М. А. Галимжанова п.ғ. к., Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, «Өрлеу»



Pdf көрінісі
бет57/85
Дата19.03.2022
өлшемі2,35 Mb.
#136074
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
Байланысты:
Даулетова-Н. (16)

№21-МӘТІН. ГРАФФИТИ 
Мектептің қабырғасын граффитиден арылту үшін тазартып, төртінші рет 
бояғандығын көргенде, менің бойымды ашу кернейді. Шығармашылық 
тамсануға тұрарлық, алайда адамдар қоғамды қосымша шығындарға 
батырмайтын өзін көрсетудің басқа жолдарын іздеуі тиіс.
Неліктен сіздер граффитиді тыйым салынған жерге салып, жастардың 
беделін бұзасыздар? Кәсіби суретшілер өз суреттерін көшеде іліп қоймайды, 
солай емес пе? Оның орнына олар қаржыландыруды іздейді және заңды 
көрмелерде атаққа ие болып жатады.
Менің ойымша, ғимараттар, қоршаулар мен саябақтардағы орындықтар 
өзінше бір өнер туындылары болып табылады. Ал енді бұл сәулет бұйымдары 
граффитимен бүлінген болса, бұл аса қуанатын жағдай емес, оның үстіне сурет 
салудың бұл түрі ауадағы озон қабатын бұзады. Шынымен де, мен осы 
«қылмыскер» суретшілер олардың «өнер туындыларын» баршаның назарынан 
қайта-қайта алып тастаған кезде неліктен абыржитындарын түсінбеймін.
Хельга 
Қандай да бір талғамға назар аудару деген жоқ. Қоғам хабарламалар мен 
жарнамаға толып кеткен. Компаниялардың логотиптері, дүкендердің аттары. 
Көшедегі үлкен, көңіл аударатын плакаттар. Оларды қолайлы деп ойлайсыз ба? 
Иә, көптеген жағдайларда. Ал граффити қолайлы ма? Кейбір адамдар «иә» деп 
жауап берсе, кейбіреулері «жоқ» дейді.
Граффитидің құнын кім төлейді? Ақыр аяғында жарнаманың құнын кім 
төлейді? Дұрыс. Тұтынушы.
Билбордтарды орнатқан адамдар сіздің рұқсатыңызды сұрады ма? Жоқ. 
Граффитидің жасампаздары да солай істеуі керек пе? Мұның барлығы тек 
ақпаратты – сіздің атыңыз, бандалардың аттары және көшедегі үлкен өнер 
туындыларын берудің мәселесі ғана болып табылмайды ма?
Бірнеше жыл дүкендерде пайда болған жолақтар немесе торлы суреті бар 
киімдер туралы ойлаңызшы. Сондай-ақ шаңғы тебуге арналған киім. Үлгілері 
мен түстері суреттер салынған бетон қабырғалардан алынған. Осы үлгілер мен 
түстердің қабылданып, танылғандығының өзі таңқаларлық жағдай, алайда тура 
осы стильдегі граффити қорқынышты деп саналады. Өнер үшін қиын кезең.
София 
 
Жоғардағы екі хат ғаламтордан алынды және олардың екеуі де 
граффитиге қатысты. Граффити – бұл қабырғалар немесе тағы да бір 
жерлердегі заңсыз салынған суреттер мен жазбалар. Төмендегі сұрақтарға 
жауап беру үшін осы хаттардың мәтініне қараңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет