмсалатын шамадан тыс шығыстар («қырғи қабақ соғыс» кезінде), төтенше оқиғалар, өтелімділіктің белгілі бір мерзімсіз ондаған жылдарға созылған қымбат тұратын инвестициялық бағдарламалар қызмет атқарады.
Ұзақтығы бірнеше айға, жылға тең болатын немесе қатарынан 3-5 жыл бойы қайталанатын бюджеттің уақытша (дүркіндік) тапшылық сондайлық келеңсіз әрі жабуға қиын болмайды, себебі оның негізінде жатқан экономикадағы дағдарысты құбылыстар емес, керісінше бірқатар объективтік (дүлей апаттар және басқадайы) және субъективтік (жоспарлау мен болжаудағы қателер, әлемдік тауар және қор рыноктарындағы бағалардың ауытқуы және басқалары) себептер жатыр.
Қаражаттарды пайдалану бағыттарына (немесе бюджет сапасына) қарай ағымдағы бюджет тапшылығын (ағымдағы тапшылық) және даму бюджетінің тапшылығын (инвестициялық тапшылық) бөлуге болады.
Қазақстанда, дүние жүзінің көптеген елдерінде сияқты, тапшылықтың бүкіл көлемін немесе оның үлкен бөлігін ағымдағы бюджеттен даму бюджетіне көшірудің заңнамалық негізі қаланған. Даму бюджетінің тапшылығын жою шығыстарды секвестрлеу жолымен, сонымен бірге мемлекеттік қарыздар шығару немесе кредиттік ресурстарды пайдалану есебінен жүзеге асыру қарастырылған.
Әлемдік тарихтың барысы бюджет тапшылығы жалпыға ортақ құбылыс екенін дәлелдейді. Онымен іс жүзінде барлық мемлекеттер қақтығысады. Дамыған елдерде бюджеттерде тапшылық 30-жылдардан бастап жоспарлана бастады. Сонымен бірге тапшылықты қаржыландыруға ұдайы өндіріс үдерістерін реттеудің белсенді тетігінің мәртебесі берілді, бұл салада белгілі бір ережелер мен тапшылықты басқару механизмдерін жасауға мүмкіндік берген ғылыми-практикалық зерттемелер жүргізілді.
Бюджет тапшылығын жою салықтық және салықтық емес кірістердің көлемін көбейту, сонымен бірге инфляциялық емес және эмиссиялық емес көздер есебінен, соның ішінде халықтың бос ақшаларын тарту жолымен (банк жүйесі арқылы, ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру арқылы және т.б.) жүзеге асырылуы тиіс. Түрлі деңгейлер бюджеттерін баланстаудың ішкі резервтерін толық пайдалану сыртқы рынокта қарыз қаражаттарының көлемін, мемлекеттік борышты және қызмет көрсету шығыстарын қысқартуға мүмкіндік туғызады. Әлемдік тәжірибеде тап өңірлік және жергілікті деңгейдегі балансталынған бюджет макроэкономикалық тұрақтылықтың шешуші факторы болып табылады.
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.
1. Жыл сайын баланстандырылатын бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы не бұл екі әрекетті де жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдыруы болып табылады.
Бюджетті баланстау саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс. Бұл жағдайлардың кез келгенінде инфляция күшейеді.
2. Циклдік негізде баланстандырылатын бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.
3. Қаржының функциялық тұжырымдамасының мақсаты макроэко­номикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылық-тары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айла-шарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады.
Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында баланс­тан­дырылатын бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысы­ның жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржылан­дыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет