2. Практика сабағы
Практикалық сабақта оқу (жұмыс) бағдарламасы бойынша дайындалған курс сұрақтары талқыланады. Бұл сабақта магистрант өзіне қажетті білік-дағдыларды қалыптастырып, алған білімдерін өздігінен дамыта алады.
Практикалық сабақ төменгі формаларда жүргізіледі:
-бірлескен жұмыс:
-проблема шешу, шешім қабылдау;
-пікірталас;
-дискуссия;
-рольдік және іскерлік ойындар;
- ситуациялық талдау;
-ақпараттардың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау және т.б.
Практикалық сабақта теориялық білімін шыңдауға байланысты тақырыптарға сәйкес құрылған тест сұрақтары, арнайы есептер шығару, қосымша тақырыпқа қатысты сұрақтар қаралады.
Практикалық сабақта теориялық білімін шыңдауға байланысты тақырыптарға сәйкес құрылған тест сұрақтары, арнайы есептер шығару, қосымша тақырыпқа қатысты сұрақтар қаралады.
Мысалы: «Қазақстанның сыртқы саудасының даму көрсеткіштері» тақырыбына оқу тобы арасында байқау ұйымдастыру сабағын өткізу.
Сабақ мақсаты: Студенттерге экспорт-импорт операциялары
Қазақстанның әлемдік тауар рыноктарына қатысуы туралы ақпарат беру.
-теория мен тәжірибелік ұштастықты жетілдіру;
-студенттер арасында сыртқы маңызды жобаларды іріктеу;
-құжаттармен жұмыс жасау мүмкіндіктерін арттыру.
Қазақстанның сыртқы саудасының дамуы байқауы мына бағыттарда өткізіледі:
1.Халықаралық экономикалық операциялар
2.Экономикалық секторлар байланысы
3.Халықаралық экономикадағы елдер тобы
Сабақтың өткізілу түрі жобалар байқауын өткізу. Байқау жарыс, диалог түрінде.
Практикалық сабақ студенттің өзіндік пікірін қалыптастыруға,өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге үйретеді.
Сабаққа қатыспаған магистрант ситуациялық талдаулардыі шешу жағдайында автоматты түрде «0» бағасын алады, қайта тапсыру қарастырылмаған.
Әрбір 6 және 12 апталарда өтілген материалдар, яғни лекциялық және практикалық сабақтар сұрақтары мен тапсырмаларын біріктіретін бақылау жұмысы орындалады. Магистранттар барлығы екі бақылау жұмысын тапсыруы қажет және оны қайта тапсыру қарастырылмаған.
Практикалық сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, практикалық сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді.
Сонымен бірге практикалық сабақтарда төмендегідей жаттығулар орындалады:
Жаттығу №1.
Қай елдікі?
(интеллектуалдық ойын)
Төмендегі фирмалар қандай өнім түрлерін шығарады және ол фирма қай елдікі?
Нестле______________________ Кока-Кола_____________________________
Шелл_______________________________
Боинг_________________________________
Чай Липтон__________________
Сони__________________________________
LG Electronics________________________________ Хенкель_______________________________
KPMG__________________
BASF__________________________________
Файерстоун____________________________ Фиат___________________________________
Л'Ореаль_______________________________- Вазелин________________________________
Ситуациялық талдау
1. Егер Қазақстан Израйльге мұнай сатса, Израйль Қазақстанға станоктар сатса, мұны халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық еңбек кооперациясы немесе өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі деп атауға бола ма? Немесе осы үшеуінің қайсысы?
2. Шет елдік фирма Алматы қаласындағы мейрамхананы жөндеуден өткізді. Халықаралық экономика тұрғысынан, фирма қолданатын тауарлардың қайсысы саудаланатын және саудаланбайтын болып есептеледі?
Жаттығу№2.
Фабрикалық белгілерін іздестіру
(іскерлік ойын)
Шарты:
Оқу тобын 2-ге бөлу керек. 5-10 минуттың ішінде кесте сызып, дәрісхананың ішіндегі 8-10 түрлі заттың атын жазып, олардың қай елден шыққандықтарын көрсету керек. Сол елдерді картадан белгілеп көрсету керек. Топтан бір адам шығып, картаға қарап отырып, қай аймақтың (елдің) өнімін біз көп пайдаланамыз? Неліктен? деген сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Сұрақтар:
Мысалы: дәптер, қағаздан жасалған, Ресейден шығарылған. Неге біз АҚШ-тың дәптерлеріне қарағанда Ресейден шығатын дәптерлерді көп пайдаланамыз?
Ресей нақты осындай қағаз өнімдерін шығаруға маманданған ба? Не себепті деп ойлайсыз?
Іздестіру нәтижелері
№
|
Заттың сипаты (аты, неден жасалған)
|
Өндіруші-ел
|
1.
|
|
|
2.
|
|
|
3.
|
|
|
4.
|
|
|
5.
|
|
|
6.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |