Ұлттық ҚҰҚЫҚ жоғары мектебі (әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)



бет59/113
Дата08.01.2023
өлшемі1,26 Mb.
#165130
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   113
Байланысты:
КР МКТарихы силлабус
1801-11 Сымбат экономика (копия), ZHalpy-fizika 2, Fizikany-o ytu- distemesi 2, 5 Математика 5 сынып 5.4.А Пайыз бөлімі Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу Қосымша 3 Үй жұмысы, Хронический пиелонефрит. Хронический цистит.rtf , Саясаттану д рістері
Сот және сот ісін жүргізу.
Қазақ қоғамында адат бойынша сот билігін хан, сұлтандар және билер жүргізді. Хан мен сұлтандардың қарауында аса маңызды қылмыстық және азаматтық істер жатты. Олардың қатарында барымта, руаралық, ауыларалық даулар, жер дауы, сұлтандар мен билік басындағылардың өлімі, сұлтандар арасындағы даулар болды. Аса маңызды істер билердің араласуымен жүрді және қалың көпшілік алдында өтті.
Қазақ хандығы дәуірінде билерді ешкім сайламаған және тағайындамаған. Билер өз білімі және тәжірибесі арқасында мойындалып, оларға билік сұрап халықгың өзі келетін.
Би өзіне келген істі қарауға міндетгі болды, қарамай тастауға құқығы болмады. Биді тандау талапкердің қолында болды.
Би сотқа жан-жақты дайындалатын. Талапкер мен жауапкер бидің алдына қамшыларын тастап, істі карауға келісім беріп отырады. Қамшы тастаудың үлкен процессуалдық маңызы болды. Одан кейін екі жақ та биден бас тарта алмайтын.
Сот ашық түрде екі жақты, куәлерді тыңдау арқылы жүрді. Сотқа келмей қалған жақтың өкілін бидің зорлап алдыруға қүқығы болды.
Сотқа куәлер тартылды. Ерлі-зайьштылардың бір-бірінің көзіне шөп салғандығын дәлелдеу үшін 4 куә, қалған істерге 2 куә қажет болды. Куәлер бидің алдында ант беруі тиіс болды. Әйелдер, 15-ке толмағандар, шариғаттан хабары жоқтар, бұрын айыпты, ақыл-есі кемдер, қылмысты болғандар куә бола алмаған.
Куәлері болмаған күрделі істерде ант беру институты қолданылған. Антты талапкер мен жауапкер емес, олар үшін олардың беделді әрі белгілі туыстары берді. Егер айыпталушы үшін ешкім ант бермесе, ол жауапты ретінде жазаға тартылган.
Билер сотының шсшімі ауызша түрде көпшіліктің алдында жарияланатын. Сот талқылауы екі жақты "алажіпті үзу" деген дәстүрмен аяқталатын.
Глоссарий (терминдер): әдет, заң, бидің билігі, ереже, жарғы, Қасымханның Қасқа жолы, Есімханның ескі жолы, Жеті Жарғы, жер дауы, жесір дауы, құн, айып, кеңес, даулаушы, жауап беруші, айғақ, жан беру, алажіп, билік, барымта, жаман іс немесе жаман қылық, күнә, жазық, қателік, оқиға, жаман ой немес қастық, күнәкер, азғырушы, көмекші, жаза, өлім жазасы, алты жақсы, тоғыз, бас тоғыз, орта тоғыз, аяқ тоғыз, тоқал тоғыз, айып ат-шапан, рудан қуу, енші, кенже, полигамия, бәйбіше, тоқал, қалың мал, бел құда, бесік құда, қарсы құда, қыз ұрлау, әмеңгерлік, балдыз алу, құда түсу, құйрық-бауыр асату, кит кигізу, күш күйеу, күшік күйеу, жасау, отау, сәукеле, мал, ен, айырбас шарты, жалдау шарты, кепіл, сауын, аманат-мал, жылу, қызыл көтеру, жұртшылық немесе айғайыншылық, соғым беру, сыбаға, асар, конақасы, құдайы қонақ және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет