Практикалық сабақ № 12-13.
І. Дұрыс жауап беріңіз
Егер Жапоннияның ақша массасының өсу қарқыны АҚШ-тың ақша ұсынысы өсімі қарқынынан төмен болса, онда бұл:
А) Жапониядағы инфляция деңгейінің өсуіне әкеледі.
Б) долларға қатысты айырбас курсының төмендеуіне әкеледі;
В) бағаға қатысты доллардың айырбас курсының төмендеуіне әкеледі.
Г) АҚШ-тағы инфляция деңгейінің төмендеуіне әкеледі;
Д) АҚШ-тың таза экспортының төмендеуіне әкеледі.
Доллардың арзандауы -
А) АҚШ-қа импортталатын тауарлар бағасы американдық тұтынушылар үшін арзандайды.
Б) шет елдік тауар нарығында доллардың сатып алу қабілеті артады
В) шет елдіктер үшін АҚШ экспорты арзандайды
Г) шет елдіктер үшін АҚШ экспорты қымбаттайды.
Д) басқа ситуация орын алады.
3. Номиналды валюталық курс валюталардың сатып алу қабілеті паритетімен анықталады. Бір телевизор АҚШ-та 500 доллардан сатылса, дәл сол телевизор Қытайда 2000 юань тұрады. Юаньнің долларға шаққандағы номиналды айырбас курсын есептеңіз.
4. Егер пайыз ставкасының өсуі мемлекеттік шығындар мен инфляция деңгейінің өсуіне байланысты туындаса, онда ұлттық валютаның құнсыздануын күтуге болады.
Иә Жоқ
Халықарлық валюта рыногында ұлттық валютаның бағасы айтарлықтай төмендесе елдің экспорт пен импорт көлемі қалай өзгереді?
А) экспорт пен импорт азаяды
Б) экспорт пен импорт көбееді
В) экспорт өсіп, импорт азаяды
Г) экспорт азаяды, импорт өседі
Д) экспортта, импортта өзгрмейді.
Евро бағасы 1 евроға 0,5 доллардан 0,4 долларға дейін қысқарады. Германиядағы 150 евро тұратын магнитафон қанша доллар болады?
А) 10 долл. түседі
Б) 7,5 долл. түседі
В) 15 долл. түседі
Г) 15 долл. өседі
Д) 10 долл. өседі.
Орталық Банк ұлттық валютаны девальвацияласа, онда:
А) бұл ел Алтын стандарт жүйесінен бас тартқан
Б) Орталық Банктің алтынды сатып алу бағасы өскен
В) төлем бағасының ағымдағы шотында тапшылықтың өсуі күтіледі
Г) жаңа ақша айналысқа енгізіледі.
Егер елде ұлттық валютаның нақты айырбас курсы өссе, онда:
А) осы ел азаматтары үшін импорт тауарлары арзандайды
Б) таза экспорт қысқарады
В) төлем балансының ағымдағы шотының тапшылығы артады
Г) аталғандардың барлығы да орындалады
Д) аталғандардың ешқайсысы орындалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |