Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешен


-дәріс.Есет Көтібаров пен Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған көтеріліс



бет3/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,24 Mb.
#1052
1   2   3   4   5   6   7

5-дәріс.Есет Көтібаров пен Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған көтеріліс.

1. Есет Көтібаров бастаған қазақтардың көтерілісі: алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.

2. Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған Сырдария қазақтардың көтерілісі: алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.

ХIХ ғасырдағы орыс және орта Азия хандарының саясатына келсек Абылай ханнан кейін қазақ жеріне аш бөрідей анталаған Қоқан Хиуа хандығы Ресей империясы қазақ жерін басып алып жатты.

ХIХ ғасырдың ортасында Орта Азия үш ірі мемлекет: Қоқан, Бұхар және Хиуа хандары болды.

Қазақ еліне Қоқан Хиуа хандықтары және Ресей империясы, жан жағынан бірігіп шабуылға шыққан кезде қазақтар күш біріктіре алмады.

ХIХ ғасырдың аяғында Орта Азиядағы Бұхар, Хиуа және Қоқан хандықтарының құрылу процессі аяқталып, олар өздерінің жерлерін көшпелі аймақтардың есебіне кеңейтуге бой ұрды. Өзбектердің, қазақтардың саяси экономикалық орталығы болған Ташкентті жаулап алуы Қоқан хандығының күшейе түсуіне ықпал етті.Омар ханның (1809-1822)тұсында Қоқан үстемдігі Әулие атаны да құамтыды. Осы кезенде Қоқан хандығының Жетісудың билеушісі Әмір сұлтан мойндады. Омар хан Түркістан қаласы, Сырдарияның орта ағысын да өзіне қаратты. Қоқандықтар Қазақстанның онтүстік, онтүстік шығыс бөлігін түгел қамтып бейбіт халықты тонап, қырды. ХIХ ғаысрдың 20жылдарында Қоқан хандығының қол астында 150 мың қазақ семьясы болды. Қоқан билеушілері қазақтарды зекет төлеуге күштеп көндіріп, діни фанатизмді қоздырды, руларды бір біріне айдап салды, сауда керуендерімен Ресей бекіністеріне шабуыл жасады.

Қоқан хандығы. Сырдария аймағанда орналасқан Қоқан хандығы ХIХ ғсаырдың басында құрылып, толығымен нығайды. Қоқанның атақты хандарының бірі Әлімбек осы хандықты құрушы болды. Ол өзіне Ташкент, оджент қалаларын қосып алды және Бұхараға біршнеше шабуыл жасай отырып, оның біраз аудандарын басып алып, хандықты күшейтті. Осылайша оған үлкен мемлекетті құрудың сәті түсті. Әлімбек Қоқанд қаласын өз хандығының астанасы етті. Сол уақыттан бастап хандық Қоқан хандығы деп атала бастады. Әлімбектің өлімінен кейін хандық билікті иемденген Омар хан (1816 1821) Әлімбектін інісі Қоқан хандығының жерін бұрынғыданда кеңейтті. Ол хандыққа Түркістан қаласын қосып алды. Омархан өзін әміршімін деп жариялап, айналасына әдебиетшілер мен ақындарды жинап, сәнді сарай жасады. Ол ескі шығыс мемлекетінің монархтарына еліктеуге тырысты.

Бұхар тарапынан болып тұратын шапқыншылықтан және ішкі өзара қақтығыстан ХIХ ғасырдың 30-шы жылдары Қоқан хандығы ыдырай бастады. Тек ХIХ ғасырдың ортасында ғана нығайтыла бастады. Қоқан хандығында барлық феодалдық құрылыс сияқты ішкі қырқыстар шықты жеке феодалдар арасында әрқашанда өзара қақтығыстар орын алды, бұл хандықты әлсіретті.

Қоқан хандығында егін және бақша шаруашылығы,тұрғындардың негізгі шаруашылығы болды. Орталықтағы Қоқан қаласында хандықтың териториясында, өзінің жеміс бағымен бірге аты шықан құнарлы Ферғана алқабы орналасты. Ел өмірінде қалалар басты роль атқарды. Олардың ішінде ең ірілері болып: сол кездің өзінде 100 мың адамы бар, ірі сауда және қолөнер орталығы -Ташкент, 40 мың тұрғыны бар, қазаз материалдың ерекше сорттарымен аты шыққан Ходжент, және жібек мата шығарумен айналысатын Әндіжан болып табылады. Бәрі де қолөнер түрінде өндірілді.

ХIХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан мен Солтүстік Қырғыстан еңбекші бұқарасының Қоқан феодалдарының езгісіне қарсы біріккен күрес едәур күшейді. Күрес Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулиеата және Пішпек аудандарын қамтыды. Бұл кезендегі ірі көтеріліс -12 мыңға жуық адам қатысқан 1821 жылғы көтеріліс болды. Оның барысында көтерісшілер Сайрам қорғанын басып алды. Дегенмен де көтерісшілер Қоқан әскерлеріне төтеп бере алмай, жеңіп алған жерлерінен шегінуіне мәжбүр болды. 1858 жылы Қазақстанның онтүстік бөлігіндегі еңбекші бұқарасының Қоқан билеушілеріне қарсы стихиялы қозғалысы қуатты көтеріліске ұласты. Бұл көтеріліс жөнінде Ш.Уалихановтың еңбектеріндеде айтылды. Ғалым қазақ, қырғыз шаруаларының өз феодалдарымен қоқан бектерінің екі жақты қанауында езіліп жаншылғаны, көтеріліске Ташкент билеушісі Мырза Ахмедтің қазақтардың құрметті бірнеше биін жауыздықпен дарға асып өлтірткені болғаны жөнінде баяндайды. Әулиеата, Шымкент, Түркістан және Жетісудың кейбір аудандары көтерілістің басты ошақтарына айналды. Орыс жазбаларының мәліметтері бойынша 20 мыңға жуық адам көтеріліске қатысты. Қоқан феодалдары өз хандарының басшылығымен көтерісшілердің арасында ұлт араздығын туғызып, олардың күшін бөлшектеуге тырысты. Алайда Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың саяси биліктін болмауы,басшыларының жоқтығы көтерілістің нәтижесінде кері әсер етті. Ш.Уалиханов өз еңбектерінде көтерілістің жеңілу себептеріне тоқтала келіп, қазақ, қырғыз еңбекшілеріне қолдарына қару алып, бостандық үшін Қоқан феодалдарының езгісіне қарсы батыл түрде күреске шыққанымен, Қоқан билеушілері ұзамай қазақтың старшин, билер мен батырларын қз жақтарына шығарып алды қазақ феодалдарының ішінен құрметтілерімен ханмен оңаша сөйлесу үшін Қоқанға жөнелтілді деп жазды. 1858 жылдың аяғында Қоқан әскерлері көтерілісті бастады. Көтерілістің жеңілуінің басты себебі стихиялық пен жергілікті сипатта болған еді.

Қоқан билеушілері Жітісудаға позицияларынан айырылғасы келмеді. 1859 жылы шілденің аяғында Батыс Сібір генерал губернаторы Г.Х.Гасфорт Верныйға келіп, қоқандықтарды ығыстыру жоспарын жасады. Полковник Циммерман бастаған отряд Құдияр ханның әскерлері қоршауға алған Қастек және Іле бекіністеріне көмек шықты. 1860 жылы 28 августа ол отряд қазақ сарбаздарының көмегімен Пішпекті, одан соң қоқандықтардың Тоқмақ бекінісін алды. Қоқан ханы Қастекке 22 мың адамнан құрылған 2 отряд жіберді. Ол Верный мен Жетісудың басқа да мекендерінде қауіп төндірді.1860 жылы 19-21 қазанда Ұзынағаш маңында ұрыс боды, Алатау округінің бастығы Г.А Колпаковскийдің әскерлері Құдияр хан әскерлерін талқандады. Бұл шайқасқа қатысқан қазақ сарбаздары да ержүректілігімен де көзге түсті. 1867 жылы 11 сәуірде Верный бекінісі қалаға айналып, Верный уезінің және Түркістан генерал губернаторлығының құрамына енген бүкіл Жетісу облысының әкімшілік орталығы болды.Қоқан хандығымен сыбайлас Бұхар және Хиуа хандығы болды.

Бұхар хандығы. Қоқан хандығының Онтүстігінде орналасты. Ол неше жылдар бойы парсылар тарапынан күшті шапқыншылыққа ұшырады және олардың малдарын айдап әкетіп, адамдарын тұтқынға алатын еді. Бірақ ХIХ ғасырдың бірінші жартысында Бұхар хандығы нығайды және күшейіп, өзін мықты мемлекеттік құрылыс ретінде көрсете білді.Тұрғындарын негізінде өзбектер, тәжіктер, қазақтар, түркмендер құрады. Барлық хандықтада тұрғындарының негізгі көпшілігі өзбектер болды.Халықтың осы топтарынан барлық хандық басшылары шықты.Бқхар хандығының тұрғындары бақша шаруашылығымен, егін және мал шаруашылығмен айналысты.

Бұхар хандығындағы басты қалалар: 60 мың тұрғыны бар Самарқанд және үш хандықтың діни мұсылмандар орталығы, хандықтың астанасы Бұхара. Бұхар әміршісінің басқа хандардан айырмашылыға ол мұсылмандар басшысы дін қызметкерлері болып табылады.Бұхара Хиуамен жиі жиі соғысатын еді.

Бұхараның Солтүстік батысында Хиуа хандығы орналасты. ХVIII ғасырдың соңында ол жеке феодалдық топтардың өзара күресінен әлсіреді, ал ХIХ ғасырдың басында тез нығая бастады. 1804 жылы Эльтузер хан бастаған Жаңа Хиуа династиясы пайда болды, барлық феодалдардың орталық билікке бағынуын көздеген шешуші күресін бастады.Бұл істе оның даңқын шығарған өзінің мұрагері 20 жыл патшалық құрған (1806-1825) Мұхаммед-Рахим, Хиуа хандығының мықты орталықтануына жетуіне күш салды.Ол күшті феодалдар қақтығысына тойтарыс берді, қарақалпақтарды өзіне бағындырды,онтүстікке түркменияның көп бөлігін қосып алуымен өз хандығын кеңейтті. Мұхаммет Рахим жаңа феодалдық ақсүйектерді қалыптастырды. Түркмен территориясын жаулап ала отырып, ол тұрғылықты феодалдардан жерді тартып алып, оны ескі феодалдармен күресте өзіне тірек болатын жаңа тұлғаларға таратты.

Хиуа хандығының тұрғындарының басты шаруашылығы егін, мал шаруашылығы болды. Бақша шаруашылығына арналған жерлері де болды. Халықтың негізгі тұрғындарын өзбектер,қарақалпақтар,қазақтар және түркмендер құрады. Мұхаммет-Рахим түркмендерден күшті атты әскер құрды, салт аттыларға жер үлестіріп берді. Түркмендер өздерінің атты әскерлерін дәріптеп, оны хан өзінің жаулап алу жорықтарына пайдаланады. Осы хандықтардың барлығында да феодалдық құрылыс болды. Бұл сондағы жерге қатысты жағдайлардан көрінді. Жердің құныдылығы жер суаруға керекті мұндағы ерекше роль атқаратын судың болуына байланысты болды. Шағын жақсы суарылған жер бөлігі көп мөлшерде кіріс кіргізді. Хан иелерінде жерлер үш топқа бөлінді: 1 ші топқа мемлекет жерәі кірді, бұл жер шын мәнінде ханның жеке меншігі болып саналды. Онда шаруалар мәнгі арендаторлар жұмыс істеді. Салғырт түрінде салық төлейтін. Ақшалай салықтан басқа шаруалар табиғи салық та төледі. 2 ші топқа мүлік мюльковый жерлер немесе жеке иеліктегі жерлер кірді. Бұл жерлер ханға қызметіне сыйға тарту еткен немесе қандайда бір ерекше еңбегіне берілді. Хиуада жер мен суға халық әдетте көп шағымданды. Бұхараға бұл сиға берілетін жер танха деп аталады, ал иесі танхадар әміршіге әскери қызмет атқаруы тиіс еді. Хиуа және Бұхара хандыға тіпті ертеде Петр мен келіссөз жүргізді. Бұл жағдай Шығыс елдерімен қатынас орнатуға бұрыннан да мүдделі орыс патшасының назарын Орта Азияға аударды. 1714-1717 жылдары Петр I Хиуаға А.Бекович Черкаский басқарған экспедиция аттандырды, оны хиуалықтар жолай құртып жіберді. Орта Азия рыноктары үшін Англиямен бәсекеге түскен Россия 1839-1840 жылдары генерал адьютант В.А Перовскийдің басшылығымен Хиуа хандығына қарсы шабуыл ұйымдастырды. Патша үкіметінің бұл әрекеті да сәтсіз аяқталды. 1873 жылы генерал К.П Кауфманның басшылығымен орыс әскерлері Хиуаны басып алды. 1873 жылы келісім бойынша Хиуа хандығы Амударияның оң жағалауындағы жерлерден бас тартты, дербестігінен айырылып, ішкі автономиясын ғана сақтап қалды. Ол Россия протеторатына айналды. Хиуа хандығының құрамындағы өзбек, түркмен, қарақалпақ, қазақтар суармалы егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысты. Хандықта феодалдық тәртіп патриархалдық рулық және құл иеленушілік қатынастармен астарласып жатты. Өндіріс саласынан тек қана бірнеше мақта тазалау заводттары болды. Экспортқа мақта, кептірілген жеміс, мал терілері мен жүн шығарылды.

Хан шексіз билікке ие болды.

ХIХ ғасырдың екінші жартысында Хиуа хандығының басқыншыларына қарсы қазақ шаруаларының Нұрмұхамедов Жанқожа бастаған үлкен көтеріліс болды.

Нұрмұхамедов Жанқожа (1780-1860)- Хиуа хандығының езгісіне қарсы күресте аты шыққан батыр, Сырдария диқаншыларының патша үкіметіне қарсы көтерілісінің басшысы. Шекті руының старшины. Хиуа хандығының зорлық зомбылығынан Нұрмұхамедов қоныс аударып, Хиуа хандығына, Қоқан билеушілеріне қарсы күрес жүргізді. 1835 жылы Сырдария бойына салынған Бабажан қамалын қиратып, 1845 жылы Қуандариядағы бекінісі және1845жылы көктемде 2 мындық Хиуа отрядын талқандады. Патша үкіметінің сырдария бойындағы суармалы егіңстік жерлері тұрғын харықтан тартып алуына байланысты 1856 жылы желтоқсанда Сырдария диқаншыларының көтерілісі басталды. Көтерісшілердің саны 3 мың адамға жетті. Оның орталығы Жанақала бекінісі болды. Нұрмұхамедов бастаған көтерісшілер қазалының 1 фортын қоршады. Көтерісшілерді басуға 1857 жылы 9 қаңтарда Фитингофтын отряды жіберілді, оның құрамында 300 қазақ 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек болды. Ұрыс Арықбалық маңында өтті, Нұрмұхамедов қолы жеңіліске ұшырады. Ұрысқа жазалаушылармен бірге Сырдария қазақтарын басқару жөніндегі консультант сұлтан Ермұхамедов Қасымовтың отряды да қатысты. Отряд Нұрмұхамедовты өлтіріп, ауылын қырғынға ұшыратты.

Сонымен ХIХ ғасырдың 60-70 жылдары онтүстік аудандардың халқы Қоқан және Хиуа хандардың езгісінде болды. Олар қазақ ауылдарын шамадан тыс алым салықпен әр түрлі борыш, міндеткерлікпен діңкелетті. Сырдария мен Арал бойының қазақтары хандықтың жазалаушы отряттарына талй рет қарсы шықты, жылы Райм жылы қазалы бекіністер салынды. Ресей Қоқан хандығы арасында қазақ жеріне талас басталды. Патша әкімшілігі 1853 жылы қоқан хандығының бекінісі болған Ақмешітті алды, Сырдария әскери шебі құрылды. Бірақ патша әкімшілігінің отаршылдық саясаты еңбекші бұқараға ауыр тиді. Түтін салығы, үкімет және қазақ феодалдарының пайдасына жиналатын алым салықтар, бекіністер салуға еріксіз жұмыс істетті, жүк тасу жұмыстары қазақ еңбекшілерінің наразылыған тудырды. Қазақ еңбекшілерінің патша үкіметіне қарсы жылдары Онтүстік, жылдары батыс Қазақстанда стихиялық көтерілістері жеңіліс тауып, оны басуға қазақ феодалдары да қатысты. Феодал шонжарлардың сатқындық әрекеттері Онтүстік Қазақстан қазақтарының 1858 жылы Қоқан хандығының феодалдық езгісі мен қанауына қарсы халық азаттық көтеріліс кезіндеде көрінді. Әулиеатада басталған көтеріліс өзге аудандарға тез тарады. Көтерісшілер Мерке, Созақ, Шолаққорғанды алып, Жаңақорған мен Түркістанды қоршады, Оларға қырғыздарда қосылды. Қазақстан мен Орта Азия еңбекші бұқарасының жергілікті және қоқан феодалдарының езгісіне қарсы азаттық күресі олардың орыс мемлекетінің отарлау кезеніне дәл келді.

ХIХ ғасырдың 50 жылдары Ұлы жүз қазақтары Россия қарудың күшімен өзіне қосты. Ұлы жүз қазақтары негізгі көпшілігімен бірігуге тырысты. 1854 жылы Верный бекінісінің негізі қаланды. 1863-1864 жылдары Онтүстік Қазақстандағы Қоқан хандығының қолында болған Әулиеата, Созақ, Тараз, Шымкент, Түркістан қамалдары алынды. Қазақ жерінің Россияға қосылуы осылай аяқталды.


6-дәріс.Орал,Торғай, Маңғыстаудағы көтерілістер (1867-1868жж.)

1.1867-1868 жылдардағы Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер: алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.

2.1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс: алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.

1868 жылы желтоқсан айында Орал және Торғай облыстарында патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы көтеріліс басталды. Ол 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Қазақтар көтерілісінің басты себебі 1867-1868 жылғы уақытша ережелер болатын.

1869 жылы көктемде көтерілісшілердің қарулы жасақтары казак әскери бөлімдеріне қарулы қарсылық көрсетіп, реформаны жүзеге асыру үшін келген үкімет комиссиясына ашық наразылығын білдірді. Бұл көтерілісті Ембі өзені бойындағы аймақты мекендейтін қазақ руларының ықпалды көсемдері Сейіл Түркебайұлы мен Беркін Оспанұлы басқарды. Қазақтардың қарулы қарсылығын басу үшін Мәскеу, Петербор, Харьков, қазан әскери округтері мен жазалаушы әскери бөлімдері жіберілді. Жазалаушы әскер бөлімдерінің құрамында 5300 солдат пен офицер және 20 шақты зеңбірек болды. Жазалаушы әскердің шабуылынан соң көтерілісшілер Енбі, Сағыз, Ойыл өзендері бойына шегінді. Көтерілісшілер 1868 жылы 6 мамырда Ойыл өзенінің жанында Жамансай деген жерде фон Штемпельдің 200 атты әскері мен жаяу әскер ротасына шабуыл жасайды. Патша әскеріне қазақ жасақтары күшті қарсылық көрсетіп, 7 күн бойы оларды қоршауда ұстады. Соңында жазалаушылар Калмыков бекінісіне қайтуға мәжбүр болды. Мұндай шайқас Ащыбұлақ өзені бойында майор Пироготың әскери бөлімімен де болды. 1869 жылдың наурыз-маусым аралығында көтерілісшілер билер мен болыстардың және старшындарының ауылдарына үш мыңға жуық адамның қатысуымен 41 рет шабуыл жасалады.

Көтерілістің кең етек алып кетуінен сескенген патша үкімет оны басу үшін нақты іс-әрекеттерді талап етті. Жазалаушы экспедицияны Орал облысының губернаторы Н.А. Веребкиннің өзі басқарды. Ол басқарған әскери бөлімдерде 1700 астам адам болды. Осы әскери экспедицияның нәтижесінде көтеріліс жаншылды.

Көтерілістің негізгі күші қазақ шаруалары болды. Олардың мойнына отаршылдықтың барлық ауыртпашылығы түскен еді. Көтеріліске қоғамның басқа өкілдері де қатысты, оның ішінде рубасылары мен сұлтандар да болды. Мысалы, сұлтан Ханғали Арсланұлы көтерілісшілердің жасағының бір бөлімін басқарды. Бірақ сұлтандар, болыстар мен старшындар тұрақсыздық жасады және көтерілісшілердің үмітін ақтамады. Көтеріліс басталғаннан кейін патша әкімшілігі оған қатысқандарды аяусыз жазалады.

1870 жылы наурызда Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс басталды. Көтерілістің негізгі себебі патша үкіметінің әкімшілік-аумақтық реформалары болды. Ал көтерілістің шығуына түрткі болған Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің «Уақытша ережеге» сәйкес бекінсітер салынған Ембі өзені бойындағы жайылымдарды адай руларының пайдалануына тыйым салу әрекеті еді. Бозашы түбегіндегі көтерілісті Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы басқарды. 1870 жылы 15 наурызда пристав Рукин 4 зеңбірекпен қаруланған казак әскерімен Күріп аймағында адай руларының жайлауға көшуін тоқтатуға әрекет жасады. 22 наурызда оған жауап ретінде қазақ жасақтары казак әскерін қоршап алып, талқанжап жіберді. Бұл шайқаста жарақат алған полковнк Рукин өзін-өзі атып өлтірді. Казак әскери бөлімінің талқандалуы туралы хабар азаттық қозғалыстың белгісі болды. Көтерілісшілерді Каспийдегі балық және тұз кәсібіндегі жұмысшыларда қолдады. Көтерілісшілердің саны 10 мыңға жетті. 5 сәуірде олар Николаев станциясы мен Александровск форпостына шабуыл жасап, Нижнее бекінісіндегі әскери горнизонының қоймаларын талқандады. Сонымен бірге, форпостын шамшырағын жағып жіберді. Қолға түскен қайықтардан кішігірім флотилия жасап, Александровск форпостын қоршауға қатысты. 9 сәуірде Кавказ әскери округінен Алекксандровск форпостына граф Кутаисовтың басшылығымен әскери күш келді.Сәуірдің соңына таман граф Кутаисовтың зеңбірекпен қаруланған үш жаяу ротасы және жүзге жуық атты әскері Үстіртке шегініп бара жатқан ауылдардың жолдарын кесуге әрекет жасады. Мамыр айында Кавказдан Маңғыстауға Апшерон полкінің батальоны, екі атқыштар ротасы, желілік батальонының екі ротасы, Дағыстан полкінің төрт ротасы, Терск казактарының екі жүздігі төрт зеңбірекпен жеткізілді. Мұндай әскери күшке қару-жарағы нашар қазақ жасақтары төтеп бере алмайтын еді. Қазақ жасақтарының жанқиярлық қарсылығына қарамастан, көтеріліс басылды. Маңғыстауды патша әскері басып алды. Көтеріліс басшылары М.Тіленбайұлы Д.Тәжіұлы өздерін жақтаушы ауылдарымен 1870 жылы желтоқсанда Хиуа хандығының аумағына өтіп кетті. Көтеріліс басылганнан кейін адай руына 90 мың қой көлемінде соғыс шығынын өтеу үшін салық (контрибуция) салынды. Ресей үкіметі бұл «жағдайды Маңғыстау түбегіндегі тыныштық орнату мен жазалау емес, керісінше қайтадан басып алу» жорығы болғанын мойындады. 1873 жылы Маңғыстау қазақтары қайтадан көтеріліс жасады. Бұл жолы ресей үкіметі оларды Хиуа жорығына арналған түйелерін тартып ала бастаған еді.




7-дәріс. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің алғышарттары, себептері.

2.Көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, басталуының сылтауы.

3.Көтерілістің басталуы, оның көрнекті басшылары мен батырлары. Жанбосынов Әбдіғафар, Амангелді Иманов, Мәмбетов Жәмеңке, Саурықов Ұзақ, Әшекеев Бекболат, Көкімбайұлы Кейкі т.б.

4. Көтерілістің барысы, оның негізгі ошақтары.

5. Көтерілістің жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары.

ХХ ғасыр басында отырықшыл саясатқа ашық қарсы шыққан Ығыз үезі азаматы Мырзағұл Шыманов )1850ж.т.-1906ж.қ.б.) бастаған шаоуалар көтерілісі еді. 1903 жылы Арал теңізі мен Мұғалжар тауы аймағындағы алдымен бір шоғыр, Шалқар станциясында басталған бұл көтеріліске 800 адам қатысты және ол екі жылға созылды. Күрес 1905 жылғы революцияға жалғасып барып, жеңіліс тапты. Қолға түскен Мырзағұл 1906 жылы Илецк түрмесінде қайтыс болды.

Бірінші орыс революциясы шеткері ұлт аймақтарының еңбекші бұқарасының ғасырлар бойығы ұйқысынан оятты, Революциялық қозғалыстардың барысында қазақ еңбекшілерінің орыс жұмысшылары және қоныстанушы-шарулармен интернационалдық ынтымағы нығайды. Террорға, тұтқындау мен жазалауға қарамастан ереуілдер мен стаякалар жалғаса берді. Бұл революцияның жаңа өрлеу кезінде оған серпін берді.Ленадағы уақиғаға үн қосу ретінде 1912 жылдың көктемінде Қазақстанда жұмысшылардың революциялық орнының, Спасск мыс қорыту заводының, Торғай уезінің көмір кендерінің жұмысшылары ереуілге шықты. 1914 жылы Ембі мұнайшыларының ереуілі болды. Ереуілшілердің негізгі талаптары экономикалық (жылықыны көбейту, салық төлеуді азайту және т.б.) талаптар болды.

Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы

Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс (1914-1918жж)

Патшалық Россияның 1914-1918 жылдары бірінші дүние жүзілік империялисттік соғысқа қатысуына байланысты еңбекші халықтың басына жаңа ауыртпалықтар түсті. Соғыс экономикалық жағдайды күрт нашарлатып, елдегі елдегі таптық қайшылықты шиеленістіріп жіберді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы құлдырап кетті, егіс көлемі кеміді, әсіресе Жетісу, Сырдария обылыстарында жергілікті халықтан жерді тартып алу әрекеті толастамады. Малды, ауыл шаруашылық өнімдерін, жем-шөпті жаппай реквициялау, күш-көлік, транспорт құралдарын мобилизациялау жүргізілді. Еңбекшілердің материялдық жағдайлары қатты нашарлап, жұмысшылардың жалақысытөмендеді. Азық-түлік екі есе, тіпті оданда көп қымбаттады. Салықтар мен алымдар (жерге жолға т.б.) 3-4 есе көбейді. Полициялық бақылаулар, патша чиновниктерінің, байлардың зорлық-зомбылығы күшейді. Ауылда таптык күштер жіктелді.Ереуілдер мен стачкалық қозғалыстар үдеп, экономикалық тараптермен қатар саяси талаптарда қойылды. 1914-1915 жылдары Қарағанда мен Екібастұз шахтерлеріің, теміржолшыларының, Спасск және Қарсақбай заводтары мыс қорытушыларының, Ридерр,Жезқазған, Успен рудниктері жұмысшыларының ереуілдері болды. Аграрлық толқулар да етек алды. Соғыс жылдырының ауыр жағдайларында большевиктер революцияслық жұмыстарын өрістете түсті. Петропавлда, Оралда, Семейде т.б. қалаларда астыртын социал-демократтық топтар жұмыс істеді. Олар белсенді үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп,соғыстың империялистік сипатын, патша үіметі саясатының реакцияшыл мәнін түсіндірді. Халық бұқарасы қарсылығының өршуі, әсіресе 1916 жылғы ұлт-азаттық, отаршылдыққа қарсы көтерілісте айқын байқалды.

Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліс-1916 жылғы Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі. Қазақстан халықтарының империялизмге, соғысқа, езгі, қанауға қарсы бұқаралық ұлт-азаттық көтерілісі. Терек, Кубань обылыстары мен Закавказье , Орта Азия, Қазақстан, Сібірдің «бұратана» халықтарынан майданға қара жұмысқа адам алу жөніндегі 1916 жылы 25 маусымдаға патша жарлығынан соң басталды. Көтерілістің негізгі себебі отарлық езгінің күшеюі, жердің тартып алынуы, алым-салықтың көбеюі, бұқара жағдайының күрт нашарлауы еді. Оның негізгіқозғаушы күші, жергілікті ұлт шаруаларынан тұратын халық бұқарасы болды.Қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта блды. Осыған орай езіліп, жаншылған орыс тұрғындарының арасынанда көтерілісшілерді қолдағандар табылды. «Қазан-богородский селосында,-деп мәләмдемені Верныйдың полицмейстері Жетісу обылысының әскери губенаторы М.А. Фольмбаумға,-шаруалар Иван Долматов пен Дормидон Федосов… қырғыздарды алынатын жергілікті тұрғындардың тізімін жасатпауға шақырады.»

Орыс кедейлерінің патша үкіметінің билеп-төстеуіне қарсылық білдіріп, көтерілісшілер жағына шығып, көмек көрсеткендері жайлы фкатілерде белгілі. Жетісу, Семей; Ақмола мен Торғай обылыстарында қаруланған көтерілісшілер отрядтары жергілікті әкімшілік өкілдерін жазалап, бай-феодалдардың, болыс басшылырының мүліктерін қиратты, полиция және патша әскерлерімен қақтығысқа түсіп, әскер жасындағы жастарға толықтырылған тізімдерді, тартып алып, жойып отырды. Кейбір жерлерде көтерілісшілер болыс басшыларын, ауыл старшындарын, құрметті ақсақалдарды және басқа да лауазымды жандарды өлтіріп, қарыз бен несие жөніндегі шарттарды, жер сатуға байланысты документтерді, салық салу қағаздарын жойып отырды.

Көтерілісшілердің қатарын Риддер тау-кен өнеркәсіптік қоғамның, Қарсақпай, Спасск заводтарының, Успен мен Жезқазған кен орындарының, Қарағанды көмір кенінің қазақ жұмысшылары толықтырды. Қозғалысты бәсеңдету үшін 1916 жылдың 20 шілдеде патша мүсіркеушілік біліріп, жігіттерді егін орағы біткенге дейін әскер қатарына шақырудан қалдырды. Кейін оны 1916 жылы 15 қыркүйекке дейін ұзартты. Әйтседе барған сайын күшейе түскен ұлт-азаттық қозғаысын келіссөз жүргізу жолымен тоқтату мүмкін емес еді. Көтеріліс елеулі саяси және революциялық факторға айнала бастады.

Қазақтың демократ интеллигенциясы халық жағына шықты. Олар бай-манаптардың сатқындық әркеттерін әшкерелеп, Орыс халқымен бірге орыс патшасына қарсы! Деген ұранмен халықты бостандық жолындағы күреске жігерлендірді. Торғай даласында-большевик Әліби Жангелдин мен Аманкелді Иманов, Орал обылысында Сейітқали Мендешев, Ақтөбе даласында- Бәмән Алманов, Ақмола даласында-Әділбек Майкөтов пен Сәкен Сейфуллин, Жетісуда-Тоқаш Бокин мен Бекболат Әшекеев, Сәт Ниязбеков, Сырдария обылысында Тұрар Рысқұлов т.б. болды. Орта Азия мен Қазақстан халықтары бостандық үшін патшаға тонаушылық соғысқа қарсы, Россия халоықтарымен тең дәрежедегі правосы үшін күреске көтерілді.

Россия жұмысшы табы отарланған бұратана халықтар тарыпатынан шын одақтас тапты. Қозғалыс стихиялы, әр түрлі аймақтарда әр түрлі мезгілде басталды да, онда жұмысшы табының және бір орталыққа бағындырылған басшылығы болмады. Осыған қарамастан қозғалыс еңбекші халыққа революциялық сабақ беруде айтарлықтай роль артқарды. Көтеріліс бүкіл Қазақстан теориясын тегіс қамтыды, жазалаушы отрядтармен қараулы шайқастар бірнеше айларға созылды; Торғай обылысындағы көтеріліс ең ұзаққа созылған, ең ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтерілісшілерге халық батыры Аманкелді Иманов пен большевик Әліби Жанкелдин басшылық етт. Патша әскерлері көтірілісті қаталдықпен басып-жаншыды, көптеген көтерілісшілер мен бейбіт халық қырғынға ұшырады. 300 мыңдай адам басқа жаққа көшті.Ұлт-азаттық көтерілісі жұмысшы табының революциялық күресімен үдесіп жатты. Қазақ халқы бостандық жолында патша үкіметіне, тонаушылық соғысқа қарсы, жер үшін, ұлтық тәуелсіздік үшін күресті. Ол Россиядағы өрлей түскен революциялық жұмысшы-шаруалар қозғалысының құрамдас бөлігі болды. Ел ішінде революциялық жағдай қалыптасты.

Қорыты келгенде, отаршылдар тілімен ацтқанда, бұтана халықтардан қара жұмысқа 18 бен 43 жас аралығындағы адамдарды мобилизациялау жайлы 52 маусымдағы патша жарлығы бүкіл қазақ даласын дүрсілкіндірді. Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу,Сырдария,Орал обылыстарының Бөкей ордасының қазақтары бас көтерді. Халықтың ғасырлар бойғы ашу-ызасы бір-ақ сәтте тасыған судай ақтарылды. Қарапайым қару-жарақпен қаруланған ауыл қазақтары патша шненеуіктеріне, олардың сөзін сөйлеген болыс-билеріне де қарсы шығып, көптеген жерлерде оларды аяусыз жазалады.

Сөйтіп, бүкіл қазақ даласы көтеріліске шықты. Көтерілістің Торғайда-Ә.Жанкелдин, Оралда-С.Мендешев, Маңғыстауда-Ж.Мыңбаев, Ақмолада-С.Сейфуллин, Сырдарияда-Қ.Рұсқылов, Жетісуда-Т.Бокин саяси басшылары болды. Алайда патшаның жазалаушы отрядтары көтерілісшілерге құрсанған темір жасаулы қолмен келіп, оларды аяусыз тұншықтырды. Дегенмен оларға қатты қарсылық көрсетіп, бетін қайтарған ержүрек сарбаздар қатары күн сайын көбейе түскен еді.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ең ұйымдасқан және қатты қарсылық көрсетіп, орыс патшасының үрейін ұшырған соғыс Торғай даласында болды. Торғай уезі ғана емес, сол кездегі ұланғайыр Торғай обылысының Торғай, Ырғыз,Ақтөбе,Қостанай уездерін және оған көршілес Атбасар, Ұлытау жерлерінде қамтыды.

Көтеріліс басшысы, яғни хан болып елдің белгілі азаматы Қыпшақтың Нияз атасынан Әбдіғапар Жанбосынұлы сайланды. Сарбаздар сардары болып Кенесарының батыры Иманның немересі Аманкелді бас мергені болып есімі халықарасында аңыз болып тараған Кейкі Көкенбайұлы сайланды.

Көтерілісшілер қатары қазан айында 50 мыңға жетті. Сарбаздардың ішкі тәртібін нығайтып, оларға онбасы, жүзбасы,мыңбасылар сайланды. Көтерілісшілер санының тез арада мұндай дәрежеге өсуі Торғайдың әскери губенаторы М.Эверсманды қатты алаңдатты. Торғай,Ырғыздың кең даласында бөлінген 20 көтерілісшілер отряды басқа обылыстардағы қазақ рухын көтеріп, Қарсақбай,Ақмола,Семей обылыстарынан да қарулы тотар қосылды. 22 қазан күні олар Торғай қаласын қоршауға алды.

Бұл кезде генерал А. Лавреньев бастаған мұздай қаруланған жазушылар корпусы үш бағытта: Шалқар-Торғай, Қарабұтақ-Торғай, Қостанай-Торғай бағыттарымен жолға шыққан еді. Қару-жарақтарының жетіспеушілігіне қарамастан, халық көзсіз ерлікпен соғыса берді. 1916 жылдың күзі мен 1917 жылдың қысында көтерілісшілер Доғал,Үрпек,Шошқалы қопа, Бетбаққара, Татыр далаларында ұрыс салып, жазушылардың бетін қайтарды. Осы соғыста қаһармандықпен қол бастап, ерлігімен үлгі болған Аманкелді батыр мен құралайды көзге атқан әйгілі қол мерген Кейкі батырдың жауынгерлік даңқы бүкіл қазақ даласына аңыз болып тарады. Көтеріліс 1917 жылғы ақпан революциясына жалғасты.

Тарихымыздағы ерекше орын алатын көтерілістің бірі-Жетісу обылысындағы қарулы көтеріліс еді. Әсіресе Жайылмыш болысындағы Бекболат Әшекеев бастаған бірнеше мыңдаған көтерілісшілер тобы Үшқоңыр, Ошақты деген жерлерде бас қосып, қара жұмысқа адам бермеуге пәтуаласты. Үшқоңыр көтерілісшілер орталығы болып, ұсталар қару-жарақ соқты, жігіттер соғыс өнеріне жаттықты. Патша әскері жолдарына қарауылдар қойылып,тосқауылдар жасалды. Сарбаздар Верный қаласына шабуыл жасамақ ниетпен көрші аудандардағы көтерілісшілермен байланыс жасады. Патша үкіметі Түркістан өлкесін соғыс жағдайында деп жариялады. Верный,Жаркент, уездерінде қарулы қақтығыстар болды. Түркістанның генграл-губенаторы Куропаткин мен Жетісудың соғыс губенаторы Фольбаум қарулы отрядтар құруға м әжбүр болды.

Жазлаушы әскерлер көтерілісшілер ғана емес, бейбіт халыққа да аяусыз зәбір жасады. Оларды атты, асты, дүние-мүлкін талауға салды. Қарулы әскерге қарсы тұра алмаған көтерілісшілер Қытай мен Қаш ғар жеріне қашты. Қолға түскен көтеріліс басшысы Бекболатты дарға асты. Жүздеген көтерілісшілер өлім жазасына кесілді.

Осы өлкенің Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов бастаған қарқара көтерілісшілері де тізе бүгіп, оның басшыларын патша жендеттері у беріп өлтірді. Ұзақ Жәрмеңке сарбаздарының алғашқы бас қосқан халық осы күні Ереуілтөбе деп атайды.

Самодержавие құлатылғаннан кейін де патшаның жазалаушы отрядтары қазақ даласында ойран салуын, ал әскери-дала соттары көтерілісшілерге қатаң үкім шығаруын тоқтатпады. Патша үкіметі майданға шақырылған жігіттерді кері қайтаруды кешеуілдетті. Уақытша үкімет әуелі жергілікті тұрғындардан майданға жаңа адамдар алуға әркет жасады.Уақытша үкімет комиссиларының іс-әркеттері феодалдар мен байлар тарапынан үнемі қолдау тауып отырды. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары феодалдар мен ру ақсүйектерінің көмегімен Торғай мен Атбасар далаларында, Ұлытау өңірінде, Жетісу мен Балқаш өңірінде көтерілісшілерді ауыздықтауға бағытталған әрекетітері іске аспады. Патша тақтан құлатылғаннан кейін, қазақ еңбекшілерінің күресі ұлттық, аграрлық мәселелерді шешуде дәрменсіздік көрсеткен Уақытша буржуазиялық үкіметке қарсы бағытталды.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет