Кәсіби оқу / іскерлік / тапсырмасы бірқатар тікелей тапсырманы орындауды
қамтиды. Бұл категорияға жұмысты іздеу, немесе жұмыс орынныдағы
ережелерге бағытталған мәтіндер жатады.
Оқу, яғни
бiлiм алу ережеге сай, арнайы оқытуға арналған. Баспа
материалдары, оқулықтар мен оқытуға арналған интерактивті бағдарламалық
ақпараттар оқудың осы түрі үшін құрастырылған материалдың типтік
мысалдары болып табылады.
Үшіншісі – сұрақтар. PISA халықаралық зерттеуінде оқу сауаттылығы
бағыты бойынша сұрақтардың мынандай түрлері қолданылады: ашық сұрақтар,
жабық сұрақтар, екі типті сұрақтар.
Ашық сұрақтар зерттеуге қатысушылардан ақпаратты
түсіндіруді, өз
көзқарасын білдіруді, ойлауды, талдай білуді, сарапшылық бағаны талап етеді,
анағұрлым толық жауапты бағамдайды.
Зерттеуге қатысушылардың
жабық сұрақтарға берген жауаптары
сарапшылық бағалауды қажет етпейді, оларды автоматты режимде бағалауға
болады. Жабық сұрақтың
классикалық жабық сұрақтар және
күрделі жабық сұрақтар деген түрлері болады.
Классикалық жабық сұрақтар дайын күйінде берілген төрт-бес
нұсқадан бір дұрыс жауапты таңдауды пайымдайтын болса,
күрделі жабық сұрақ, нақты жауап беруді талап етеді. Мысалы: баяндалған оқиғаны уақыт
бірізділігімен орналастыру секілді тапсырмаларды қамтиды (қажетті сандарды
оқиғалардың берілген тізімімен қою). Сұрақтардың сарапшылық бағалауды
қажет етпейтін осы санатына оқырманның өзі бір-екі сөз жазуына тура келетін,
сөзді мәтіннен көшіріп жазу секілді тапсырмалар да кіреді (бұл орайда мәтіннің
ішінде сұраққа дұрыс жауап беретін бір ғана сөз не сөз тіркесі бар болады).