СӨЖ тапсырмасы: №1 СӨЖ: Реферат. Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат ҚР мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.
Рефератты бағалау критерийлері:
Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі
Қажетті қортындылардың жасалуы
Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы
Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі
Реферат тақырыптары: Қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері.
Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы сот және сот процесі..
Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жазаның түсінігі.
Қазақ әдет-ғұрып отбасы – неке құқығы.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша әйелдер мен балалардың құқықтық жағдайы.
Қазақ әдет-ғұрып меншік құқығы.
Қазақ әдет ғұрып құқығы бойынша шарттар мен міндеттемелер.
Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы би институты.
«Жеті-Жарғы» заңдар жинағы қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көзі ретінде.
№2 СӨЖ: Глоссарий. Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.